1.Қз тарихы кезеңделуі. Қз аумағындағы тас дәуіріне сипаттама


Ұлы Жібек жолының көне түрік мем-ттерінің экономикалық +саяси дамуындағы маңызы. Түрік дәуіріндегі Қаз-танның материалдық+рухани мәдениеті (VI-XII ғғ.)



бет11/70
Дата13.05.2023
өлшемі188,03 Kb.
#92828
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   70
Байланысты:
жауаптары кт2022 жыл. (2)

10.Ұлы Жібек жолының көне түрік мем-ттерінің экономикалық +саяси дамуындағы маңызы. Түрік дәуіріндегі Қаз-танның материалдық+рухани мәдениеті (VI-XII ғғ.).
Еуразияның жекелеген халықтары мен мәдениеттерінің байланысын тарихта ең ұзақ, әрі ұдайы түрде қамтамасыз еткен Ұлы Жібек жолы шамамен 12 800 шақырымға созылған негізгі бағыты Қытайдан Испанияға дейін созылып жатқан байтақ жол.
Біздің дәуіріміздің I ғасырынан бастап, негізінен, Жібек жолы арқылы Еуразия өркениеттері арасында жүйелі сауда байланыстары құрылды. Ғасырлар бойы егіншілік өнімдерін қажет еткен Еуразия даласының көшпенділері сауда-айырбас жұмыстарының белсенді қатысушылары болды. Олар Еуразияның қолайлы аймақтарына орналасып, Қытайдан Орталық Еуропаға дейінгі барлық өркениет ошақтарымен байланыс құрды. Жібек жолының солтүстік пен оңтүстік (құрлық пен теңіз) бағыттары, сәйкесінше, Орталық Азия Жерорта теңізі бассейні мен Қытай - Шығыс Түркістан Жерорта теңізі бассейні бағыттары жұмыс істеп тұрды.
Мұндай тармақталудың себебін Еуразия континентіндегі саяси жағдайдың үнемі маңызды, түбегейлі өзгерістерге ұшырап отыруымен түсіндіруге болады.Ұлы Жібек жолына тарихи тұрғыдан қарар болсақ, бұл жолдың негізгі бағыттары арқылы адамзат өркениетінің даму барысында қол жеткізген табыстарының озық үлгілері, материалдық және рухани тасымалданғанын көруге болады. Бұл жолдың бойындағы керуен сарайлар, сауда жүргізілген қалалар, алынып-сатылған тауарлар, қолданыстағы ақшалар, қарым-қатынас тілдері, сауда жолдарын бақылауында ұстаған мемлекеттер мен империялар өзгеріп, жаңаларымен алмасып отырған.Түркілер ұзақ уақыт Ұлы Жібек жолы бойында жүргізілген сауда мен мәдени байланыстардың басты қолдаушысы, қатысушысы, әрі ұйымдастырушы ортағы (түркі тіліндегі «ортақ» деген сөзді сол дәуірлердегі барлық халықтар қолданған), яғни серіктесі болған. Жібек жолы саясаты - түркі өркениеті мен саяси мәдениетінің іргелі құндылықтары арасында ерекше орын алады. Жібек жолы түркі дүниетанымының әмбебаптануына; ал түркілердің әскери-саяси дарыны Жібек жолының кеңейіп, гүлденуіне жол ашқан. Аталмыш жол алыс-жақын елдер арасындағы тек тауар айырбасын ғана емес, сонымен қатар, жаңашыл технология, дін, ғылым және өнер саласында қол жеткізген жетістіктермен өзара алмасуды да қамтамасыз еткен.Қазіргі таңда тарихи «Ұлы Жібек жолын» қайта қалпына келтірудің бір үлгісі ретінде «Жаң жібек жолы» ТРАСЕКА( Еуропа-Кавказ-Азия халықаралық тасымал дәлізі) жобасы жүзеге асырылуда.
Түрік дәуіріндегі Қазақстанның материалдық және рухани мәдениеті (VI-XII ғғ.).
Ерте орта ғасырларда Қазақстан жерінде түркі тілдес халықтар қалыптасты. Түркі тілдес халықтармен қатар Қазақстан жерінде басқа тілдік топтар да өмір сүрді. Түркі тілдес топтардың ішіндегі ең ірісі – VIII-X ғасырларда Ертіс өңірінде қалыптасқан қимақ-қыпшақ тобы. Сонымен қатар Қазақстан жерінде иран (соғды) тілдес, сирия тілдес, араб тілдес халықтар тобы өмір сүрді. VI-X ғасырларда Қазақстанда соғды жазуы және тілі кең қолданылған. Бұл жазу Тараз, Баласағұн, Испиджаб қалаларында тарады. IX ғасырдан бастап Қазақстанда мекендеген тайпалар арасында ұйғыр жазуы қолданыла бастады. Ғалымдардың пікірінше, бұл жазу – соғды алфавитінің өзгертілген түрі. XII ғасырда соғды жазуына негізделіп жасалған түріктердің жаңа жазуында 38 әріп-таңба болған «Орхон-Енисей тас жазуы» Бұл ескерткіш көне түрік руна жазуымен жазылған. Ескерткіш құлпытастар 689–744 жылдардағы Ұйғыр және Түрік қағанаттарының өмір сүрген кезінде орнатылған. Құлпытастар Білге қаған, оның інісі Күлтегін (732–735), кеңесші Тоныкөктің (716 жылы) құрметіне қойылған. Құлпытаста түрік дәуіріндегі батырлар мен ұлы адамдардың ерлігі, өмірі жайында жазылған. Ортағасырлық тарихи әдебиеттің тамаша үлгілері – VIII ғасырда Қазақстандағы руна жазуының ескерткіштері. Олар екі топқа бөлінеді:
Жетісулық жазулар тобы,Ферғаналық қыштағы жазулар тобы.
XI-XII ғасырлардан кейін түрік мемлекеттерінде көне түрік руна жазуын ұйғыр жазуы мен араб жазуы ығыстырды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет