Тоныкөк ескерткіші – 1897 жылы Д.Клеменец Селенгі өзені бойынан тапқан. Бұл жазуды 750 жылдар шамасында ашина тайпасынан шыққан Тоныкөк орнатқан.Ол Төбехан мен Қапағанға, содан кейін Могиялға уәзір болған.Білге қағанның қайынатасы, қайтыс болған жылы белгісіз.Кейбір деректерде 716 жылдан кейін қайтыс болған деп көрсетіледі.Тоныкөк ескерткішінде жалпы саны 313 өлең жолынан тұрады.Жырдағы оқиғалар желісін зерттеуші ғалымдар төрт хикаяға бөліп қарастырған.Тоныкөк жазба ескерткішін қазақ әдебиеті саласында ең алғаш рет зерттеген М.Жолдасбеков.Тоныкөк жазба ескерткішінде қанаты сөздер, мақал – мәтелдер, афоризмдер бертін келе қазақ ақын-жыраулар поэзиясында өзіндік көркемдік дәстүр жалғасын тапты.
Шұғай құзында, Қарақұмда отырушы едік,
Киік жеп, қоян жеп отырушы едік.
Ел тамағы тоқ еді.
Жауымыз жыртқыш құстай еді,
Біз жемтік едік.
Осылай отырған шақта оғыздардан елші келді.
Елші сөзі мынадай:
Тоғыз – оғыз халқына хан сайланды, - деді.
Тағбаштарға Күн Сеңүнді жіберді,
Құтандарға Тоңра Семді жіберді...
Тағбаштар түстіктен шабыңдар!
Құтандар, шығыстан шабыңдар!
Мен терістіктен шабайын!
Түрік сир бодан жерін жат баспасын!
Сол дұшпанды жояйық) – депті.
Осы сөзді есітіп,
Түнде ұйқым келмеді,
Күндіз отырғым келмеді, - Тоныкөк ескерткішіндегі жырдан үзінді[5,36].
2 КӨНЕ ТҮРКІ РУНИКАЛЫҚ ЖАЗБА ЕСКЕРТКІШТЕРІ
Алғашқы әріп жазуының бір тармағы – руникалық көне түркі алфавиті болып табылады.Алфавитпен жазылған ескерткіштер көне түркі тайпаларының мәдениеті мен білім өресінің көрсеткіші.Руникалық жазу ескерткіштері табылған аймақтар:Сібірдегі Есеней, Лена өзендерінің аңғарлары, Моңғолиядағы Орхон, Онгин, Селенга өзендерінің алқабы,Орта Азия мен Қазақстандағы Талас пен Сыр бойы, Ертіс пен Іле қойнауы.Жазу таңбаларын ғалымдар алғашқы табылған жердегі өзен аттарымен Орхон – Енесей немесе сыртқы нұсқалық көрінісі жағынан Скандавия руналарына біршама ұқсас болғандықтан «руникалық» деп атап кеткен.Көне түркі тіліндегі руникалық жазулар тек тастарға қашау әдісімен ғана емес, үй жиһаздары , түрлі бұйымдарға ойылып жазылған.Саз балшықтан ыдыс - аяқтар мен құмыраларға кескінделген руникалық бірнеше жазулар Ферғанада және Дон өзенінің құйылысынан табылды.Алтай мен Хакасиядағы ескі мола қорымдарын қазғанда , археологтар алтын, күміс табақтар мен құмыра, тостаағаншаларға және күміс қапсырмаға ойылған руникалық жазулары бар қазбалар тапты.Кең тараған руникалық жазудың Шығыс Түркістаннан VIII – IX ғасырда қағазға жазылған нұсқаларын XX ғасырдың бас кезінде ұйымдастырылған археологиялық экспедициялар айқындады.Одан бөлек Алатаудың оңтүстік оңіріндегі Талас алқабынан ағаш таяқшаға ойып жазылған нұсқасы табылды.Руникалық көне түркі алфавитінің құрамында 35 әріп бар.Түркі тілдес тайпалардың тұңғыш әріптік жазуы болған руникалық алфавиттің шығу тегі әлі күнге дейін белгісіз Профессор В. Томсен көне түркі алфавиті арамей (парсы – арамей және арамей – соғды)әріптік жазуынан шыққан деген жорамал келтірді.Ал екінші бір ғалымдар (Н.Аристов, А.Дж Эмре, И.А Батманов) бұл ешбір бөгде алфавиттің ықпалынсыз-ақ өздігінен жасалып , түркі таңбалары негізінде туған төл жазу деп санайды.1970 жылы іле өңірінің тау бөктеріндегі Есік қаласы іргесінен сақ дәуірінде салынған үлкен қорым табылды.Қазу жұмысына жетекшілік еткен – К. Акышев. Мазардың ішінде алтынға бөленген жауынгердің мәйіті, дулығасы, алтын сапты қанжары мен семсері , түрлі ыдыс-аяқ және руна тәріздес жұмбақ жазуы бар күміс тостағанша табылды.Күміс тостағаншаның сыртқы жағына ойылған руна тәрізес 26 таңба екі жолға жазылған.Күміс тостағаншадағы осы таңбалар, біріншіден көне түркі руникалық таңбаларына ұқсас,екіншіден Жерорта теңізі төріндегі көне алфавиттік таңбаларға (көне грек пен аремей әріптеріне)үйлеседі.Көне түркі руникалық таңбаларының шығу тегі юасқа көне алфавиттердің шығу тарихымен тамырлас.Көне түркі руникалық таңбаларының шығу тегі басқа көне алфавиттердің шығу тарихымен тамырлас.Көне түркі алфавиті Оңтүстік Сібір және Жетісу жерінде ерте дәуірде яғни 1 мыңжылдықта қалыптасқан деген пікір бар. Руникалық жазудың түпкі негізі біздің заманымызға дейінгі III-IIмыңжылдықтағы идеографиялық немесе алфавиттік жазу болуы ықтимал.Жалпы қорыта айтқанда көне түркі руникалық жазуы 1500 жыл бойы қолданған төл жазу[6,39-43]
Достарыңызбен бөлісу: |