1Тақырып. Философияның пайда болуы және дамуы Философияның пәні мен иялары Философияның негізгі бағыттары: материализм және идеализм Дұнетанымның негізгі тұрлері Философияның пәні мен категориялары



бет5/79
Дата19.05.2023
өлшемі474,2 Kb.
#95132
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   79
Байланысты:
1Òà?ûðûï. Ôèëîñîôèÿíû? ïàéäà áîëóû æ?íå äàìóû Ôèëîñîôèÿíû? ï?í³

2.Ежелгі Қытай философиясы
Ең көне философиялық ілімдер Ертедегі Шығыс мемлекеттерінде – Қытай мен Үндістанда; Вавилон, Египетте пайда болды.Ертедегі Қытайда біздің эрамызға дейінгі 8-6 ғғ. қалыптасқан кұл иеленушілік қоғамның дамуы нәтижесінде дүниетанымға прогресшіл және консервативтік, атеистік және мистикалық бағыттар дүниеге келді. Бұл бағыттардың арасындағы күрестін барысында заттардың алғашқы бес элементтері – метал, ағаш, су, от, жер- туралы дамудың қарама-қарсы бастамалары –инь және янь, табиғи жолы- дао- туралы қарапайым материалистік идеялар кеңінен тарай бастайды.
Ертедегі Қытайдың философиялық ойлауының бастапқы негізі Дао терминін түсіндіру төңірегінде болды. Бұл теорияннің алғашқы мәні – жол деген ұғымды беретін еді. Бірақ, ол терминнің басқада мәндері болып, атап айтқанд,а кез келген болмыстың заңын, ұйымдасу сипатын да білдіреді. Ол арқылы заттардың табиғи жолымен бірге аспандағы «табиғатан тыс» күштік әмірін, ғарыштың үйлесімді құрылымын білдіреді. Дао жайындағы ілім алғашында бес элементпен тығыз байланысты қарастырылғанымен, бірақ кейінен ол жайындағы түсініктер догмалық сипатқа ие болды.
Дао жалпы заң ғана емес, сондай-ақ дүниенің пайда болу көзі негізі. Осыдан кейін «дао- аспан мен жердің түп тамыры», «барлық заттардың анасы» деген анықтамалар туды. Даодан дүниеде бар барлық нәрселер пайда болу үшін екі бастаманың: қаранғы мен жарықтың, ұрғашы мен еркектің, жұбайлардың – инь мен янь- әрекеттесу керек. Бұл қарама- қарсылықтардың бөлінуінің, олардың бірігуі мен ажырасуының шиелені түрін құрайды. Дао жөніндегі Лао-Цзы ілімі дүниеге келеді. Ертедегі Қытай ойшылдарының пайымдауларында адамның табиғаты жағынан қандай – қайырымды ма әлде мейрімсіз бе? – деген мәселе аса манызды орын алады.
Ертедегі Қытай философиясында конфуцийлік бағыт басты рөл атқарады. Оның негізін салған нақты адам Конфуций (б.з.д. 551-470 ж.ж.) Ертедегі Қытай мәдениетінің дамуында оның атқарған орны ерекше. Ол бірнеше кітаптар құрастырады. Негізгі кітабы – «Лунь юй» («Әңгімелер мен пікірлер»). Бұл кітаптарда Қытай мәдениеті жинақталған. Мәселен, ол: «барлық адамдар өздерінің табиғаты жолынан бір-біріне жақын, ал айырмашылықтары тәрбие барысынан туындайды» - дейді. Конфуций философиясында ескі мен жаңа бірдей араласа кездеседі. Мәселен, ескі-әдет-ғұрыптарды сақтау, патриархалдық-рулық қоғамды қайтару, жастың үлкендігі ұдайы тыңдауды, тағы басқа сияқты әдет-ғұрыпты дәріптейді.
Конфуций іліміне қарама-қарсы Мо-Цзы – (б.з.д. 479-381) философиясы пайда болды. Олар күні бұрын белгіленетін өмір жоқ, әр бір адам тағдырынан, оның жаппай сүйіспеншілігінен туындайды дейді. Біздің барлық біліміміз екі нәрседен: сезімнен және ойлаудан туындайды дейді. Танымды көп жағдай ат қоюға байланысты екенін айтады. Мәселен, жалпы атау, рулық атау, жеке атау бар дейді олар. Жеке отау нақты затты басқалардан бөліп қарауға мүмкіндігін берді. Мо-Цзылар янь категориясын логикалық әдісті қолданады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   79




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет