1ескі түркі жазба ескерткіштері


Күлтегін – Тоныкөк ескерткіштері



бет6/10
Дата04.04.2023
өлшемі462,17 Kb.
#79341
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Янгибоева 2 курс истказписьма docx

1.3 Күлтегін – Тоныкөк ескерткіштері
Күлтегін жазба есткерткіштері – Орхон жазба есткерткіштерінің ішіндегі мазмұны мен көлемі жағынан ерекше саналатын көне түркі жазбаларының бірі.Ескерткішті ең алғаш рет орыс ғалымы –Н.Я Ядринцев тапты.Кейінірек 1890 жылы Г.Гейкель бастаған басфин – угор қоғамының,1901 жылы В.В Радлов бастаған орыс ғылым экспедициясы, ескерткіш табылған жерге барып зерттеу жүргізіп қайтты.1902жылы Учжоудағы ағылшын консулы К.Кэмпбелл култегін ескерткішіне зерттеу жұмысын жүргізді.Кейінірек 1902 жылы француз саяхатшысы Ля Кост , одан кейін 1912 жылы В.Л Котвич зерттеу жүргізді.
Күлтегін жырында сегіз оқиға баяндалады:
Біріншісінде:Қағанның өз халқына қарата айтқан үндеуі,
Екіншісінде:Түрік Қағанаты жерінің кеңдігін суреттейді,
Үшіншісінде:Түркілердің әскери жорықтары,
Төртіншісінде:Көршілес табғаштардың қастандық әрекеттері туралы әңгіме,
Бесіншісінде:Табғаш тайпасымен қатысу түркілерге қауіпті екендігі жөнінде,
Алтыншысы:Түркі халқының болашақты болжай алмауына өкіну,
Жетіншісі:Түркі халқының даңқын асырған қаған жөнінде,
Сегізіншісінде:Осы ескерткішті жыр қып жазуға түрткі болған жағдайларға тоқталады[9].
Күлтегін Құтлығ қағанның кіші ұлы.Жазба ескерткіште тарихи оқиға баяндалады.Нақтырақ айтқана онда Шығыс түрік қағанатының аты мен құрамында болған тайпалар мен олардың мәдениеті жазылған.Күлтегін ескерткішінің пішіні – пирамида тәрзді.Биіктігі 3,15м, ал ені 1,24м ,қалыңдығы 0,41м .Ескерткіштің жоғарғы жағы бес бұрыш.Қырларында айдаһардың суреттері мен қаған таңбалары бейнеленген.Екінші жағында ескерткіштің орнатылған күні – 1тамыз,732 жыл деп жазылған .Ескерткіште қытай жазуның оң жағында екі жол түркі жазуы бар.В.В Радловтың айтуынша бұл жазуды Білге қаған өзі жазған.Ескерткіштің бір беті түгелдей таңбаш жазуымен, ал қалған үш беті көне түркі Орхон – Енесей жазуымен толтырылған.Ескерткіштің бетіндегі қытай жазуы 732 жылы қытай императоры Хиуен – Цунг тарапынан бедерленген. Қытай жазуы алғаш орысша, французша, содан кейін неміс, ағылшын кейінірек түрік тілдеріне аударылды.Ескерткіштегі қытай жазуы «Марқұм Күлтегін жазуы» деген мағынаны білдіреді делінген Ескерткіштің негізгі бетінде 40 жол жазу бар, ол сол жақ бетіндегі 13 жол жазудың жалғасы болып есептеледі.Түркологиялық әдебиеттерде 40 жол жазу «Үлкен жазу» (КТб) деп, ал 13 жол жазу «Кіші жазу! (КТм) деп аталады.Кіші жазу сол үлкен жазудың кіріспесі болып келеді[10].
Үлкен жазу.Бұл ескерткіш Могилян тарихынан (683-734) арналған жылнамалық эпитафия.Үлкен жазуда ескерткіштің салынған мерзімі «саймыл жылы, жетінші ай, жиырма жетінші күн» деп дәл көрсетілген.Л.Н Гумилев тарихи оқиғаларды ескере келе, ескерткіште 732 жыл көрсетілсе де жазу 720 жылға дейін 717-718 жылдары жазылған деген пікір қалдырды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет