1.Қз тарихы кезеңделуі. Қз аумағындағы тас дәуіріне сипаттама



бет9/70
Дата13.05.2023
өлшемі188,03 Kb.
#92828
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   70
Қимақ (Кимек) қағанаты - Шығыс және Орталық Қазақстанда IX ғасырдың ақыры – XI ғасырдың басында болған ертедегі мемлекет.
Мемлекеттің орталығы Ертістің орта алабында болған. Қимақтар VII ғасырда Алтайдың солтүстігіне, Ертіс жағалауына орналасып, Батыс Түркі қағанатының құрамына кірген.VIII ғасырда қимақ тайпалары Ертістің орта ағысын мекендеді.656 жылы Батыс Түрік қағандығы тарағаннан кейін қимақтар өз алдына бөлініп шықты. 840 жылы Турфан қағандығы ыдырағаннан кейін оның құрамындағы эймур, баяндур, татар тайпалары қимақтарға қосылды. Қимақ қағанаты құрылған күннен бастап олардың патшалары ең жоғарғы түрік атағымен хакан (немесе қаған) деп аталды. Ол жабғу атағынан екі дәреже жоғары. . Бұл мемлекетте салық жиналған, көне түркі жазуы болған.
Деректемелерде қимақтардың этникалық және тілі жағынан түріктерге жататындығына тікелей еш күмән келтірілмейді. Саяси тарихы-- Қимақтар тарихының алғашқы кезеңі қытай деректерінде ұшырасатын яньмо тайпасы атауымен тығыз байланысты. VII ғ. ортасында олар Алтайдың солтүстік бөктеріне, Ертіс маңына қарай қоныс аударған. 656 ж. Батыс Түрік қағанаты құлағаннан кейін тайпа көзге түсе бастайды.
Қағанат сыртқы жаудан қорғану үшін және өз жерін кеңейту үшін көрші елдерге үнемі шапқыншылық жасап отырған. Ондай хабарлар жазба деректерде көптеп кездеседі. Мәселен, оларда қимақтардың 11 ғасырда "оғыз-ғұздар" жерінің бір бөлігін қол астына қаратқаны айтылса, ал X ғасыр басында тоғыз-ғұздардың шекаралық қаласы-Шығыс Түркістандағы Жамлекес қаласын басып алғандығы баяндалады. Сонымен бірге, қимақтар Енисей бойындағы бойындағы қырғыздарға да шабуыл жасап тұрған. Ал Сыр бойындағы оғыздармен бірде тату тұрып, бірде өзара соғысып қалатын кездері де болады. Міне, осындай жағдайлардан бұл тайпалардың тілдік қатынас жағынан да, мәдениеті жағынан да ұқсас тұстары өте көп.
Шаруашылығы--Қимақтар, негізінен, мал шаруашылығымен айналысты. Олар мұнымен қатар егіншілікпен де шұғылданды, балық, аң аулады, тайғалық аймақтарда қымбат аң терілерін дайындады. Қимақтар арасында қолөнері де дамыды, мата тоқып, киім тікті, металл бұйымдар шығарды, темір, күміс, алтын өндіріп, металл құйды. 9 – 11 ғасырларда қимақтар арасында ежелгі түркі діни нанымының қалдықтары өріс алды, онда тәңірі мен аруаққа сенушілік басым болды. Қимақ мемлекетінің құлауы- X ғасырдың аяғы XI ғасырдың басында Қимақ мемлекеті ыдырайды. Оның құлауының екі себебі болды. Негізінен алғанда, өзін-өзі билеуге және өз мемлекеттілігін құруға ұмтылған қыпшақ хандарының қимақтардың орталық билігіне бағынбауына байланысты ішкі сипаттағы себеп. Сонымен қатар XI ғасырдың басында қоныс аудара бастаған көшпелі Орталық Азия тайпалары қоныс аударуының ықпалымен болған сыртқы оқиғалар. Тайпалардың қоныс аударуының негізгі себебі — 916 жылы Солтүстік Қытайда қидандардың Ляо мемлекетінің кұрылуы болды. Бұл держава жерінің батысқа қарай ұлғаюы көшпелі тайпалардың одан әрі ығысуына әкеп соқты. Қимақтар бір бөлігі Ертісте қалып, екінші бөлігі Түркістан және Орта Азия аймағына қоныс аударды, енді біразы қыпшақ тайпаларымен бірге батысқа, оңтүстік орыс далаларына қарай қозғалды. Қыпшақтар Қимақ мемлекетінің орнын басты.[2]


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет