5.3.1.1 картада тайпалық одақтардың орналасуын көрсету;
5.3.1.2 ежелгі мемлекеттік бірлестіктердің құрылуын түсіндіру
Сабақтың мақсаты
Барлық оқушылар:
тарихи фактілерге және карталық мәліметтерге сүйене отырып, тарихи оқиғаның даму желісін құрастырады
тарихи кезеңдердің ерекшеліктерін анықтайды және салыстырады
Оқушылардың басым бөлігі:
тарихи фактілердің маңыздылығын түсінеді.
Кейбір оқушылар:
тарихи кезеңдердің негізгі ерекшеліктерін анықтайды және салыстырады
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі/ уақыт
Педагогтің әрекеті
Оқушының әрекеті
Баға лау
Ресурс тар
Ұйымдастыру кезеңі
Бастапқы ынталандыру. Сыныпта жағымды ахуал қалыптастыру. Оқушылармен амандасу. Оқушыларды түгелдеу.
Ой шақыру: Сабақ тақырыбына шығу (бейнематериал арқылы сыни тұрғыда ойландыра отырып). Бейнематериалды қарап отырып оқушылар тірек сөздерді жазып отырады.
Оқушылардың болжам жауаптары арқылы сабақ тақырыбы анықталады.
Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру.
Оқушылар жауаптарын ұсынады: бұл суреттер ежелгі адамдардың тұрмысымен және мәдени жетістіктерімен байланысты.
мадақтау
Ғұндар туралы http://www.youtube.com/watch?v=GpNiLw6YP0w
Жаңа сабақ
«Білу және түсіну» дағдысына негізделген тапсырма. Зерттеу сұрақтары:
• Ғұндар мемлекеттік дәрежеге қалай жетті?
• «Халықтардың қоныс аударуы» деп нені атайды?
• Сыртқы саясатта ғұндар қандай саяси бағыттарды ұстанды?
«Ақпараттық карточкалар» Оқушылар ғұндар жайлы деректерді пайдалана отырып, ғұндардың бет әлпетіне, тұрмыс-тіршілігіне ақпараттық карточкалар түрінде қысқаша мәлімет жазуды ұсынамын .Бұл жерде критерий ретінде: нақтылық, мәліметтің құндылығын көрсетемін.
«Деректер сөйлейді» Аммиан Марцеллин:
«Ертелі –кеш ат үстінен түспейді. Маңызды істер туралы кеңесетін болса,кеңесті де ат үстінде отырып өткізеді»,- дейді.
Византия елшісі Прииск:
«Олар соғыстан кейін тыныш әрі қамсыз тіршілік етеді, әркім қолында барымен қанағат етеді», дейді.
Аттиланың бір замандасы:
«Аттила таңертең үйден шығысымен, есік алдында тұрып, халықтың мұң-мұқтажын тыңдады, күні бойы әлемнің әр түрлі елдерінен келген елшілерді қабылдады», - дейді.