1.Өнеркәсіптің сала құрылымы



бет3/17
Дата14.02.2023
өлшемі108,43 Kb.
#67939
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
1. нерк сіпті сала рылымы

Негізгі үрдістергееңбек затының нысаны мен кесімі, ішкі құрылымы, сыртқы түрі, оның құрамдас бөліктерінің өзара орналасуы өзгеретін технологиялық үрдістер жатады.
Негізгі үрдістер жиынтығы негізгі өндірісті құрайды. Күрделі өндірісте негізгі үрдістер әдетте үш кезеңнен тұрады: дайындау кезеңінде дайындық жұмыстары жүргізіледі; өңдеу нәтижесінде оның өнімдері дайын бөліктерге айналады; жинақтау жұмыстарын жүргізу кезінде дайындалған бөліктерден және сатып алынған дайын өнімдерден өнім құрастырылады.
Өнім жасаудың технологиялық үрдісі бұдан басқа да өзінің құрамына табиғи үрдістерді қамтиды. Табиғи үрдістерге еңбек затына табиғаттың физикалық және химиялық әсерін тигізетін үрдістер жатады. Бұл үрдістер жанды еңбектің және еңбек құралдарының қолдауынсыз өтеді, бірақ көп уақыт алады, сондықтан оларды жасанды үрдістермен ауыстырып отырады.
Көмекші үрдістер негізгі үрдістердің үздіксіздігін қамтамасыз етеді. Оларға мысалы, негізгі өндіріс қажеттіліктері үшін құрал дайындау, құралдарды жөндеу, бу дайындау және т.б. жатады.
Қызмет көрсету үрдістеріне– техникалық бақылау жұмыстары, көлік, қойма операциялары және тағы басқалары кіреді.
Өндіріс тиімділігі және өнім сапасы көп жағдайда өндірістік қызметтерді ұтымды ұйымдастыру деңгейімен анықталады.
Өндірістік үрдістерді ұтымды ұйымдастыру қағидаларын екі категорияға бөлуге болады:
- жалпы, яғни оның нақты мазмұнына байланысты болмайды;
- арнаулы, нақты өндірістік үрдістерге арналады.
Жалпы қағидаларға уақыт бойынша және кеңістікте кез келген өндірістік үрдісті ұйымдастыруға бағынышты болатын мынадай қағидаларды жатқызуға болады:
мамандану қағидасы, өндіріс үрдісінде жұмыс орындары және кәсіпорынның жеке бөлімшелерінің арасындағы еңбек бөлінісі мен шоғырлануын көрсетеді;
параллельдік қағидасы, белгілі бір өнімді дайындауға байланысты өндірістік үрдістің жеке бөліктерінің бір уақытта орындалуын білдіреді;
пропорционалдық қағидасы, кәсіпорынның өзара байланысты бөлімшелерінің уақыт бірлігіндегі салыстырмалы түрдегі тең еңбек өнімділігімен сипатталады;
тура-дәлдік қағидасы, еңбек заттарының, шикізаттар мен жартылай фабрикаттардың өндіріске жіберілуінен бастап, дайын өнімді алуға дейінгі қысқа қозғалыс жолдарымен жүруін айтады;
үздіксіздік қағидасы, операциялар арасындағы тоқтаусыз жұмыс істеуді талап етеді;
ыңғайластыру қағидасы, барлық өндірістік үрдістің автоматтандыруына және механикаландыруына, адамның денсаулығына зиянды, ауыр, біркелкі қол еңбегін болдырмауға бағытталады.
Өндірісті ұйымдастырудың үш негізгі әдісі болады: ағындық (тасқындық), партиялық (топтық) және бірлік. Олардың ішіндегі ең тиімдісі – қазіргі талаптарға сай келетін ағындық әдіс. Бұл әдістің мәні технологиялық үрдістің барлық элементтерінің уақыт бойынша қатаң сәйкестігімен және еңбек заттарының жұмыс орындары бойынша өнім өндірудің белгіленген тактісі бойынша анықталады.

7. Өнеркәсіптегі кәсіпорындық өндірісті ұйымдастыру


1. Өндірістік процесс және оларды ұйымдастыру принциптері
Өндірісті ұйымдастыру – өндіріс процесінде қамтылған адамдар мен заттық элементтердің уақыт пен кеңістікте оңтайлы үйлесуіне бағытталған шаралар жүйесі. Өндірістік процесті ұйымдастыру деп тиімді соңғы нәтижеге жету мақсатында уақыт пен кеңістікте оның элементтерінің үйлесу және іріктеп алу әдісін түсінеміз. Өндірісті ұйымдастыру – бұл өндірістік процесті жүргізу мақсатында еңбек құралы, еңбек затын адам еңбегімен біріктіріп және тиімді пайдалану әдістерінің жиынтығы. Дұрыс ұйымдастырылған өндіріс мынадай негізгі принциптерден құрылады:
мамандандыру - бұл жалпы сұранысты қанағаттандыратын өнім шығару жолында конструкторлық және технологиялық күшті біріктіру;
үздіксіздік - бұл өндіріс операцияларын бірінен соң бірінің технологиялық процеске сай жүргізілуі;
· пропорционалдық - бұл өндірістік процесс стадиялары мен операцияларын бір мезгілде жүргізу және материалдардың, құрылыстардың, еңбек ресурстарының саны өндіріске сәйкес болуы тиіс;
· параллельділік - толық немесе жеке жұмыс процесін бір уақытта орындауын білдіреді;
· тура дәлділік - өндіріс процесінде еңбек заттарының қозғалысының қысқа қашықтығын қамтамасыз етеді;
· ырғақтық - тең уақыт аралықтары арқылы өндіріс процесінің жиі қайталануы;
· икемділік - жаңа өнім шығаруға тез дағдылану мүмкіндігі.
Өндірістік процесс — белгілі бір өнімді өндіруге бағытталған, негізгі, көмекші, қызмет ететін және табиғи процестердің өзара байланысқан жиынтығы. Операция — бір немесе бірнеше жұмысшылардың, бір немесе бірнеше өндіріс объектілерімен бірқатар әрекеттерден тұратын және бір жұмыс орнында орындалатын өндіріс процесінің бөлігі. Өндірістік процестің операциялары негізгі, қосалқы қызмет ететін болып бөлінеді.
Шикізат пен материалдарды дайын өнімге айналдыру барысындағы өндірістік процестер негізгі деп аталады. Көмекші процестер негізгі өндіріске қажетті өнімдер өндіру және қызмет көрсетуге бағытталады. Оларға аспаптарды, технологиялық жабдықтарды және бөлшек запастарын дайындау, жабдықтарды жөндеу және т.б. жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет