1лекция: Дене шынықтыру және спорт педагогикасының теориялық әдістемелік негіздері



бет12/26
Дата14.04.2023
өлшемі294 Kb.
#82653
түріЛекция
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   26
Байланысты:
лекция сабақ

Әдебиеттер

  1. Возрастная и педгогическая психология / под ред. А.В.Петровского. М., 1984.

  2. Караковский А.П. О подростках. М., 1970.

  3. Керимов Л.К. Педагогические основы индивидуализации и перевоспитания трудных подростков. Алматы, 1994.

5 лекция: Спорт педагогының педагогикалық іс-әрекеті


Спорттық педагогтың педагогикалық шеберлігі
Спорт педагогының рефлексивті мәдениеті

Қазіргі педагогикалық – процестің мәні туралы түсінік бірден қалыптасқан жоқ, ол біртіндеп, зерттеушілердің бірнеше ұрпақтарының күш салу нәтіжесінде бірқатар жинақталған материалдар негізінде жасалды. М.А. Данилов өзінің «Педагогикалық процес педагогикалық теорияның объектісі» деген еңбегіңде, ең бастысы әртүрлі педагогикалық құбылыстарды зерттеу негізінде педагогика теориясының одан әрі жетілдіру айқындалады.


Педагогикалық сөздіктің жарыққа шығуімен Педагогикалық энциклопедияның (М.,1964ж.ж) бастап шығу жылдары аралығында ғылымда «педагогикалық процестің» мәнін анықтауды басқаша түсіндіруге болатын материалдар жинақталып қалды. Ең алдымен, бұл ұғым енді ең негізгі педагогикалық категориялардың бірі ретінде қарастырыла бастайды. Энциклопедиядағы мақаланың авторы В.Е.Гмурман «педагогикалық процес» туралы ғылымға мынадай анықтама береді. Бұл терминмен (педагогиканың талабына сай) ұйымдастырылған тұтас оқыту-тәрбие процесін, ұстаздармен тәрбиелеушілердің, оқытушылар мен оқушылырдың іс-әрекеттері көрсетіледі.
Педагогикалық процестің мәнін марксистік тұрғыда түсінудің дамуы Н.К.Крупская бастаған болатын, ол К.Маркстің «адам жағдайлардың жемісі» яғни «жағдайларды тек қана адамдар өзгертеді» деген субъектісі болатындығы туралы ойын айтқан болатын. А.С.Макаренко, ұсынылып отырған ойды одан әрі дамыта отырып, мұғалімдермен тәрбиеленушілер ең алдымен бір коллективтің мүшелері деген қорытындыға келді.
Оқушылырдаң қоғамдық өмірге қатынасу тәжрибиесін қалыптастыру, педагогикалық процестің оқудан тыс өрісінде іс әрекеттердің сан алуан түрлерін меңгеру сол мектептің барлық оқушылырдың өзара әрекетін және ұстаздар тарапынан басшылықты талап етеді, осыдан барып мектеп үшін макро жүйе «мектеп ұстаздары - оқушылар коллективі» пайда болады, қоғам бұл жүйеге қатысты мета жүйе ретінде көрінеді.
Яғни «ұстаздар мен оқушылар» (жағдайының өзгеруі) жүйесінің қызметі педагогикалық процесс болады. Педагогикалық процесс дегеніміз оқушылардың мәдени байлықтарды меңгеруге және оларды еңбекке және қоғамдық өмірге дайындағы бірлескен іс-әрекеттері, бұл ұстаздардың белсенді араласуымен және басшылығымен жүзеге асады. Педагогикалық процестердің бөліктері өзара әрекеттер барысында өзін көрсетеді. Бөліктердің ерекшеліктерін педагогикалық процестің заңдылықтарын ашу барысында түсінікті бола түседі. Басқаша айтқанда, педагогикалық процесс туралы ұғымды жүйелі қалыптастыру оның заңдылықтарын білумен тығыз байланысты.
Одан әрі ол «актуальды даму зонасына» көшуге тиіс, бұл зонада оқушылыр тиісті тапсырмаларды өз бетімен орындайды.
Оқытусыз тәбиені іске асыруға болмайды, өйткені білімді меңгеру негізінде ғана емес негізгі әсер етеді. Оқушы оқуды өзімнің міндетім деп санамаса, өз жауапкершілігін сезінбесе, онда оқыту процесін де жақсы ұйымдастыру қиын. Педогогикалық процесте тәрбиелеушілердің орындайтын жаттығулары тәрбиешінің талаптары орындауымен ғана маңызды емес, ең алдымен ,осы жаттығуларды орындау барысында өзінің адал игілігіне қажет еңбегімен көріне алатындығында. Адамның басқалар үшін қамқорлық жасай алатын сезінуі ,оны қуаныш ризашылық көңіл-күйін білдіруінде. Жаттығу әдісі бойынша обьект жағдайынан субьект жағдайына жеткізуге көмек береді.Қоғамдық пікір - бұл ұжымдық талаптың бейнелеуі, ал талап - нақты міндет, оның іс-әрекеті процесінде орындау қажет, ұжымның талабы жалпы қоғамдық пікірдің бір көрінісі болып қалады. Ұжым мүшелерінің пайымдауы баға беруі - бұл қоғамдық пікір. Қоғамдық пікір ұжым мүшесінің, кей жағдайда жекеленген топтарын іс- әрекетін қимылын бағалағанда тәрбие әдісі ретінде іске асады. Ұжым мүшелерінің жиналыста, жиындарда, жергілікті баспа сөзде және дөңгелек стол басында , ашық әңгімеге сөйлеуі қоғамдық пікірдің негізгі формалары болып табылады. Үйрету, жаттықтыру - мінез-құлық нормасына сәйкес оқушыларды қажетті дағдыға, әдетке төселдіру. Тәрбие - үйретуден басталады. Мысалы, баланың мезгілімен жатуы, өз мүліктерін, жұмыс орнын тәртіпке келтіріп ұстауы т.б. Үйрету әдісі баланың орындағыштық, мұқияттылық , табандылы сияқты қасиеттерін қалыптастырады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет