1.Əлеуметтануға кіріспе.Əлеуметтанулық қиял Əлеуметтанулық орта мен əлеуметтанулық мінез-құлық Əлеуметтік институттар


Дарiс-7(2). Девиантты (қалыптан ауытқыған) мінез-құлық, қылмыс және қоғамдық бақылау



бет24/53
Дата11.04.2023
өлшемі199,45 Kb.
#81594
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   53
Байланысты:
1.?ëåóìåòòàíó?à ê³ð³ñïå.?ëåóìåòòàíóëû? ?èÿë ?ëåóìåòòàíóëû? îðòà

Дарiс-7(2). Девиантты (қалыптан ауытқыған) мінез-құлық, қылмыс және қоғамдық бақылау



  • нормалар мен құндылықтарды интернализациялаудың, ресми және щ бейресми әлеуметтік бақылаудың қасақана қылмыс жасау мүмкіндігін төмендететінін түсіндіріп, көрсете алады;




  • девианттымінез-қүлықжәне щ қылмыс терминдерін, осы екі түсініктің өзара байланысын және әлеумепанушылардың қайшылықты белгілі бір жағдаятқа қатысты сипапайтын себептерін анықтай алады;




  • мінез-қүлық пен өзін-өзі бағалаудың нормадан ауытқыған жағдайларын түсіндіру үшін шиеленіс теориясын, ұжымдықтиімділік теориясын, дифференциалды ассоциация, тежеу және ұялту теорияларын қолдануды біледі;




  • жынысы, нәсілі және әлеуметтік табы қылмыс жасау ықтималдығына, қылмысы үшін түтқындалып, сотталуына қаншалықты ықпал ететінін біледі;




  • соңғы30жылдақылмыспенқылмыс қаупінің қалай өзгергенін, шағым айтылмайтын қылмыстар мен «кеңседегі» қылмыстарды тергеуге байланысты қандай қиындықтардың туындағанын біледі;




  • қылмыскерлерді тәрбиелеудің орнына оларды жазалауға баса назар аударудың артықшылықтары мен кемшіліктерін таразылай алады.



Конформизм жэне девианттылық
Әлемдегі әрбір мәдениет нормалар мен құндылықтар жиынтыгын ұсынады және әрбір қоғам сол мәдениетке бағындыру үшін әр мүше- сін әлеуметтендіреді. Соның нәтижесінде біз көбіне қоғам талап еткен істерді істеп, қоғамның дегенімен жүреміз. Бірақ үнемі барлық ереже- ге толық мойынсұнатындар кемде-кем. Бұл бөлімде адамдардың әлеу- меттік нормаларды қалай және не себепті бұзатынын талдаймыз.
Конформизмді түсіну
Адамдардың неліктен ережені бұзатынын түсіну үшін, алдымен көп- шіліктің неліктен көбінесе ережеге бағынатынын түсінуіміз қажет. 2-тарауда айтылғандай, ережеге бағынуға ынталандыратын күштер мен процестер әлеуметтік бақылау деп аталады. Әлеуметтік бақылау үш форма арқылы жүзеге асады;

  • өз-өзімізді іштей бақылау арқылы;

  • бейресми бақылау арқылы: достарымыз бен жақындарымыз ережегe бағынганымызды құптап, ереже бұзғанымыз үшін жазалайды;

ресми бақылау арқылы: мемлекет немесе басқа органдар ереже бұзушылықты тыйып отырады.
Адамдар өз топтарының нормаларын қабылдап, оларды өз сенім жүйесі мен бірегейлігінің бір бөлігіне айналдырғанда өз-өздерін іш- тей бақылай бастайды. Біз дүкен тонаудан, сыныпта қатты кекіруден өз-өзімізді тыйғанда полиция тұтқындайды, я сыныптан шығарып жібереді деп қорыққаннан емес, ішкі құндылықтарымыз бен адами болмысымызға қайшы келетіндіктен ондайға бармаймыз.
Өз-өзімізді бақылауға бейресми қоғамдық бақылау қосылады. Достарымыз, қызметтестеріміз және айналадағы басқа адамдар бізді орынсыз әрекет жасаудан бейресми түрде тыйып отырады. Сондықтан ішкі құндылықтарыңыз шашыңызды тықырлап алып тастауға (егер әйел адам болсаңыз) немесе тырнағыңызды қызғылт лакпен бояуға (егер ер адам болсаңыз) рұқсат бергенімен, достарыңыз безіп, ата-анаңыз сыртқа теппеуі үшін және көршілеріңіз күлмеуі үшін олай істемейсіз.
Ал егер сізді бұлардың ешқайсысы тоқтата алмаса, онда сіз ресми қоғамдық бақылаудан қорыққаннан айылыңызды жиясыз. Мүнда айыппүл салу, жұмыстан не топтан шығару, қамау сияқты әкімшілік жазалар қолданылуы мүмкін. Мектептегі киіну тәртібін бұзған адам мектептен шығарылады, дінбасының айгқанына мойынсұнбаған адам діннен аласталады, ал дүкен тонаған адам түрмеге қамалады.
Әлеуметтік бақылау емтиханда көшіруден бастап кісі өлтіруге дейінгі аралықта, негізінен, өзін-өзі бақылау мен бейресми қоғам- дық бақылауға негізделеді. Жеке адамдар мен топтың құндылықта- рына қайшы келетін әрекеттің алдын алуға қауқары жететін мекеме кемде-кем. Мәселен, көп елде жыныстық азғындыққа бару заңсыз болып саналады және заң бойынша ондай адамдар қамауға алынады не айыппұл арқалайды. Полиция оны түп-тамырымен жоюға қанша тырысқанымен, жоя алмайды. Бүгінде жыныстық азғындықпен ай- налысуды ұят деп санайтындар азайып барады, кинофильмдер мен кітаптарда ондай азғындық төсек қатынасының қалыпты бір бөлігi ретінде сипатталады. Мұндай жағдайда ресми жазалау шараларымен халықты күштеу қиын. Жезөкшелік, марихуана шегу, кәмелетке тол- мағандардың ішімдік ішуі - осының барлыгы, егер халық жұмыла қолдамаса, тек заңның күшімен көндіру мүмкін еместігін дәлелдейді.
Яғни жалган мәжбүрлеу болғанда халыққа үнамайтын норма- лардың өзі күшін сақтайды (Wilier, Kuwabara & Масу, 2009). Жалған мәжбүрлеу адамдар қаламайтын нормаларды орындауға міндеттейді. Мәселен, көп мектептерде гомосексуалдарды басқа бозбалалар үнемі мазақтап, қорлайды, тіпті ұрып-соғады. Алайда бозбалалардың кей- бірі гомосексуалдықтан ешбір сөкеттік көрмеуі де мүмкін. Бірақ олар- ды мазақтамасақ, өзіміз де құқай көреміз деп қорқады. Бір қызығы, осы жалған мәжбүрлеу нормалардың күшеюіне ықпал етіп, тұйық шеңбер түзеді. Мойынсұнуды талап еткен әлеуметтік қысым жалған мәжбүрлеуге алып келеді, ал бүл мойынсұнуды талап еткен әлеумет- тікқысымды одан сайын күшейтеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет