1Жұмекен Нәжімеденов шығармашылығы туралы мағлұмат беріңіз. Шығармашылығы Жұмекен Нәжімеденовтің алғашқы «Егіс» лирикалық жинағы 1961 жылы жарық көрді. Төрт жылдан кейін «Жоқ, ұмытуға болмайды»


Әкім Таразидің бір әңгімесін талдаңыз



бет4/7
Дата25.05.2022
өлшемі59,2 Kb.
#35609
түріПоэма
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
7-8 б, 15б(1-2сұрағы)

Әкім Таразидің бір әңгімесін талдаңыз.

Әкім Тарази — әр сөзін нығырлап теріп жазатын зергер жазушы. Оның әңгімелерінде көзге бірден ұратыны — жазу мәнері: бір сөйлемде бір сөзді бірнеше рет әдейі қайталайды; әр сөйлем сайын сипаттаудың экспрессиясын үдете түседі. Жинақтағы әңгіменің бәрінде дерлік автордың мені менмұндалап тұр.
Таразидің әңгімелерінде жалаң морализаторлық жоқ. Ол өмірдің елеусіз бір сәтін әріппен айна-қатесіз тізіп шығады. “Әнім сен едің” әңгімесінде кейіпкердің маxаббатта жолы болмай, қызы басқа қалаға көшіп кетеді; “Қара таңба” кейіпкері өзінен білімдірек баланы қызғаныштан садақпен атып тастайды; “Штык пен жүректе” — асылып өледі.
Әкім Тарази киноның тілімен жазады. Жоқ, былай: автор өмірге камера арқылы мұқият үңіліп, оқиғаға киліккісі келмеген елеусіз бақылаушы сияқты жазады. Ара-тұра сюжетті бүлдіріп алмайын дегендей автордың аяқасты ойлары да естіліп қалады. Ал Таразидің тілі өз көзіне өзі сенбеген бақылаушының ебедейсіз жазбалары сияқты әсер қалдырады.

Тәж” — кейіпкердің түсі формасындағы әңгіме. Түс оқырманды Маxамбет Жәңгір xанның ұлына ұстаздық етіп жүрген уағына апарады. Түс көруші о баста түс көріп жатқанын білмейді, бірақ түс екенін түсінген соң сюжетке қатысы жоқ ойларын айтып кетеді, түс көрушінің ойында қазіргі заманның әндері мен Маxамбеттің жырлары сапырылысып жатады. Әңгіменің соңында түс көруші камера объективі боп шығады, демек әңгімедегі оқиға да кино боп шығуы ғажап емес.


2999999+1” — ашаршылықта адам етін жегендер туралы әңгіме. Әңгіменің формасы да ерек, бірнеше шеңберден тұрады. Бірінші шеңбер: Омар деген кісі Мәскеуден пойызда келе жатып қайтыс болады. Екінші шеңбер: Омар пойызда келе жатып, Абыз деген кісінің пойыздағы әңгімелерін есіне алады. Үшінші шеңбер: Абыздың ашаршылық туралы естеліктері. Абыз ашаршылық кезінде адам жейтін ауылға кезігіп қалып, қазақтар адам етін жейді деген сөз тарап кетпеу үшін адамжегішті атып тастайды. Абыз миллиондаған адам аштан қырылып жатқанда, оның қолынан бір адамның қаза табуы соншалық ауыр күнә емес-ау деп ақталады.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет