Зерттеу обьектісі:Көне түркі жазба ескерткіштері мен руникалық жазудың шығу және зерттелу тарихы.
Зерттеу мақсаты мен міндеттері:Көне түркі жазба ескерткіштерін зерттеу арқылы , түркі халықтарының тарихы мен мәдениетіне қол жеткіземіз.Түркі ескерткіштері Орхон-Енесей, Талас жазба ескерткіштері және Білге, Тоныкөк, Күлтегін ескерткіштері түркілердің тарихы жайлы сыр шертеді.Ескерткіштерде қағандардың білгірлігі мен даралығы, Тоныкөктік батырлығыжәне түркі тайпалары солардың ішінде оғыз, тоғыз-оғыз, құрықан, қырқыз, отұз татар, ұйғыр, қарлұқ, түргеш, үч құрықан сияқты түркі этностарымен қатар, моңғол-манжұр тектес ру тайпалар және де, бөклі челлік ел, түпүт, пұрұм, тағбач т.б отырықшы елдердің тарихы мен мәдениеті туралы деректер келтірілген.Қазақстан жерінен табылған көне түркі руникалық жазба ескерткіштердің шығу және зерттелу тарихына шолу жасау.Қазіргі түркі тілдеріне қатысы жөнінде зерттеушілердің еңбектеріне тоқталу.
Курстық жұмыстың әдістері:Курстық жұмысты орындау барысында материалдар жинау, талдау, түсіну және де салыстыру әдістері қолданылады.Мысалы:әр көне түркі ескерткіштеріне тоқталып олардың шығу тарихын зерттеу және оларды ашқан зерттеуші ғалымдардың еңбектеріне, жеке тоқталу әдістері жүргізіледі.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы:Көне түркі жазба ескерткіштерін зерттеу, түркі халықтарының мәдениетін, тарихын, тілін танып білуге тікелей жол ашады.Түркі халықтарының тарихын зерттегенде көзге түсетіні, осы көнетүркі жазба руникалық ескерткіштері.Көне түркі жазба ескерткіштерінің көптеп табылған аймақтары – Оңтүстік Сібір, Моңғолия, Қазақстан мен Қырғыстанның далалы және таулы аймақтары.Жазба ескерткіштердің 200-ге жуығы тасқа қашалып жазылған ал қалған нұсқалары қорғандарда металлдан, саз балшықтан күйдіріліп жасалған бұйымдар ретінде табылған.Зерттеу жұмыстары кезінде көне түркі тайпалары руникалық жазуды VII-IX ғасырларда кеңінен пайдаланғаны белгілі болды.
Курстық жұмыстың құрылымы:Курстық жұмыс кіріспе және екі тараудан, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.