1емтихандық билет


Балалар психологиясының зерттеу әдістері –



бет16/22
Дата22.05.2023
өлшемі116,53 Kb.
#96180
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   22
Байланысты:
кесілмеген Т-41- психология ГОС

Балалар психологиясының зерттеу әдістері – баланың дамуын сипаттайтын фактыларды анықтау тәсілдері.
Бала психологиясында жалпы психологияның негізгі әдістері жас ерекшеліктеріне орай өзгертіліп қолданылады.
Балалар психологиясын зерттеудің негізгі әдістері – бақылау және эксперимент.
Бақылау – кішкентай баламен жұмыс жасауда таптырмайтын әдіс. Баланың мінез-құлқының барлық ерекшеліктері қызықтырған кезде, тұтастай бақылау болады, бірақ көбінесе бақылау таңдаулы болады. Бақылау – күрделі әдіс, оны қолдануға бірнеше талаптар бар.
Бақылау кезінде зерттеуші баланың мінез-құлқын табиғи жағдайда белгілі бір мақсат көздей отырып қадағалайды және көріп байқағандарын көзден таса қылмай есепке алады. Бақылаудың табысты болуы оның мақсатының қаншалықты дұрыс тұжырымдалғандығына байланысты. Егер зерттеуші бақылау басталмас бұрын бала мінез-құлқының қай жағына көбірек көңіл аударуы керек екенін анықтап алмаса, онда әсері бытыраңқы, тұрақсыз болады.
Өзін бақылап жүргенін бала сезбеуге тиіс. Әйтпесе ол табиғилығын және еркіндігін жойып алады да, оның мінез-құлқы өзгеріп кетеді. Сондықтан бақылауды бала үйреніскен, баламен күнделікті болып жүрген адамның жүргізгені дұрыс.
Бала психологиясын зерттеудегі негізгі әдістердің бір түрі байқау әдісі.
Белгілі жоспар бойынша жүйелі түрде біраз уақыт бойына зерттелуші адамның психикалық ерекшеліктерін қадағалауды байқау әдісі деп атайды. Байқау,әдетте, табиғи жағдайда, зерттелінуші
адамның әрекетіне әдейі араласпай-ақжүргізіледі. Осы әдіс арқылы зерттелінушінің мимикасын (бет құбылысын), сөз реакцияларын, түрлі қозғалыстарын, мінез- құлқын, жалпы әрекетін байқауға
олады. Сондай-ақ адамның ерік күші, сезім ерекшеліктері, темпераменті де байқау әдісі арқылы ажыратылады. Мысалы, мектептегі оқушының ойлау және сөйлеу ерекшеліктерін зерттеу керек болса, ол үшін зерттеуші оқушының әрбір сабақ үстіндегі жеке сөздерін, сөйлемдерінстенографиялап, күнделікке түсіреді, кейін оны тиянақты түрде талдайды да, тиісті қорытынды шығарады. ғылыми зерттеу жұмыстарының түрлі ерекшеліктеріне қарай байқау әдісінде
кейде аспаптар да қолданылады. Мәселен, зерттелінетін объектіні суретке түсіру үшін-фотоаппараттар, зерттелінуші адамның сөз тіркестерін жазып алып, кейін оны пластинка бойынша
қайтадан жаңғырту үшін магнитофон т. б.
Байқау әдісінің нәтижелі болып шығуы үшін қолданылатын қажетті кейбір шарттар:
1) Байқаудың ұзақ уақыт бойына жүргізілуін және бір фактінің өзі бірнеше рет қайталанып зерттелінуін қамтамасыз ету;
2) Зерттелетін объектіні айқын белгілеу және байқаудың мақсатын түсіне білу қажет. Мысалы, байқау объектісі ретінде сабаққа нашар студентті алатын болсақ, мақсатымыз – оның сабақ дайындау
кезіндегі ой жұмысының кейбір ерекшеліктерін білу;
3)Байқалған фактілерді сол сәтте жазып отыру, зерттелінушінің сөз реакцияларын стенографиялау; кейін оған мұқият талдау жасау; басты фактілерді іріктеп алу – осы әдіске қойылатын негізгі талаптардың бірі.
Сан рет жүргізілген байқаудың нәтижесіне байланысты (егер байқауға
студент алынған болса) ұстазбен бірлесе отырып, студенттің оқу әрекетін одан ары жақсарту үшін нақтылы шаралар белгіленеді. Байқау әдісі арқылы оқу- тәрбие процесінің әр кезеңдерінде ұстаз
студенттердің сабақ үлгіруі мен тәртібіндегі ерекшеліктерді білуіне, кейін оларды жақсарта түсу женінде тиісті шаралар белгілей алуына болады. Бұл әдіс адамдардың психология-лық
ерекшеліктерін зерттеуде өте көп қолданылатын әдістердің бірі.Байқау әдісінің кейбір кемшіліктері де бар. Біріншіден, зерттеуші мұнда өзіне керек құбылыстарды әп-сәтте зерттей алмайды да, көп уақытын жіберіп алады, екіншіден, байқауды әр уақытта тыңғылықты, ойлағандай ұйымдастыруға
жағдай болмай да қалады. Бұл әр түрлі кездейсоқ объективтік (байқауға алынған адамның сабаққа келмей қалуы), субъективтік (бақылаудың қиынға соғуы, зерттеушіде бақылағыштық қасиеттің
жоқтығы т.б.) себептердің кездесетіндігіне байланысты. Осы айтылғандарға қарай бұл әдістің ғылыми деректері кейде кемірек болады. Байқау әдісіне қарағанда жан қуаттарын эксперименттік жолмен зерттеудің біраз артықшылығы бар. И. П. Павлов: "Байқау табиғаттың ұсынғанын жинайды,
ал тәжірибе табиғаттан өзінің тілегенін алады",- деп тегін айтпаған
2. Мектеп жасына дейінгі балалардың таным процестерін және мектепке дайындығын анықтауға арналған әдіс-тәсілдерді таңдаңыз.

21 ЕМТИХАНДЫҚ БИЛЕТ



  1. Мектепке дейінгі жастағы балалардың психикалық даму және оқыту мазмұнының маңызын ашып көрсетіңіз. «Таяудағы даму аймағы» түсінігіне мінездеме беріңіз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет