Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар Ерітінділер деген не?
Идеал ерітінді компонентінің химиялық потенциалы.
Ерітінді компонентінің активті коэффициенті,активтілік деген не?
Ерітінділер қандай теориясы белгілі?.
Қаныққан бу қысымы деген не?
Идеал ерітінділерге қандай ертінде жатады?
1. Тұрақты температура мен қысымда газ фазасындағы гомогенді химиялық реакцияның изотермасы:
A) ΔrG0T = - RTlnKС + RTlnПС ;
B) ΔrG0T=ΔrH0T –TΔS0T;
С) ΔrG0T = (ΔrG0T-ΔrH0T)/T + (ΔrH00/T);
D) ΔrG0T= - RTlnKp + ΔnRTln1,0133x105 ; E) ΔrG0 = - RTlnKP + RTlnПP.
*****
2.Химиялық реакция тепе-теңдік күйге жетсе, онда оған:
A) dξ>0;
B) mi = mi0 +RТ1nР;
С) барлық заттар қысымы бірдей;
D) dξ=0;
E) барлық компоненттердің тепе-теңдік концентрациялары өзара тең;
*****
3.Қай теңдеу Клаузиус-Клапейрон теңдеуінің варианты бола?
A)
B) ;
С) ;
D) ;
E) ;
*****
4.Энергия жұмсамай жүзеге асатынтермодинамикалық процестер:
A) өздігінен жүрмейтін.
B) қайтымды;
С) квазистатистикалық;
D) қайтымсыз;
E) өздігінен жүретін;
*****
5.Күй функцияларына:
A) жылу;
B) энтальпия;
С) энтропия;
D) Гиббсэнергиясы;
E) көлем.
*****
6. «Кез-келген оқшауланған система уақыт өте тепе-теңдік күйге келеді және өздігінен онан шыға алмайды» - бұл:
A) термодинамиканың екінші бастамасы;
B) термодинамиканыңнегізгі постулаты;
С) термодинамиканың үшінші бастамасы;
D) термодинамиканың бірінші бастамасы;
E) термодинамиканыңекінші постулаты.
*****
7.Зат немесе жылу алмасумен байланысты емес, бір денеден екіншіге энергияның берілу формасы:
A) Гельмгольц энергиясы;
B) Гиббс энергиясы ;
С) жұмыс;
D) жылу сиымдылық;
E) жылу.
*****
8.Тұрақты көлемде жылу өзгерісіне … тең
A) Гельмгольц энергиясы;
B) энтальпия;
С) жұмыс;
D) ішкі энергия;
E) энтропия.
1
№ 7
дәріс
№7 Идеалды сұйық ертінділердің термодинамикалық қасиеттері. Жоспар: Қаныққан бу-сұйық ерітінді тепе-теңдігі. Бинарлы сұйық ерітінділердің қаныққан бу қысымы.
Ерітінділердің бірнеше жіктелінуі бар. Ерітінділер термодинамикалық көзқарас тұрғысынан идеалды және идеалды емес, немесе реалды – нағыз болып бөлінеді. Идеалды ерітінділердегі әрбір құрамдастың ішкі энергиясы концентрациясынан тәуелді емес, және ерітілген кездегі парциалды молдік көлемі өзгермейді. Осы түстағы құрамдастар идеалды газдар сияқты араласады. Энтропияның өсуін идеалды газды сипаттайтын теңдеу арқылы есептеуге болады. Мұнда бөлшектер арасындағы өзара әрекеттесу күші жоқ. Егер ерітінді идеалды ерітінділер заңдарына бағынатын болса, онда оны кезкелген концентрация кезінде де жетілген дейді. Егер бұған тек барынша көп рет сұйылту кезінде ғана қол жетімді болса, онда барынша шекті сұйытылған ерітінділер туралы айтылады, мұны басқаша айтқанда, ерітінді концентрациясы неғұрлым кіші болған сайын, оның қасйеті де соғұрлым идеалды ерітінді қасйетіне жуық. Бір элемент изотоптарының басқадағы ерітінділері идеалдауы ерітінділер заңына деп те нақтылы бағынады. Идеалды ерітінділерге барлық концентрацялар кезіндегі полярлы емес заттардың біртекті қоспалары жуық. Бұлар жетілген ерітінділер. Идеалды ерітінділерге тән белгі сол, ол олардың Вант–Гофф заңы, мұндағы П – осмостық қысымы, ол ерітіндінің температурасы мен концентрациясынан тәуелді, С – молярлық концентрация.
–Рауль заңы,
Мұндағы: мен – тиісінше берілген 1 және 2 құрамдастардың парциалды қысымдары. мен – ерітіндідегі, тиісінше 1 және 2 құрамдастардың мольдік үлестері.
Ерітінді бетіндегі құрамдастардың парциалдық қысымы ерітіндідегі олардың мольдік үлесіне тура пропорционалды.
Таза құрамдастың бу қысымы пропорционалдық коэффициенті ролін атқарады.
Мұндай ерітінділердегі ерітілген заттардың молекулалары бірімен бірі өзара мүлдем әрекеттеспейді және өздерін идеалды газдың молекуласы сияқты ұстайды. Егер молекулалар арасында өзара әрекеттесу жүретін болса, онда ерітінді идеалды болмай қалады – ол реалды – нағыз, табиғатта бар ерітіндіге түрленеді. Реалды ерітіндіні сұйылтқан кеде ерітілген зат молекулаларының арасындағы орташа қашықтығы артады. Осы заттың молекулаларының арасындағы өзара әрекеттесу әлсірейді, және ерітіндінің қасйеті идеалды ерітінді қасйетіне жуықтай түседі. Полярлы заттардың ерітінділері, әсіресе электролиттердің, типті еріген заттың молдік үлестің миллиондық реттегі концентрациясы кезінде де идеалдық жүйенің қасиетінен ауытқушылық байқалады.
Идеалды сұйық ерітінділер, идеалды газдар қоспасы үшін және идеалды газдар үшін де Т,Р – const кезіндегі араластыру функциясы – қызметі бірдей.
Ерітінділердің тепе–теңдікті қасиеттері, құрамы мен құрамдастардың қасиеттерінің арасындағы тәуелділікті қалыптастыру үшін, парциалды молярлік шамаларды пайдаланады. Ерітіндінің экстенсивтік термодинамикалық қасиеттерін Х жалпы қарастырыды. Оларға жататындар: Гиббс энергиясы , энтальпиясы энтропиясы және т.б. Еріткіш пен еріген заттардан тұратын, ерітінді үшін оның экстенсивті қасиеттері еріткіштің моделдер санынан n1 еріген заттың моделдер санынан n2, қысымы Р мен температурасынан Т тәуелді. Ерітіндінің экстенсивті қасиеті Хж – ол күйфункциясы болғандықтан, Р мен Т тұрақты кезінде толық дифференциал болмақ.
Мұндағы – ерітіндідегі і–ті құрамдастың парциалдық молярлық шамасы немесе қасиеті.
Ерітіндінің і–ті құрамдастың парциалдық молярлық шамасы деп қысым мен температура тұрақты кезіндегі ерітіндінің көп санына і–ті құрамдасының бір молін қосқан кездегі берілген ерітіндінің экстенсивті қасиетінің өзгеруін атайды.
Ерітіндінің термодинамикалық қасиетіне і–ті құрамдастың келесі парциалдық молярлық шамалары сәйкесті; – парциалдық молярлық Гиббс энергиясы; – парциалдық молярлық энтальпия; Sі – парциалдық молярлық энтропия; – парциалдық молярлық көлем және т.б.Парциалдық молярлық шамалардың артықшылығы сол, ол олардың арасында сол әунлгі берілген термодинамикалық қатынастар формасы бойынша сақталатындығы, ал олар кәдімгі термодинамикалық теңдеулер арқылы өрнектеуге мүмкіндік береді, оларға ерітінді бетіндегі бу қысымы, ерітіндінің қатаю температурасының төмендеуі мен ерітіндінің қайнау температурасыеың жоғарылауы, заттардың ерігіштігі, осмостық қысым және т.б. жатады.