Мектепке дейінгі кезеңде бала психикасы дамуының негізгі бағыттары3-тен 6 жасқа дейінгі аралықты мектепке дейінгі кезең деп есептейді. Бұл кезде бала алғышқы кезеңмен салыстырғанда тез өсіп, салмағы тез артады. Жоғары жүйке жүйесінің дамуы да жоғарылайды, бойының өсуінде де өзгерістер байқалады. Мысалы, 5 жасында 6-7 см-ге артса, 6 жаста 7-8 см өссе, 7 жасында 10см өседі. Баланың кеуде клеткасының өсуіне байланысты аяғы мен дене пропорциясы өзгереді. Бұлшық еттері дамиды, денесі кішкене кезеңмен салыстырғанда сымбатты бола бастайды. Қимыл қозғалысының дамуы бұлшық етінің дамуына үлкен әсерін тигізеді. Сонымен қатар қанайналым жүйесінің жұмысында да өзгерістер байқалады. Жүрегінің көлемі 4 жас пен 1 жасты салыстырғанда 4-5 есе артады. Сәбилік кезеңмен салыстырғанда қан тамырларының соғуы да жиілейді. 5-6 жаста қан тамырларының соғуы төмендейді, бірақ ересек адаммен салыстырғанда баланың қан тамырының соғуы жиі болады. 7 жасқа келгенде бас миы салмағы артады, яғни 3 жаста 1200 грамм болса, 7 жаста 1250 грамм болады. 3 жасқа дейін баланың екінші сигналдық системасының дамуы психикасының дамуына өзіндік сепігін тигізеді. Өйткені бала құрбы-құрдастарымен, айналасындағы үлкен адамдармен жиі-жиі тілдік қарым-қатынаста болады, бұның өзі баланың логикалық ойлауына ерік сапасы мен есінің, қабылдауы мен қиялының, зейінінің дамуына әсер етеді. Соның нәтижесінде баланың алдыңғы кезеңдермен салытырғанда қоршаған ортамен қарым-қатынасы артып, жас кезеңіне тән өзіндік ерекшелігі қалыптасады.3 жастан кейінгі кезең сәбилік кезеңнен мектепке дейінгі өту кезеңі деп есептеледі. Осы кезде бала заттармен өз бетінше әрекет етуге талпынады, бірақ әлі де болса үлкендер тарапынан қамқорлық күтеді. Сөйлеуі дұрыс дамып жетілуіне байланысты, сөзі анық емес, түсініксіз болады.
3 жастан жоғары қарай сөздік қоры дамып, өзінің ана тіліндегі барлық сөздерді меңгеріп, түсінеді, тілдік қарым-қатынасы жоғары сатыға көтеріледі. Ойлауы көрнекі амалдық, бейнелік болып, кейбір мәселені өздігінен шешіп ой қорытындысын шығара алады. Баланың санасының мазмұны күрделеніп, 3 жастың соңына қарай мазмұндық рөлдік ойындар ойнайды. 4 жасқа келгенде денесінің бұлшық етінің күші артып, ептілігі, икемділігі, қозғалысқа икемділігі байқалады. Доптың немесе басқа бір заттарды нысанаға лақтырып қағып алуды үйренеді, бірақ көргені мен естігенін ұзақ есінде сақтап, өз мағынасында тез жаңғыртып бере алмайды. Рөлдік ойындарын да күнделікті көріп жүргендерін ғана бейнелейді. 5 жасқа келгенде қимыл-қозғалысының нақты дамуына байланысты, жүру,жүгіру, секіру, қабырғадан өрмелеу, еңбектеу, шаңғы, шана, велосипед тебуді үйренеді. Үлкендермен еркін қарым-қатынас жасауына байланысты баланың граммматикалық сөздік өоры молайып, тәрбиешінің айтқан сөздерін жақсы түсініп, оған өзінің түсінігі бойынша жауап береді. Осы кезде тәрбиешінің тапсырмасын және қарапайым еңьек әрекеттерін де орындайды. Үлкендердің басшылығымен көптеген әдет-дағдыларды меңгеру де бала психикасының дамуына көп ықпалын тигізеді. Ертегі дәне әңгімедегі кейіпкерлерге өзінше баға беріп, талдау жасайды, соның нәтидесінде қиял, ойлау, есте сақтауының дамығандығын байқаймыз. Бала ұжыммен бірігіп, ойнап, еңбек әрекеттерінің нәтижесінде өзінің жасаған жұмысына эмоциялық баға беріп, эстетикалық талғамы артады.Бала 6 жасқа келгенде ерекше қарқынмен дамып, дене бітімі күрделенеді,Барлық органдарының жұмыс істеу қабілеті артады, оқу әрекетін орындағанда да, қағаз-қарындашпен де еркін әрекет ете алатын болады. 6 жасқа келгенде сөздің тура және жанама мағынасын түсінеді. Бұл жаста ойынның мазмұны күрделеніп, өмірдегі барлық шындықты бейнелеуді көздейді.
Баладың жүйке жүйесінің күшті немесе әлсіздігін өмірдегі мынадай көрсеткіштер дәлелдейді. Оның ұйқысының тыныш болуы, тез ұйықтауы немесе тыныш ұйықтай алмауы, қатты ұйықтауы сол сияқты жүйке жүйесі күшінің жылдам немесе жай қалпына келмеуінен де байқалады. Бала ашыққан кезде өзін қалай ұстайды, оны уақытымен тамақтандырып отырмаса айқайлап жылап немесе көңілсіз, әлде тыныш бола ма соған да байланысты, яғни сыртқы ортаның әсер еткен әр түрлі тітіркендіргіштеріне мидың төзімділігі тепе-теңдігі, бір қалыптылығымен де жауап қайтарады. Жүйке жүйесінің күнделікті өмірдегі негізгі көрсеткіштері ұстамдылық, тұрақтылық, тыныштық, көңіл-күй қалпының өзгеруімен жіне бірден жарқырап қуанып, жабырқап, қайғыруынан байқалады. Сөзі мен қимыл-қозғалысының біркелкі болмауы да осыған мысал бола алады. Жүйке жүйесінің қозғыштығының көрсеткішіне өзін қоршаған ортаға жаңаны тез қабылдап, бағдарлай алуы,өмірдегі өзгерістерге тез бейімделуі, естеліктер мен дағдыларды тез игеруі көпшілік ортада өзін еркін ұстап, жаңа ортаға тез бейімделуі, жан-жақты қабілеттілік әрекетінің бір түрден екінші түрге тез ауысуы, еске тез сақтап, қайта жаңғырта алуы, шапшаң қимылдап тез сөйлеу, сезгітікті пайда болуы мен көрінуі де жүйке жүйесінің қызметіне байланысты. Жүйке жүйесінің әсерлегіштігі сырттан әсер ететін тітіркендіргіштерге жауап беру қабілеттілігінен де көрінеді. Кейбір балаларды ашуланшақ, күгелек, шыдамсыз десек, енді біреулердің қуанғаны да, ренжуі де түсініксіз дейді, Енді біреулерді икемді, етпі десек, оған қарама- қарсы ебедейсіз, олақ, бейімділігі жоқ та балалар бар. Бұл қасиет баланың сыртқы әрекеттердің әсеріне оңай бейімделе алмауынан, көп күш жұмсауынан көрінеді
Орыстың көрнекті ғалымы Лев Семенович Выготскийдің психология ғылымында ерекше орын алатын бала дамуының жақын арадағы аймағы теориясы бойынша, ЖАДА баланың психикасын, оның жан дүниесінің дамуын, ақыл-ой деңгейін өрістетіп, оны жетілдіруде шама-шарқы жетерлік оқу-білім алуға, оны ездігінен ойлантып-толғантуға, әрбір зат пен құбылыстың мазмұн-мағынасын пайымдап білуіне жетектеп отырады. Бала оқу-тәрбие үстінде өз санасын неғұрлым күрделендіріп, заттар мен құбылыстар арасындағы себепті байланыстарды зерделеп танитын міндеттерге машықтанады.
Л.С.Выготскийдің мамандығы әдебиетші болса да психология ғылымына ерекше зер салып осы саладағы еңбектерін материалистік ілімінің методологиялық принциптері тұрғысынан іздестіреді. XIX ғасыр аяғы мен XX ғасыр басында қарқынды дамыған бүкіләлемдік психология ғылымының сан-салаларынан жарық көрген шетелдік ғалымдардың зерттеулерін сын көзімен қарап, оларға талдау жасап, XX ғасыр психологиясының дамуына орасан зор үлес қосты. Выготскийдің жан-жақты білімі мен жеке басының дарындылығы психология саласында материалистік көзқарастарына негізделген жаңа теориялық тұжырымдар жасауға даңғыл жол ашты.