1.«Индустрияландыру», «жаңғырту» тарихи терминдеріне анықтама беріңіз. «Индустрияландыру»


VI - XIII ғ. басында қазақтардың этногенезіне қатысқан негізгі тайпалар мен тайпа одақтарын атаңыз



бет24/37
Дата18.06.2022
өлшемі242,77 Kb.
#37019
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   37
Байланысты:
11 сынып билет жауаптары Асанбекова Г С

66. VI - XIII ғ. басында қазақтардың этногенезіне қатысқан негізгі тайпалар мен тайпа одақтарын атаңыз.
Түркі тайпалар. Б.з.б. (3 — 1 ғ-ларда, б.з. басындағы 1 — 5 ғ-ларда, б.з. 5 ғ-на дейiн) қазiргi Қазақстан жерiнiң оңттүстігінде, Сырдария, Талас, Шу өзендерiнiң бойында, Жетiсуда, т.б. аумақтарда ежелгi сақ тайпаларының негiзiнде өркендеп, жаңадан бiрлескен тайпалар одағы пайда бола бастады. Олардың iшiнде қуатты мемлекетке айналып, тарихта, мәдениетте, өнерде белгiлi iз қалдырғандары — ғұндар, үйсiндер, қаңлылар, сарматтар. Бұл мемлекеттер, негiзiнен, көшпелi және жартылай көшпелi мал шаруашылығымен, кен қазумен шұғылданып, отырықшылық жағдайда суармалы егiншiлiкпен, балық аулау кәсiбiмен айналысты. Өркениеттi мемлекеттер олармен байланыс жасауға құштар болған. Қазақтардың шығу тегiне сақтардан кейiн ерекше негiз болған, әсiресе ғұндар, үйсiндер, қаңлылар.
Көктүрік қағандығы 600 ж. шамасындағы Батыс (қызғылт) және Шығыс (көгілдір) Көктүрк қағандықтары. Сұйықтау түс тікілей билеуін, қоюлау түс ықпалды аумағын көрсетеді.Ұзақ заманғы бұл этникалық процесс б.з.б. жүз жылдың 1-жартысынан басталып, б.з. 5 — 6 ғ-нда қалыптасып үлгердi. Қазақ халқының негiзiн құраған көп тайпалар 552 ж. Түрiк қағандығының құрамына кiрiп, чұмығұн, дай, ирки, чуре, чубан (Шуманақ), дулу деген әр түрлi атпен белгiлi болды. 603 ж. құрылған Батыс Түрiк қағандығының этникалық саяси негiзi «он тайпа» (көнетүркіше:он оқ будун) болды, олар Қаратау баурайынан Жоңғарияға дейiнгi аралықта жатқан ежелгi үйсiн жерiн жайлады. Шу өзенінiң шығыс жағында дулудың бес тайпасы, ал батыс жағында бес тайпалы нушебилер мекендедi.
Түргеш қағандығы .Оның орнына Түргеш қағандығы (704—756), одан кейiн Қарлық (қарлұқ) қағандығы (756—940) орнап, жоғарыда аталған тайпаларға үстемдiк еттi. Бұл мемлекеттер дәуiрiнде отырықшылық бел алып, егiн шаруашылығы дамыды, қалалар өркендеп, сауда-саттық жанданды.
Оғыз бірлестігі.
Бұл кезде Жетiсу мен Талас бойында қарлұқтар, шігілдер, яғмалар, адғұрлар мекен етсе, Орталық Қазақстан
мен Сырдария бойында оғыздар мен қыпшақтар үстемдiк еттi. 9 ғ.-дың аяғы мен 11 ғ.-дың басында оғыз тайпалары Сырдарияның орта ағысынан Едiлдiң төменгі бойына дейiнгi кең-байтақ аумақты мекендедi. Оғыздардың қоныс-өрiстерi Ырғыз, Жайық, Жем, Ойыл өзендерiнiң бойларында, Сырдария бойындағы Қаратау баурайлары мен Исфиджаб шегiне дейiн шашырап жатқан. Оғыздар құрамына Сырдария алқабы мен Арал-Каспий далаларының үндi-еуропа және финн-угор тектес ежелгi (негiзiнен, түркiлендiрiлген) этникалық топтары және сонымен бiрге Жетiсу мен Сiбiрдiң халаджы, жагар, чарук, қарлұқ, имур, байандұр, қай секiлдi көшпелi және жартылай көшпелi тайпалар да кiрдi. Оғыздардың батысында Едiл мен Жайық арасында бесенелер (орыс. печенеги) мекендедi. Кейiн оғыздар — түрiкмен халқының, бесенелер — қарақалпақ халқының негiзiн құрса да, олардың кейбiр топтары қазақ халқының да шығу тегiне әсерiн тигiздi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет