Билл және МелиндаГейтстер қоры — әлемдік ірі қайырымдылық қоры, ерлі-зайыпты Билл және Мелинда Гейтстер негізін қалап құрған. Қордың басқару тобында Уоррен Баффетте бар
Басты мақсаты денсаулық сақтау жүйесін жақсарту, сонымен қатар кедей елдердегі аштықпен күресу. Қордың қаражаты ВИЧ/СПИДты емдеу және алдын алумен қатар туберкулез, маляриямен ауруларымен күресу, Үндістандағы және Африкадағы балаларға иммундық екпелер егу және т.б. шаралар.
Дүниежүзілік жабайы табиғат қоры (ағылш. World Wildlife Fund, қысқ. WWF) — ресми түрде тек АҚШ пен Канада ескі атауын сақтап, қазір белгілі халықаралық үкіметтік емес ұйым. Дүниежүзілік жабайы табиғат қоры - 1961 жылы құрылған жабайы табиғатты, қоршаған ортаны қорғау, сақтау және қалпына келтіру саласында жұмыс істейтін Халықаралық үкіметтік емес ұйым. Ол дүниежүзінде 5 миллионнан астам жақтаушысы бар, әлемнің 100-ден астам елінде жұмыс істейтін[1], жер бетіндегі 3000[2]-ға жуық табиғатты қорғау және сақтау жобаларын қолдап келе жатқан әлемдегі табиғатты қорғау саласында жұмыс істейтін ең ірі тәуелсіз ұйым болып табылады
WWF миссиясы - Жердегі табиғи қоршаған ортаның деградациясын тоқтату және биологиялық әралуандылықтың сақталуын қамтамасыз етіп, адам және табиғат арасындағы үйлесімге қол жеткізу. Сондай-ақ, жаңартылатын табиғи ресурстардың қолданысын қадағалау, әрі қоршаған ортаның ластануы мен тұтыныс ысырапшылдығының деңгейін азайту - ұйымның алдына қойған негізгі мақсаттарына жатады.
Дүниежүзілік жабайы табиғат қорыныңнышаны - үлкен панда жануары.
Қазақстандағы үкіметтік емес ұйымдар Үкіметтік емес ұйымдар (қоғамдық) туралы заң 2006 ж. Пайда болды, №1 4-бап «Мемлекет және қоғамдық бірлестіктер»
"Мемлекет қоғамдық бірлестіктердің құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын қамтамасыз етеді.
Мемлекеттің қоғамдық бірлестіктер істеріне және қоғамдық бірлестіктердің мемлекет істеріне заңсыз араласуына, қоғамдық бірлестіктерге мемлекеттік органдардың міндеттерін жүктеуге жол берілмейді.
Қоғамдық бірлестіктер мемлекеттік органдармен ынтымақтасуы және өзара іс-қимыл етуі, олармен келісімдер жасасуы мүмкін, мемлекеттік органдармен шарттар бойынша олар үшін заңдарда көзделген белгілі бір жұмыстар орындауы мүмкін."
"MediaNet Халықаралық журналистика орталығы", "Құқықтық медиа орталығы", "Азаматтық сараптама", "Еркіндік қанаты", Eurasian Digital Foundation, Digital Paradigm қорлары және Internet Freedom Qazaqstan тәуелсіз құқық қорғау тобы.
Freedom House халықаралық ұйымының әлем елдерінің интернет еркіндігіне баға берген 2022 жылғы есебінде Қазақстан "интернеті еркін емес" мемлекеттер қатарында қалды. "2022 жылы қаңтарда билік тәуелсіз жаңалық сайттарын жапты, оның алдында интернет толық өшіріліп, арасында ішінара бір істеп, бір өшті. Билік төтенше жағдай жариялаған шақта билікпен байланысты бірнеше ақпарат агенттіктері ғана ақпарат таратты" деп жазылған ұйым есебінде.
Қазақстандағы ҮЕҰ қызметінің тарихына көз жүгіртіп, елімізде тұңғыш құрылған үкіметтік емес ұйым ретінде «Семей-Невада» қозғалысын атап көрсетті. Тәуелсіздік жылдарынан бері елімізде олардың қызметі қарқын алды. Соның нәтижесінде, қазіргі таңда Қазақстанда 19 мыңнан астам ҮЕҰ тіркеліп, онда 30 мыңға жуық адам жұмыс істейді. Мемлекеттік хатшының сөзіне сүйенсек, үкіметтік емес ұйымдар Астана, Алматы қалаларында және ОҚО-да белсене қызмет атқарады.
Мемлекеттік хатшы ҮЕҰ-дарға бөлінген қаражат пен олардың атқарған жұмыстарының есебіне тоқталды. Сондай-ақ, елдің дамуына үлес қосып жүрген бірқатар үкіметтік емес ұйымдардың қызметін жоғары бағалады.
«Осы сыйақы – ҮЕҰ-дардың қызметін мемлекеттің бағалауы. Олардың маңызды әлеуметтік мәселелерді шешуге қосқан үлесі мол. Солардың кейбірін атап өтуді жөн көріп отырмын. Мәселен, Алматыда Серікқазы Кәкібаланұлының бастамасымен құрылған «Қазақ интернеті» қоғамдық қоры 2005 жылдан бері қазақ интернетін дамытуға елеулі үлес қосып, бес жүзден астам интернет ресурс жасады. Қор жасаған ресурстар ішінде «Егемен Қазақстан», «Ана тілі», «Қазақ әдебиеті» секілді сайттар бар», деді Г.Әбдіқалықова.
Дін істері және азаматтық қоғам министрі Н. Ермекбаев өз кезегінде үкіметтік емес ұйымдардың елімізде атқарып жатқан маңызды рөліне тоқталды. Оның айтуынша, әлеуметтік маңызды мәселелердің оң шешімін табу барысында ҮЕҰ-лар мемлекеттің таптырмас серігіне, сенімді әріптесіне айналып отыр.
«Қазақстан КВН одағы» республикалық жастар қоғамдық бірлестігі, «Ардагер» қоғамдық бірлестігі, «Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиаттарының қауымдастығы» секілді белді ұйымдар бар.