88. «Көшпенділер әлемдік тарихи үдерістердің барысына елеулі әсер етті». Сіз бұл тұжырыммен келісесіз бе? Өз жауабыңызға дәйектер мен дәлелдер келтіріңіз.
Бұл тұжырыммен келісемін. Б.з.б. І мыңжылдықта Ұлы Дала көшпелілері Шығыс пен Батыстың отырықшы- егіншілік өркениетімен тығыз қарым-қатынас жасады. Киммерліктер мен скифтердің Алдыңғы Азияға, парсылардың сақтар мен скифтерге жасаған жорықтары, сақтардың парсы әскері құрамында грек-парсы соғысына, Марафон шайқасына қатысуы, көшпелілердің Александар Македонский әскерімен және қытайлармен соғысы, Ұлы Даланың шығысында көшпелі ғұндар мен юэчжий мемлекеттерінің құрылуы, ғұндардың ықпалымен халықтардың Ұлы қоныс аударуының басталуы- көшпелі өркениеттің әлемдік тарихқа тигізген әсері болып саналады.
89. «Салт-дәстүрлер қазақ халқының рухани және адамгершілік құндылықтарының көрінісі болып табылады». Сіз бұл пікірмен келісесіз бе? Өз жауабыңызға кем дегенде екі дәйек пен дәлел келтіріңіз.
Қазақ қоғамы-осы күнге дейін, көбінесе дәстүрлі, яғни дәстүрмен байланысты қоғам. Дәстүр- қоғамның барлық мүшесіне ұсынылатын, мінез-құлық пен белгілі бір жөн-жоралардың атқарылуынан көрінетін топтық тәжірибе. Дәстүрлі қоғамда жеке тәсілдің мүмкіндігі шектеулі болып табылады. Дәстүрдің әдет- ғұрыптарға қарағанда, өресі әлдеқайда кең, тұтастай қоғамға таралады. Әдет кез келген ортада және кез келген сәтте туындауы мүмкін. Дәстүр-тамырланған, терең әдет. Оның ұрпақтан-ұрпаққа, ғасырлар бойы берілуі маңызды. Басқа да дәстүрлі қоғам сияқты қазақ қоғамында өмірлік кезеңдерге қатысты (туу-үйлену-өлім) салттар ерекше берік. Әсресе ол ас беру кезінде ерекше байқалады. Ғұрып-нышандық мәні бар бірқатар қалыптасқан іс-әрекеттер қатары. Әдет-адам, топ немесе қоғам қабылдаған мінез-құлықтың қалыптасқан бейнесі. Дәстүр- ұрпақтан ұрпаққа берілетін және қоғамдық қатынастарды реттейтін түсініктер мен ғұрыптар (жоралар) жиынтығы.
Өмірлік кезеңдерге қатысты салттар:
-ана мен баланың денсаулығын, ырыс-берекені қамтамасыз етуге бағытталған және бала босануға байланысты салттар: шілдехана, бесіктой және т.б.;
-балаларға байланысты салттар: тұсау кесу салты, атқа мінгізу, сүндетке отырғызу;
-үйленуге байланысты салттар: құда түсу, қыз ұзату, неке қиб, келін түсіру, үйлену тойы;
-жерлеу-еске алу салттары: онда мұсылмандық салттар исламға дейінгі салттармен үйлеседі. Еске алу-қайғыру кезеңдерімен ( үші, жетісі, қырқы, жүзі, жылы).
Өмірлік кезең дәстүрлерінен бөлек басқа да салттар, қонақжайлылық әдеттері мен онымен байланысты жора-жоралғылар; өндірістік салттар (мысалы, қымызмұрындық мерекесі, қойларға ен салу жоралғысы, құрбандық шалып, жаңбыр сұрау жоралғысы (тасаттық); үй салған кезде өзара көмек салты (асар) және т.б. салттар бар. Осындай салт-дәстүрлер, әдет-ғұрыптар мүлтіксіз сақталады және қазақ қоғамын біріктіретін мәдени бірегейліктің нығаюына жағдай жасайды. Салт-дәстүрлер қазақ халқының рухани және адамгершілік құндылықтарының көрінісі болды.
90.«Отырықшы және көшпелі халықтың арасында тығыз экономикалық және мәдени өзара байланыс болды». Сіз бұл туралы не ойлайсыз? Өз жауабыңызға кем дегенде екі дәйек пен дәлел келтіріңіз.
Қазақстанның ежелгі тайпаларында энеолит, қола және ерте темір дәуірінде көшпелі өркениеттің пайда болып, қалыптасу кезеңінде малшаруашылығы, егіншілік пен қолөнер сияқты шаруашылық бөлініс біртіндеп орныға бастаған еді. Ежелгі тайпалар көшпелі және жартылай көшпелі әмбебап шаруашылық кешенін құрады. Егіншілік өнімі жеткіліксіз болғандықтан, оларға сұраныс артып, далалықтар астықты көрші отырықшылардан және қала тұрғындарынан малға айырбастап алды. Көшпелілер мен отырықшылардың мәдени және дүниетанымдық құндылықтармен алмасуы қатар жүрді. Шаруашылық-экономикалық байланыстар арқылы бір-бірінің мәдениетін байытты. Бұл үрдіс көшпелілер мен отырықшы халықтардың киімдері мен күнделікті өмірінде айқын көрінді.
Отырықшы-егіншілік мәдениет дамыған аймақтарда аз көлемде болса да, малшаруашылығы орын алды. Қазақстан жерінде ежелден мәдени-шаруашылық дәстүрдің екі түрі қалыптасқанын білеміз. Біріншісі- көшпелі малшаруашылығы Қазақстанның негізгі бөлігін қамтыды. Екіншісі- отырықшы-егіншілік оңтүстік аймақтарда тараған. Суармалы егіншілік, қала мәдениеті, қолөнер осы өңірдің негізгі шаруашылық түрін құрады.
Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу аумағындағы мемлекеттердің шаруашылық мәдени дәстүрінің жағдайы (Үйсіндер, қаңлылар, Ұлы Жібек жолы бойындағы қалалар және т.б.);
Отырықшы халықтар мен көшпелі малшылар арасындағы шаруашылық және сауда байланысы (әл-Омари, әл-Макдиси естеліктері, Шаш қаласы, металл өндіру, Сауран, Алмалық, Янгикент, Испиджаб қалалары және т.б.);
Көшпелілер мен отырықшы тұрғындардың өзара мәдени қарым-қатынастары (ІХ-ХІІІ ғғ отырықшылық мәдениет, қалалардың көбеюі, жатақтар, тұрғын үйлердің салынуы, діни құрылыстардың пайда болуы, Дың ескерткіштері, Жошы хан, Алаша хан, Айша бибі кесенелері, діндердің тарауы, атақты ғұламалар-Әбу Насыр әл-Фараби, Қожа Ахмет Ясауи т.б шығуы ).
Отырықшы және көшпелі халықтың арасында тығыз экономикалық және мәдени өзара байланыс ұзақ ғасырларға созылды.
Достарыңызбен бөлісу: |