1.«Индустрияландыру», «жаңғырту» тарихи терминдеріне анықтама беріңіз. «Индустрияландыру»


ҚР КӨШІ-ҚОН САЯСАТЫНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ



бет22/37
Дата18.06.2022
өлшемі242,77 Kb.
#37019
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   37
Байланысты:
11 сынып билет жауаптары Асанбекова Г С

ҚР КӨШІ-ҚОН САЯСАТЫНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ:
1.Экономиканың жекелеген салаларына, мерзімдік жұмыс күші ретінде шетелдіктерді уақытша тарту;
2. Өндіріске инновация мен жаңа технологияны енгізу мақсатымен біліктілігі жоғары қызметкерлерді тұрақты қызметке тарту;
3.Өндіріс қуаты мен қызметкерлердің мамндық деңгейін көтерудің ұлттық бағдарламасын жүзеге асыру үшін шетелдермен мамандар алмасу.
Көші-қон үрдістерінің негізгі кезеңдері. Бірінші кезеңде (1991–2003 жылдар) көші-қон республика аумағынан кейбір тұрғындардың үдере көшіп кетуімен сипатталды. Елімізден еуропалық этнос өкілдері өз тарихи отандарына көше бастады. КСРО ыдыраған соң алғашқы жылдардағы әлеуметтік-экономикалық дағдарыс, өндірістің құлдырауы көптеген ұлт өкілдері, соның ішінде орыстар – Ресейге, поляктар – Польшаға, немістер – Германияға т.б. елдерге көшіп кетуі нәтижесінде республикада аталған этностар өкілдері санының азаюы орын алды.
 Қазақстаннан тұрғындардың көшу үрдістерінің негізгі себебі ретінде 90-жылдардың ортасында орын алған экономикадағы дағдарысты, сонымен қатар азаматтардың атамекенімен қайта қауышу мақсатын айтуға болады. Аталған мәселелерді ескере келе, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаев 1998 жылы ТМД Саммитында «Қарапайым адамдарға қарай 10 қарапайым қадам» ұсынған болатын.
2004 жылдан бастап көші-қон ағысының қарқыны төмендеп, халық саны өсіп, миграциялық үрдістің екінші кезеңі басталды. Өсудің негізгі көзі табиғи өсім болды. Бұл өсім мұсылман-түркі халықтарында (қазақ, өзбек, қырғыз, әзірбайжан, түрік, түрікмен, ұйғыр, дүнген, тәжік) айқын байқалды. 2020 жылы Қазақстан Республикасы халқының саны 19 миллионға дейін жетті.
Ішкі көші-қон ерекшеліктері. Тәуелсіздік жылдары ішкі көші-қонның негізгі бөлігі ауылдық жерлерден ірі қалаларға көшумен жалғасты. Еңбек мигранттарының едәуір бөлігін қазақ жастары құрады.
Қазақстан үкіметі 2008 жылы көші-қонды басқару жөнінде «Нұрлы көш» мемлекеттік бағдарламасын бекітті.
«Нұрлы көш» бағдарламасының негізгі мақсаты – шетелдердегі қандастарымызды және еліміздің оңтүстік өңірінен солтүстік өңіріне қазақтарды ұтымды қоныстандыру. «Нұрлы көш» бағдарламасы аясында мемлекет ел тұрғындарын халқы тығыз, еңбек күші мол оңтүстік облыстардан республикамыздың солтүстік өңірлеріне көшіру саясатын қолға алды.
2014 жылдан бастап «Серпін» жалпыұлттық жобасы жүргізіліп келеді. Осы жоба бойынша мамандар даярланып, еңбек ресурстары мол аймақтардағы жастарды сұранысқа ие мамандықтар бойынша батыс және солтүстік аймақтарға оқуға тартады.
63. «Қазақстан халқы Ассамблеясының рөлі ұлттық бірлік пен қазақстандық бірегейлікті нығайтуға бағытталған». Сіз бұл тұжырыммен қаншалықты келісесіз? Өз жауабыңызға кем дегенде екі дәйек пен дәлел келтіріңіз.
Келісемін. Өз жауабыма бірнеше дәйек пен дәлел келтірейін:
1. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясын құру идеясын алғаш рет 1992 жылы Алматыда өткен Қазақстан халықтарының бірінші форумында ұсынды.
Қазақстан халқы Ассамблеясы (ҚХА) – Президент төрағалық ететін консультативті-кеңесші орган. Қазіргі таңда Ассамблея Қазақстан Республикасы ұлттық саясатының сенімді тетігіне айналды. 2002 жылы 26 сәуірде ҚР Президенті Жарлығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының стратегиясы бекітілді.
2. Қазақстан халқы Ассамблеясының негізгі міндеттері. Бүгінгі күні Қазақстан халқы Ассамблеясы қоғамда маңызды қызмет атқарады. Біріншіден, ол Қазақстан халқының бірлігін нығайтуға бағытталады. Екіншіден, Ассамблея ұлтаралық келісім мен жалпыұлттық бірлікті қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік саясатты әзірлеуге және іске асыруға жәрдемдеседі. Үшіншіден, бұл қоғамдық құрылым мемлекеттік тілді және Қазақстан диаспораларының ана тілі мен мәдениетін дамытуға қолдау көрсетеді.
 2008 жылы Елбасы бастамасымен «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» заң қабылданып, Ассамблеяның құқықтық мәртебесі кеңейтілді.
Қазіргі таңда Ассамблея 23 республикалық және 470-тен астам аймақтық ұлттық-мәдени бірлестіктердің басын қосып, «Достықтың инфрақұрылымына» айналды.
2014 жылы бірқатар жетекші жоғары оқу орындарында «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедралары құрылды. Ассамблея қызметін жоғары деңгейде қамтамасыз ету мақсатында 2015 жылдан бастап «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекемесі тұрақты және жүйелі түрде жұмыс атқарып келеді.
3. Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылымы мен қызметі. Ассамблея құрылымында 17 кіші ассамблеялар біріктірілген, олар 14 облыстық және 3 республикалық маңызы бар қалалардың ассамблеялары. Қазақстан халқы Ассамблеясының өңірлік кіші ассамблеялары ұлттық-мәдени орталықтары мен диаспоралар бірлестіктерінің жұмысын біріктіреді және үйлестіреді. Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыс әкімдері өңірлік Ассамблея төрағалары қызметін атқарады. 2008 жылы Ассамблея ұлттық-мәдени орталықтары ресми түрде этномәдени қоғамдық бірлестіктер болып қайта тіркелді.
ҚХА маңызды жиыны Елордадағы Бейбітшілік және келісім сарайында өткізіледі. Ассамблея жанынан шығатын «Достық – Дружба», «Менің елім» журналдары этносаралық қатынастар саласындағы атқарылған іс-шаралар туралы ҚХА-ның ақпараттық ресурстары ретінде бүкіл елімізге таралады. Ұлтаралық қатынастарды нығайтуға бағытталған түрлі жиындар, форумдар өткізіледі.
Қазақстан заңнамасына сәйкес, Парламент Мәжілісінде ҚХА-ның 9 өкілі депутаттар құрамына енген. Сенаттың 15 депутатын ұлттық-мәдени және басқа да қоғамның өзекті мүдделерін ескере отырып, Президент тағайындайды. ҚХА депутаттарының алдына елдегі этносаралық келісімді, бейбітшілік пен тұрақтылықты одан әрі нығайту басты міндет етіп қойылған. 2015 жыл Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы деп жарияланды.
Қазақстан халқы Ассамблеясын құру тәжірибесінің әлемдік сахнадағы орны зор. Қазақстан халқы Ассамблеясының құнды тәжірибесі әлемдік тәжірибеге енгізіліп, жоғары бағасын алды. Ассамблея қызметі этносаралық қатынастар мәселелерін тиімді шешіп келе жатқан ел ретіндеҚазақстанның халықаралық абыройының өсуіне ықпал етуде.
Республиканың көпұлтты халқының өміріндегі Ассамблеяның рөлі туралы шетелде ірі халықаралық конференциялар өткізілді. Қазақстанның Ассамблея құрудағы тәжірибесін бірқатар ТМД елдері (Ресей, Қырғызстан, Молдова) қолданып отыр.
Қазақстандық үлгі халықаралық сарапшылардың жоғары бағасына ие болды. БҰҰ-ның бұрынғы Бас хатшысы Кофи Аннан айтқандай: «Қазақстан барлық мемлекеттер үшін тұрақтылық пен ұлтаралық келісімнің үлгісі болып табылады».
2010 жылы БҰҰ-ның Бас хатшысы Пан Ги Мун Қазақстанға сапары барысында: «Қазақстан халқы Ассамблеясының қағидаты мен бағыт-бағдары Біріккен Ұлттар Ұйымының жұмыс қағидатына толық сәйкес келеді», – деп айрықша атап өтті.
64. «Қазақтардың дүниежүзілік құрылтайы отандастарымыздың елге оралуына үлкен әсер етті». Сіз бұл тұжырыммен қаншалықты келісесіз? Өз жауабыңызға кем дегенде екі дәйек пен дәлел келтіріңіз. Келісемін:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет