1Жұмекен Нәжімеденов шығармашылығы туралы мағлұмат беріңіз. Шығармашылығы Жұмекен Нәжімеденовтің алғашқы «Егіс» лирикалық жинағы 1961 жылы жарық көрді. Төрт жылдан кейін «Жоқ, ұмытуға болмайды»


Қазақ сатирасының ерекшеліктері туралы айтыңыз



бет7/7
Дата25.05.2022
өлшемі59,2 Kb.
#35609
түріПоэма
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
7-8 б, 15б(1-2сұрағы)

2 Қазақ сатирасының ерекшеліктері туралы айтыңыз.

Қазақ сатирасы халық ауыз әдебиетінен бастау алады. Алдар Көсе туралы аңыз әңгімелерде ащы мысқыл, улы кекесін, сынап-мінеу сарыны басым болса, Қожанасыр туралы күлдіргі әңгімелер юмор, достық рәуіштегі сын, астарлы әзілге құрылады. Тазша бала туралы немесе өтірік өлеңдерде әсірелеу, гротеск тәсілі мол кездеседі. Қазақ фольклорында ұлттық ауыз әдебиетінде ғана кездесетін Шық бермес Шығайбай, Қарабай сияқты сараң байлардың типтік бейнелері жасалған. Жыраулық поэзия (Шалкиіз Тіленшіұлы, Тәтіқара, Бұқар жырау, Шал ақын, т.б.) өлеңдерінде кездесетін үстем топ өкілдерін сынау, шенеу сарыны Махамбеттің өлең-жырларында өзінің шырқау шыңына жетіп, батыл айыптауға ұласады.


Абай шығармашылығы қазақ сатирасын сапалық жаңа биікке көтерген. Ұлы ақын шығармашылығында эпиграммалар «Абралыға», «Көкбайға», «Күлембайға», «Дүтбайға», т.б арналған өлеңдерінде жиі кездеседі. Көкбайға арналған эпиграммаларда юморлық сарын басым болса, Көкбай мен Күлембайға арналған эпиграммаларда айыптау, мысқылдау жағы үстем түсіп отырады. Абай шығармаларында пародияның элементтері де бар. («Өлең сөздің патшасы, сөз capасы», «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін»), Абай сатирасында мысал жанры ерекше орын алады. Мысал жанры 20 ғасырдың басындағы көрнекі қазақ ақындары А.Байтұрсынұлы, М.Сұлтанқожаұлы, Т.Ізтілеуов шығармаларында жиі кездеседі. Сатиралық өлеңдер С.Торайғыров шығармашылығынан берік орын алды (мысалы, «Мағынасыз мешіт», «Сымбатты сұлуға», т.б.). Ол «Ауырмай есімнен жаңылғаным» атты сатиралық әңгіме де жазды.
Сатира да – әдебиеттің өзге жанрлары секілді өмірді, құбылысты танудың, сұлулық пен әсемдікті, жақсылық пен жамандықты бағалаудың ең көне үлгісі. Өйткені адам санасы жетілгенде, оның қоршаған ортаға, әр алуан адамдар арасындағы қарым-қатынасқа белгілі дәрежеде сыни көзқарасының, қатысының орнығуы заңдылық. Дүниеде не жақсы, не жаман, жақсылықтың, жамандықтың негізі неде деген әр алуан мәнді сұрақтар ықылым заманнан бері адамзатты ойлантқаны белгілі. Мұның небір ғажап мысалдарын алысқа бармай-ақ қай елдің болмасын ауыз әдебиеті үлгілерінен көруге болады.

Әлемдік әдебиет дәстүрімен белгілі жағдайда ортақ белгілері бар ұлттық сөз өнерінде де сатира әр алуан жанрлық, түрлік сипаттарымен, көркем шығарманың өн бойында кездесетін әдіс-тәсілдік көріністерімен қалыптасып дамыды. Сондықтан да ұлттық сын-сықақ өнерінің әлемдік сатира арнасымен ортақ бірліктері, заңдылықтары болумен қатар, даралық-ерекшеліктері, ең алдымен, сол халықтың наным-сенімімен, дәстүр-салтымен, шаруашылық жайымен, географиялық ортасымен, бір сөзбен айтқанда, ұлттық таным-мінезімен, психологиясымен тығыз байланысты.


Әдебиет өмір шындықтарын көркем бейнелеуге негізделсе, сатира да өнер ретінде барлық шындық-бастауы өмірден, қоғамдық жағдайдан нәр алады. Сондықтан әр кезеңде, қоғамдық қатынаста көрінетін басты мәселелер сатирада да өз көрінісін, бейнесін тауып жатады. Бірақ байқалатын бір ерекшелік – адамдық құндылықтар қай кезде де маңызды. Сондықтан да қоғамдық жағдайдың көрінісімен әдіптелгенмен, адамдық құндылықтарға кереғар келетін, зиянын тигізетін барлық залалды жайлар қай заманда болмасын сатираның ескірмейтін объектісі болып табылады. Ойымызды бір ғана мысалмен дәлелдейік: жалқаулық, берекесіздік, масылдық, сараңдық, ойсыздық т.б. – бұл қай қоғамда да болмасын сатираның тұрақты нысанасы.


М.Әуезовтің: «Сатира әсте өмір шындығынан тыс тұрған жағдайдан тумайды. Қайта өмірдегі мол міннен, сан сорақыдан, көп көргенсіздіктен туады. Соларды жиып топтайды да, сатира обобщение жасайды» [1,68],- деген пікірінің маңыздылығы осында.


Қазақ әдебиеттану ғылымында сатираны, оның негіздері мен дамуын, жанрлық ерекшеліктері мен жүйесін жан-жақты зерттеген ғалым ретінде бірінші кезекте филология ғылымдарының докторы, профессор Темірбек Қожакеев сынды үлкен зерттеушіні атап өту әділдік болар еді. Оның «Сатира негіздері» монографиясы – көп жылдық зерттеудің жемісі. Қазақ сатирасы мен юморының теориялық негіздері мен қалыптасу кезеңдерін саралауда, әлемдік әдеби дәстүрмен сабақтас көкейкесті мәселелері мен жеке авторлар шығармашылықтарындағы көркемдік ізденістерін айқындауда, бүгінгі таңдағы көкейкесті жайларын анықтауда ғалым жүйелі еңбектенді, маңызды ғылыми тұжырымдар жасады. Сондықтан да Т.Қожакеев еңбегі басшылыққа алынуға тиісті фундаментальды зерттеу деп есептеп, еңбекті негізге ала отырып, кейбір ой-пікірлерімізді білдіреміз.


Ғалым сатира туралы әдебиеттанушылардың ой-толғамдары мен тұжырымдарының бір арнаға түспегенін, бірақ бірін-бірі жоққа шығармай, қайта толықтырып тиянақтайтындығын атап көрсетеді. Бірі – сатираны әдебиеттің тегі, екіншісі – өмірдің жеке құбылыстарын суреттеудің әдіс-тәсілі, үшіншісі – әшкерелеуші уытты әдеби шығарма, төртіншісі – көркем әдебиеттің өзіндік түрі деп қорытынды жасаса, бұлардың қай-қайсысы да шындықтан алшақ емес. Зерттеушілер пікірлерінің тоғысатын тұстары – сатира, қалай болғанда да, қоғамдағы жағымсыз болмыс-құбылыстарды, адам бойындағы ұнамсыз мінез-қылықты, әдеп-тәртіптерді әшкерелеп, күлкіге жығу, келеке ету мақсатымен, Абайша айтқанда, «ызалы жүрекпен» жазылады. Сатираның өмір сүру, көрініс табу мүмкіншілігі кең, болмыс-құбылыстарға араласу, суреттеу дәрежесі автордың шеберлігіне орай әр түрлі.


Тұтастай алғанда, Т.Қожакеевтің пайымдауынша, сатира әдебиеттің бір тегі ретінде де көріне алады. Авторлардың бастан-аяқ күлкілі ситуацияға негізделіп, сықақтық уытпен жазылған, таза сатиралық шығармалары әдебиеттің дербес бір тегін құрайды. Мұнда әдебиеттің өзге жанрларына қарағанда өмірді зерттеп білудің, суреттеудің өзіндік эстетикалық принциптері, көркемдік әдіс-амалдары жетекші орын алады. Болмыс-құбылыстарды бағалаудың, танудың ерекше түрлері қолданылады. Қиялдауға, шарттылыққа, кездейсоқтыққа, түсінбестікке, әсірелеуге негізделеді. Шарж, карикатура, гротеск, сарказм, ирония алдыңғы кезекке шығады.


Сын-сықақ туындыларының осындай ортақ белгілерін теориялық тұрғыдан қорыта келіп, Т.Қожакеев сатираның сипатына баға береді: «Сатирада ащы кекесін, күлкі ету, мазақ қылу, жоққа шығару, үкім айту, адам қиналысын аңдау, адам жүрегінің түкпіріне үңілу, көңілділік пен күрсініс, тенденциялық пен қатаң әділдік, лирикалық сезім мен ғылыми талдау тоғысып жатады. Сөйтіп, сатира қарама-қайшылықтардың бірлігінен туындайды» [2,7],- дейді.


Сатираның эпостан ерекшелігі сыналып отырған фактіге автордың қатысы, көзқарасы біршама айқын байқалатын болса, лирикалық шығармалардағыдай кейіпкердің жан дүниесі, ішкі сезімі сатирада барынша ақтарыла ашылмайтыны, тек реніші, кейісі ғана көрінетіні тағы бар. Бүл ретте сатира драмалық шығармаға да ұқсамайды. Сондықтан да сатира – болмысқа эстетикалық қатысының өзіндік ерекшеліктері бар, өмір құбылыстарын зерттеу, бағалау, көрсетуде өзіндік әдіс-құралдары, өзіне тән табиғаты, сыр-сипаты бар дербес әдебиет тегі деп қарастырсақ та қателеспейміз деп қорытады Т.Қожакеев.


Сатира – жеке бір іс-құбылысты зерттеп танып-білудің әдіс-тәсілі. Мұнда ол эпостық, лирикалық, драмалық шығармалардың бәрінде, барлық түрлерінде автордың идеялық мақсатына орай қолданыла береді. І.Жансүгіровтің «Жолдастар», М.Әуезовтің «Абай жолы», Ғ.Мүсіреповтің «Оянған өлке» шығармаларында өмірдің келеңсіз жайлары, жағымсыз мінезді адамдардың оспадарсыз қылықтары қажетті жерінде сын-сықақпен, түрлі әдіс-тәсілдермен бейнеленіп жатады. Бірақ бұл көріністер шығарманың тұтас табиғатын айқындамайды. Сондықтан да сатира бұл тұста көркемдік әдіс-тәсіл сипатында көрініс береді.


Астарында комизм, күлкілі іс-әрекет жататын сатира мен юмордың ара жігін ажырату қажеттігін ғалым нақты тұжырымдармен таратып, дәлелдеп, жіктеп береді. Өмірдегі жағымды объектілер мен болмыстың жеке бір мінін, кемшілігін, әлсіз-жөнсіз жағын жеңіл күлкі, әзіл-оспақпен, көңілді симпатиямен тәлкек етудің, бағалаудың түрін зерттеуші юмор деп атайды. Осы ретте сатира мен юмор салыстырыла айтылып, сатираның сипаттары нақтыланады. Сатираның өзіндік басты қандай белгілері бар?


Бірінші – сатира өз объектісін негізінен түгелдей жоққа шығарады;


Екінші – ащы тіл, кекесінді стиль, әжуа-сықақ – сатираның басты қаруы; Ол – жай сынау емес, мазақтай, келемеждей сынау; Ол – буырқанып ыза-кекпен, өшпенділікпен әшкерелеу;


Үшінші – жағымсыз болмыс, адамға, қоғамға зиянды құбылыс – сатира нысанасы; Сатира ұнамды фактіге құрылмайды;


Төртінші – сатира идеал, арман-мұратпен болмыстың арасындағы қайшылықтың негізінен туындайды. Ізгі мақсатқа, адамдық қасиетке үйлеспейтін ұнамсыздықтың зияндылығын, оған еш төзуге болмайтындығын көрсетуде сатира өзгеше әдіс-тәсілдерге – фантазияға, гротескіге, әсірелеуге, деформациялауға батыл барады. Шыншылдық сатирада да болуы қажетті. Ол да өнердің реалистік заңдылықтарына бағынуға тиісті.


Бесінші – сатира күні өткен ескілікке, зиянды құбылыстарға қарсы күресетіндіктен, трагедиялық та, комедиялық та, драмалық та мотивтер кеңінен кездеседі, жоғарыда айтқандай, шындықты бейнелеудің өзіне тән әдіс-тәсілдерін молынан пайдаланады.


Әлемдік әдебиеттанушы ғалымдардың пікірін қорыта түйіндеген Т.Қожакеев тұжырымы сатираны жан-жақты сипаттағанмен, ұлттық әдебиеттану ғылымында өзге де пікірлердің кездесетіндігін айту ләзім. Мәселен, академик Р.Нұрғали қазақ драматургиясының жанрлық жүйесін зерттеген үлкен еңбегінде сатираға қатысты ой-толғамын ашық білдіреді және ол тұжырымның Т.Қожакеев пікірімен тікелей қабыспайтынын байқаймыз.


«Сатираны жанрға әлде стильге жатқызу керек пе деген ғылыми проблема әдебиеттануда толық шешімін таба қойған жоқ. Біздің ойымызша, сатира өз алдына жеке жанр емес. Себебі әр түрлі жанрдағы шығармаларда (романда, повесте, әңгімеде, драмада, комедияда) сатиралық сипат болуы мүмкін. Сатира әдебиет пен өнердің бар саласында қолданылатын тәсіл, яки бәрінде де кездесетін рух, пафос. Сондықтан да сатираны өз алдына жеке жанр ретінде қарау дұрыс болар ма екен? Ф.Рабленің «Гаргантюа мен Пантагрюэль», Дж. Свифттің «Гуливердің саяхаты», Сервантестің «Дон Кихот» шығармаларына роман деп жанрлық анықтама бере отырып, екінші жанрлық анықтама деп сатираны көрсете алмаймыз ғой.


Сондықтан кейбір зерттеушілердің сатираны жеке жанр деп қарауына қосыла алмаймыз. Шығарма пафосы жөнінен сатиралық болуы мүмкін, бірақ ол белгілі жанрға жатпақ. Сатира ұғымы жанр ұғымынан кеңірек екенін кейбір зерттеушілер дұрыс көрсетеді. Әдебиеттің барлық жанрлары мен тектерінде кездесетін сатираны өмірді бейнелеудің ерекше идеялық-көркемдік принципі, әрі пафостың бір түрі ретінде қарауға болады.


Өз алдына дара сатира жоқ. Мысалы, комедия, драма яки повесть секілді сатира жеке болмақ емес. Сатира осы жанрлар арқылы ғана жасай алады. Яғни сатира көркемдік тәсіл, ол шығармаға белгілі сипат, ерекше пафос береді» [3,268-269].


Р.Нұрғалидың бұл пікірінде де шындық бар. Әйтсе де, Т.Қожакеев тұжырымының да негізділігі байқалады. Өйткені, бастан-аяқ сатираға құрылған шығармаларды, ондағы қолданылған өзіндік суреттеу тәсілдерін, ортақ ерекшеліктерін де жоққа шығара алмаймыз. Зерттеуші мәселен «Сатираның поэзиялық шағын жанрлары» деп мысал, пародия, эпиграмма, шарж, сықақ өлең түрлерін, «Сатираның көркем-публицистикалық жанрлары» деп фельетон, памфлет түрлерін, «Сатираның көркем-прозалық жанрлары» деп сатиралық әңгіме, юморлық әңгіме, сатиралық повесть, сатиралық роман түрлерін келтіреді және қазақ сатирасындағы үлгісі болып көрінетін шығармаларға кеңінен талдау жасайды, әрқайсысының өзіне тән ерекшеліктерін, сипатын ашады. Р.Нұрғали тұжырымының тағы бір жанды тұсы – «сатира жанры» деген сөз ғылыми айналыста көп қолданылғанмен, шындап келгенде, әдебиет теориясынан үш жанрды – эпика, лирика, драманы ғана даралаймыз. Бұл ретте «жанр» сөзінің кең, әр алуан ұғымда пайдаланатынымызды ескеру қажет. «Проза жанры», «поэзия жанры» деген атаулар да бұған дәлел.


Сатира жоғарыда атап өткеніміздей – бастау-нәрін өмір шындығынан алады. Қоғам, заман әдебиеттің алдына тың міндеттері мен басты мұраттарын қоятынындай сатираның да идеялық-тақырыптық мазмұны, келелі, өткір жайларды қозғауы әлеуметтік шындықтармен байланысты. Жанрдың тарихилық сипаты тәрізді сатираға да қоғамдық-әлеуметтік жағдайдың әсер-ықпалы мол. Осыған орай сатираның даму кезеңдерін Т.Қожакеев былай жіктейді:


Халықтық сатира және қоғамдық-таптық тенденция.


Абай дәуіріне дейінгі қазақ сатирасы және қоғамдық жағдай.
Абай дәуіріндегі қоғамдық өзгерістер және қазақ сатирасы.
ХХ ғасыр басындағы революциялық қозғалыстар және қазақ сатирасы.
Қазақ кеңес сатирасы мен юморы.
Жіктеуді, әрине, бүгінгі қоғамдық өзгеріске байланысты – «Тәуелсіздік әдебиеті кезеңіндегі сатира» деп толықтыра түсуге болады. Сатиралық туындылар қазіргі уақытта да молынан жазылуда. Тақырып ауқымы кеңейіп, мазмұндық-жанрлық тұрғыдан тереңдей түсуде. Тәуелсіздік кезеңі әдебиеті тәрізді бүгінгі сатирада да серпіліс бар. Бұл өз алдына кең әңгіме.

Біздің зерттеу объектіміз – ХІХ ғасырдағы қазақ сатираның дамуы. Қоғамның халықтың алдына қойған өткір проблемаларына байланысты бұл кезеңдегі сатираның да өзіндік даму ерекшелігі, бағыты, дәстүр жалғастығы мен жаңашылдығы, жанрлық дамуы, типологиясы, көркемдік ізденістері болды. Жеке тұлғалардың шығармашылығын зерттеуде ақынның сатирасы қамтылып, ғылыми қорытындылар жасалғанмен, сатираның ХІХ ғасырдағы тұтас келбеті, ортақ мәселелері, жанрлық жаңғыруы әлі жүйелі айтылған жоқ деп есептейміз.


ХІХ ғасыр сатирсының дамуында әлемдік әдеби дәстүрдің ықпалы, тәжірибесі мол болды. Мұның бір ғана көрінісі – Абай сатирасының көркемдік әлемі. Ұлы ақын сатирасы өзіне дейінгі әдеби дәстүрді жалғастырғанмен, халықтық сипатымен, заманның өткір жайларын қозғауымен, орыс әдебиетінің классикалық үлгісімен нәрленуімен, ақынның биік таным-білігімен жаңа сатыға көтерілді. Біздің пайымдауымызша, Абай – данышпан ақын болуымен қатар ұлы сатирик те. Оның мұндай ұлы сатирик ақынға айналуы – халқын шын сүйген, оның бойындағы мінді көріп, болашағына алаңдаған зор халықтық-қайраткерлік тұлғасымен байланысты. Абай сатирасының объектісі де өз заманының шындығынан туындады. Өз кезеңінің өткір мәселелерін қозғады. Ұлы ақынның сатиралық туындылары туралы ғалым Т.Кәкішев «Абай сатирасында саяси сарыннан гөрі, моралистік сарын басым болды» [4,85] десе, академик Қ.Жұмалиев ақын сатирасының объектісіне былай деп сипаттама береді: «Ақын ең алдымен өз дәуіріндегі және өзінен бұрынғы мәдениетсіздікті, жалқаулықты, ру тартысын, пәлеқорлық сықылды оңбағандықты көрді. Қазақ халқының дамуы үшін, оның басқа елдің қатырына жетуі үшін бұл әдеттердің бәрі де тұсау болатын, бөгет болатын қылықтар деп ұғып, бұларға барынша қарсы шықты. Оларға қаламы арқылы күрес ашты. Оларды қатты шенеп, мысқылдарға айналдырды. Ол әділетсіздік атаулының бәрімен де жалғыз жауласты, ел бойындағы, әсіресе үстем тап адамдарындағы ұсақ, пәлеқор мінездерді әшкереледі. Күншілдік, шамасын білмес мақтаншақтық, өтірік, өсек, кербездік, жалқаулық сол кездегі ауылдың басты әдеттерінің бірі болған. Әсіресе ұлыққа арқа сүйеген пәлеқор пысықтардың сұрқиялығы шектен асады» [5,76].




Қорыта айтқанда, сатира – халқын сүйген, оның болашағына алаңдаған әлеуметшіл ақынның жамандықпен, жағымсыздықпен күрес құралы, өткір қаруы. Сатираға мінез керек. Сондықтан барлық дарынды ақындардың шығармашылығынан сатира іздеу, талап ету орынды болмас. Ақын «ызалы жүрек, долы қолмен» сатираға әдейі бетбұрыс жасайды, оған қажеттілік себеп болады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет