1.Қз тарихы кезеңделуі. Қз аумағындағы тас дәуіріне сипаттама



бет4/70
Дата13.05.2023
өлшемі188,03 Kb.
#92828
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   70
Байланысты:
жауаптары кт2022 жыл. (2)

Үйсін шаруашылығы. Үйсін бірлестігінің халқы жартылай көшпелі ел болған. Мал бағып, жер өңдеуді кәсіп еткен.Археологиялық қазбалардан табылған материалдарға қарағанда, сол кездің өзінде-ақ жер өңдейтін тас тырма, тастан қашап жасалған қол диірменнің табылуы сол замандағы тұрғындардың егіншілікпен айналысып, оның өнімдерін өндей білгендігінің бір дәлелі. ІлеШу, Талас алабынан суландыру жүйесінің іздері табылды. Ежелгі үйсіндер б.з.б.1 ғасырда, әсіресе б.з. 3-5 ғасырда егіншілікпен, бау-бақшажеміс-жидек өсірумен шұғылданып, отырықшылыққа үйрене бастаған. Олар көшпелілер болғанымен, үй маңында егін де салған. Үйсіндердің шаруашылығы аралас болған, яғни мал шаруашылығымен де, егіншілікпен де айналысқан. Дегенмен үйсіндердің негізгі шаруашылығы - жартылай көшпелі мал шаруашылығы болды. Жетісудың жайлы табиғаты оларға көп мал ұстауға мүмкіндік берді. Үйсіндер қой, жылқы, сиыр, қос өркешті түйе, ешкі ұстаған.
Үйсіндер суармалы егіншілікпен де, тəлімді егіншілікпен де айналысқан. Дəнді дақылдардан арпа, тары өсірген. Олардың егіншілікпен айналысқандығын қазба жұмысы кезінде тас кетпендер, орақтар мен дəнүккіштер табылуы дəлелдей түседі. Үйсіндер егіс алқабын өзен бойларына салған. Егісті суаруға арық суларын да қолданған.
Археологиялық қазбалардан табылған заттық дәлелдемелерге қарағанда, ежелгі заманда жоңғар ойпаты мен Жетісу жерін мекендеген үйсіңдер жартылай көшпелі, жартылай отырықшы (егінші) ел болған. Олардың көшпелі мал шаруашылығында жылқы мен қой, әсіресе құйрықты қой өсірген. Сонымен бірге сиыр, түйе, таулы жерлерде қодас өсірген. Олардың отырықшы-егінші аудандары өзен алқаптарында Іле, Шу, Талас өзендерінің бойларында болған. Бұлармен қатар қолөнер кәсібі, темір, ағаш өңдейтін, үй кәсіпшілігі, өрмек тоқымашылығы да болған. Үйсіндер жүн матаны өрмек арқылы өздері тоқыған. Ал жібек матаны Жұңгоның ішкі өлкелерінен келетін суда керуендерінен атқа айырбастап алып отырған.Ежелгі, үйсіндер егіншілікке қоладан жаасалған орақ темір соқалар қолданған. Маңғолкүре ауданының Шаты деген жеріндегі үйсін моласынан шыққан темір соқа мұның айпарадай айғағы болып отыр. Соқаның саумағы 3 қадақ келеді. Тастан жасалған қол диірмендер, солардың астық дәндерін ұсатып, ұн тартып жегендігін көрсетеді..Жер астынан табылған заттардың дәлелдеуіне қараағанда, үйсіннің қолөнер кәсібі жан-жақты өркендеген. Әсіресе қыштан күйдірген он алуан ыдыс-аяқ, құмыра жасау ісі дамыған. Қоладан темірден қару-жарақ, өңдіріс құрал-саймандары, таға, қазан жасалған. Алтын мен, күмістен алуан түрлі сәндік бұйымдар: жүзік, білезік, сырға, алқа, түйреуіш, әшекейді ою-өрнегімен сәнделіп істелген. Тері-илеу, тоқымашылық ағаш өңдеуі тас қашау кәсібі өрістеген.Қазылған үйсін молаларының үлкен-кішісі және оған сүйекпен бірге қойылған заттардың саны мен сапасы, құрбан етілген малдардың сүйегі ежелгі үйсіндерде меншікті мүліктің болғанадығын, әлеуметтік теңсіздіктің барлығын дәлелдейді. Үлкен және мол мүлікті молаларға күнбилер, қолбасшылар, сүйектер жерленген, орташаларына ру-тайпа билері, батырлар жерленген, қарапайым молаларға әдеттегі адамдар жерленген, бұлардың ішіне сапасы нашар саналы заттар ғана қойылған. Үйсіндердің мұндай мал-мүлік теңсіздігінің барлығы Хан патшалығы дәуіріндегі тарихи деректерде де жазылған.
Қаңлы тайпасының шығу тегі «қанқ» деп аталған жүк арбасын ойлап табумен байланыстырылады, ол туралы көптеген аңыздар мен тарихи естеліктер бар. Қаңлылар б.з.б. 3-2ғ.-б.з. 5ғ. Аралығында өмір сүрді.Ол Сырдария мен Талас өзендері бойында орналасты.Саны 600 мың адам, 120 мың әскерімен Орталық Азиядан келген. Астанасы Битян Қаласы болды. Қаңлы елін хан билеген. Елді басқаруға оның 3 орынбасары – уәзірі көмектескен. Қаңлы 5 иелікке бөлініп, әр иелікті кіші хандар басқарған. Кіші хандарға бағынатын ру, тайпаларды көсемдер басқарған. Көсемдердің лауазымы мұрагерлік жолмен әкеден балаға берілген.Құл еңбегі ұсақ малды күту, мал өнімдерін өңдеуде қолданады. Бұдан басқа қолөнер кәсібімен, егін егумен шұғылданды. Қаңлылар арасында құлдық кең өріс алған жоқ. Байларға қауым мүшесінің еңбегін пайдалану тиімді болған. Себебі қауым мүшелері өз тамағын мен киімін өздері тапты.Қаңлы қоғамында мүлік теңсіздігі мен таптардың пайда болуынан адамды адамның қанауы күшейіп, бай мен кедей тобына жіктелу айқын көрінді.Қытай тарихшысы Сыма Цянь «Тарих жазбаларында» көшпелілердің өмірі мен тұрмысын сипаттап жазған. Ал қытайдың «Цянь Ханьшу» дерегінде Қаңлы мемлекетінің пайда болған уақыты мен шекарасы туралы мәліметтер көрсетілген. Археологтар қаңлылар мекендеген аудандарда қазба жұмыстарын жүргізіп, көптеген қорымдар мен қоныстар тапты. Оларды ғалымдар Қауыншы, Отырар- Қаратау, Жетіасар мәдениеттері деп атады. Жетіасар ескерткішінің таралу аймағы Жаңадария мен Қуаңдария аңғарларын алып жатыр. Ал Қауыншы мәдениетінің аумағы Ташкент төңірегіндегі аймақ болып табылады.Қаңлылар оңтүстігінде Қытай және Үйсіндермен көршілес жатты. Ал солтүстігіндегі көршілері сарматтар мен аландар болды. Қаңлылар күшейіп тұрған кезде сарматтар мен аландар оларға тәуелді болған. Қаңлылар Сырдария арқылы Еділге қарай өтетін Ұлы Жібек жолын бақылап отырды. Олар Қытай, Рим, Кушан мемлекеттерімен саяси,экономикалық және мәдени байланыста болған. Қаңлы мемлекетінің қуатты болғандығы соншалық, олар сол кезде Хань әулеті билеген Ұлы Қытай империясын да мойындамаған. Атақты тарихшы Н.Я.Бичуриннің қытай жазбаларынан аударған дерегінде қаңлылар туралы былай делінген: « Қаңлы ханы өркөкірек,тәкаппар және елшілер алдында ешқашан бас имеген.Олар қытай елшілерін үйсіндердің, тіпті одан да төмен хадықтар елшілерінің қатарына отырғызды.Бұдан олардың Хань мемлекетін мойындымайтындарын, тіпті оларды өзімен көршілес халықтардан төмен қоятынын көреміз» делінген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет