55.Қазақстан тәуелсіздігінің алғашқы жылдарындағы көші-қон саясатының ерекшеліктерін түсіндіріңіз. Тәуелсіз Қазақстандағы көші-қон саясатының ерекшеліктері. Көші-қон мемлекет халқының санына, ұлттық құрамы мен қоныстануына, табиғи қозғалыстың үдерістеріне әсер ететін маңызды факторлардың бірі болып табылады. Сонымен қатар көші-қон еліміздегі ауыл мен қала тұрғындарының өзара үлес салмақ өзгерістерінде, әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуде және ұлттық қауіпсіздік жағынан маңызды рөл атқарады.
Көші қон саясатының негізгі ерекшеліктері:
Экономиканың жекелеген салаларына мерзімдік жұмыс күші ретінде шетелдіктерді уақытша тарту
Өндіріске инновация мен жаңа технологияны енгізу мақсатымен біліктілігі жоғары қызметкерлерді тұрақты қызметке тарту
Өндіріс қуаты мен қызметкерлердің мамандылық деңгейін көтерудің ұлттық бағдарламасын жүзеге асыру үшін шетелдермен мамандар алмасу
«Нұрлы көш» (2008ж) бағдарламасының негізгі мақсаты – шетелдердегі қандастарымызды және еліміздің оңтүстік өңірінен солтүстік өңіріне қазақтарды ұтымды қоныстандыру.
Бала туу деңгейі төмен және жұмыс күшінің тапшылығы бар өңірлердегі кадр мәселесін шешуде «Серпін»(2014ж) атты бағдарлама да сәтті жүзеге асырылып, үлкен маңызға ие болды.
56. “Ұлы Жібек жолының Қазақстандағы қалалардың пайда болуы мен дамуындағы рөлін талдаңыз” Ұлы Жібек жолы – елдер мен алықтардың қатынасын нығайтқан, түрлі мәдениеттерді бір-бірімен жақындатқан, Қазақстан жеріндегі қала мәдениетіне ықпалын тигізген байланыс жолы болды. Б.з.б. ІІ ғасырда Қытай жерінен басталып, Жерорта теңізіне қарай шыққан. Ұлы Жібек жолының негізгі торабы Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу жерін басып өткен.
Тараз – түргештер, кейін қарлұқтар мен қарахандықтар үшін маңызды әкімшілік орталығы саналған. Бұл – Тараздың сауда және әскери стратегиялық маңызды қала екенінің айқын дәлелі.
Жетісудың аса ірі сауда және әкімшілік орталығы Суяб – Батыс Түрік, кейін Түргеш, Қарлұқ қағанаттарының астанасы болды.
Ұлы Жібек жолы бойындағы ірі қалалар қатарында Испиджаб (Сайрам) аталады. Орта ғасырларда Испиджаб сауда және дін орталығына айналды. Қалада теңге сарайы, базарлар, мата сататын орындар (тимдер) және керуен-сарайлар көп салынған. Қаладағы керуен-сарайлар жолаушы көпестер үшін маңызды рөл атқарды.
Ұлы Жібек жолы бойындағы атақты қалалардың бірі – Отырар (Фараб). Орта ғасырларда Отырар Сыр өңірінің ірі сауда және мәдениет орталығына айналды. Қалада монша, мешіттер мен медреселер көп тұрғызылған. Отырарда Шығыстың екінші ұстазы Әбу Насыр әл-Фараби дүниеге келді.
Ұлы Жібек жолы тармағында көне Түркістан (Йасы) қаласы орналасқан. XIV ғасырдың соңы – XV ғасырдың басында қала Оңтүстік Қазақстан өңірінде маңызды әкімшілік, сауда, саяси және мәдени орталық ретінде санала бастайды. Ол әйгілі ғұлама Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің тұрғызылуымен байланысты еді. Қазақ хандары Түркістан қаласын саяси астана ретінде бекітті.
Ұлы Жібек жолы тармақтарының Қазақстан жерін басып өтуі ірі және шағын қалалардың құрылуы мен дамуына игі әсер етті.