1Термодинамиканың негізгі түсініктері. Термодинамиканың бірінші бастамасы


Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар



бет18/25
Дата21.12.2023
өлшемі0,9 Mb.
#142108
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   25
Байланысты:
1Òåðìîäèíàìèêàíû? íåã³çã³ ò?ñ³í³êòåð³. Òåðìîäèíàìèêàíû? á³ð³íø³

Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар

  1. 1,2-ретті формальді қарапайым реакцияның кинетикалық теңдеуі қалай жазылады?

  2. Қайтымды, параллель, кезектескенреакция деген не?

  3. Боденштейннің стационарлы концентрация әдісі.

  4. Қосарланған реакциялар деген не?

  5. Химиялық индукциядеген не?

  6. Автокаталитикалық реакцияларды қалай түсінесіз?

1.Тізбекті реакциялардың активті бөлшектері қандай:
А) нейтрон, электрон, протондар
B) атом, молекула
С) электрон, атом, иондар
D) радикалдар, иондар
Е) молекула, атомдар, иондар
2. Жартылай ыдырау периоды нешінші ретті реакцияға сәйкес келеді ?
А) нөлінші
B) бірінші
C) екінші
D) үшінші
E) альтыншы
*****
3.Диффузиялық процесстерді сипаттайтын заңды кім ұсынды:
А) Вант-Гофф
В) Фик
С) Аррениус
D) Гиббс
Е) Больцман
4.Тізбекті реакциялардың активті бөлшектері қандай:
А) нейтрон, электрон, протондар
B) атом, молекула
С) электрон, атом, иондар
D) радикалдар, иондар
Е) молекула, атомдар, иондар
5.Фотохимиялық реакциялар неге негізделген:
А) температураның ұлғаюына
В) квант жарығын молекуланың жұтуына
С) концентрацияның ұлғаюына
D) квант жарығының молекуласына
Е) әрекеттесетін бөлшектердің соқтығысуына
6.Егер реакцияның диффузиялық аймақта жүретін болса, лимиттеуші стадия қайсысы:
А) тізбектің түзілу стадиясы
В) заттардың диффузиясы
С) заттардың әрекеттесуі
D) тізбектің бойы
Е) тізбектің үзілуі
7. Реакция кинетикалық аймақта жүретін болса, лимиттеуші стадия қайсысы:
А) тізбектің түзілу стадиясы
В) тізбектің өсу стадиясы
С) тізбектің үзілу стадиясы
D) заттардың диффузиялану стадиясы
Е) заттардың өзара химиялық әрекеттесуі
8. Гетерогенді, газ-қатты системада жүретін 2А(г)(ТВ)(г)+D(Г)реакцияның тепе-теңдік тұрақтысы:
A) KP=PAPB/PCPD;
B) KP=PA2/PCPD;
С) KP=PCPD/PA;
D) KP=PCPD/PA2;
E) KP=PCPD/PA2PB.
*****
9.Химиялық реакция тепе-теңдік күйге жетсе, онда оған:
A) dξ>0;
B) mi = mi0 +RТ1nР;
С) барлық заттар қысымы бірдей;
D) dξ=0;
E) барлық компоненттердің тепе-теңдік концентрациялары өзара тең;

1

№ 11
дәріс

11 Реакция жылдамдығына температураның әсері. Активтендіру энергиясы.
Жоспар:

  1. Аррениус теңдеуі. «Эффективті» және «нақты» активтендіру энергиясы.

  2. Химиялық кинетика теориясы. Активті соқтығысулар теориясы. Аррениус теңдеуіндегі стерилік фактор.

  3. Активтелген комплекстің қасиеті.

  4. Жылдамдық тұрақтысын статистикалық есептеу. Активті комплекс теориясының термодинамикалық аспектісі.

Химиялық реакциялардың жылдамдықтары тек концентрацияға емес, сонымен қатар температураға да байланысты. Әдетте температура өскен сайын реакция жылдамдығы артады. Көптеген гомогендiк реакциялар үшiн температураның 100 өсуi реакция жылдамдығын 2-4 рет арттырады. Мұны Вант–Гоффтың жуықталған ережесi деп атайды. Ол температура 100- қа көтерiлгенде, реакция жылдамдығының қаншалықты артатынын көрсетедi. Бұл ереже математикалық түрде былай жазылады.


Мұндағы: γ – температура коэффициенті. γ – температураны әр 10оС өсіргенде реакция жылдамдығының неше есе артатындығын көрсетеді.


Вант–Гофф ережесi бойынша =24. Бұл температура 1000С–қа артқанда, егер =2 болса, онда реакция жылдамдығы– 210, яғни 1000 еседей, ал =4 болса– 410 немесе 1000000 еседей көбейетiндiгiн көрсетедi.
Жылдамдық тұрақтысының температураға байланыстылығын Аррениустың эмпирикалық теңдеуi дәлiрек көрсетедi.

мұнда к – жылдамдық тұрақтысы; А – температураға тәуелді емес тұрақты; е – натурал лагорифм негізі; Е – активтеу энергиясы; R – газ тұрақтысы; Т – абсолют температурасы.


Молекулалар әрекеттесу үшiн олардың өзара соқтығысуы қажет. Газдағы молекулалардың соқтығысуын есептейтiн болсақ, ол өте үлкен шама екен. Егер әрбiр соқтығысудың нәтижесiнде молекулалар өзара әрекеттесетiн болса, онда реакция өте тез жүрiп, қопарылыс жасалуы керек. Алайда, шын мәнiнде бұлай болмайды, өйткенi кез келген молекула емес, тек энергиясы басқа молекулалардан артық болатын молекулалар ғана өзара әрекеттесе алады екен. Сол себептен әрбiр реакция үшiн белгiлi бiр активтендiру энергиясы (Е), яғни реакция жүре алатындай молекулалардың энергиясының артық мөлшерi қажет. 1 моль затты қалыпты күйден активті күйге өткізуге қажетті энергияны активтендіру энергиясы деп аталады.
Активтендiру энергиясының шамасы реакцияға түсетiн заттың бiр молiне шағып есептеледi. Активтендіру энергиясы Еа белгіленеді. Ол тәжірибе жүзінде табылады да, кДж/моль мен өлшенеді. Активтендіру энергиясы әрекеттесуші заттарға байланысты.
А ррениус теңдеуінен тұрақтыны эксперимент жүзінде анықтау үшін мына теңдеуді қолданады:

Активтендіру энергиясын жуықтап мына теңдеуден анықтауға болады:






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет