4.Үйсіндер мен қаңлылармемлекеттерінің саяси тарихына, қоғамдық құрылысына, шаруашылығы мен тұрмысына талдау жасаңыз. Үйсін саяси тарихы Жетісудағы Тиграхауд-сақтар жерін мұра етіп алған үйсін тайпалары Орталық Азияның түкпірінен келген еді. Б.з.д. II ғ. 160 ж. шамасында үйсіндердің бір бөлігі Жетісуға көшіп келіп, сақ тайпаларын бағындырды, сөйтіп қолбасшы « гуньмо » ( Күн бағы-Күн бегі ) деп аталатын иеліктің негізін салды.Үйсіндердің негізгі территориясы Іле алқабында болды, олардың батыс шекарасы Шу мен Талас арқылы өтіп, Қаңлылармен (Кангуй) шектеседі. Шығысында ғұндармен ортақ шекара болды, ал оңтүстігінде олардың иелігі Ферғанамен (Дуанмен) ұштасып жатты.Үйсіндердің астанасы Чигучен (Қызылалқап қаласы ) Ол жағалай қыстақтары бар бекіністі қала еді.Қытай императоры.Үйсіндердің этникалық тегі әлі де ақырына дейін анықталмаған. Зерттеушілердің біразы үйсіндерд шығыс иран тайпаларынан шыққан десе, екінші біреулері үйсіндер- түріктердің арғы аталары, олар түрікше сөйлеген деп есептейді. Бірақ, қалай болса да, әйтеуір қазақтың ең ірі тайпаларының бірі « үйсін » деп аталады.
Жалпы Жетісу жеріндегі үйсін заманынан қалған мыңдаған обалар үш түрге бөлінеді. Олардың біріншісі- диаметрі 50-80 м және биіктігі 8-10-12 м үлкен жер обалар. Мұнда атақты адамдар әскери басшылар, ру-тайпа көсемдері, ірі меншік иелері мен олардың әйелдері қойылған деп айтуға болады. Бұл обалардан сәндік заттар, ьай мүсінді алтын қаптырмалар, лак бұымдарының қалдықтары, аң стиліндегі әшекей бұйымдар, қару, қыш және ағаш ыдыстар табылған. Екінші үлгідегі обалардың көлемі 15-20 м шамасында, биіктігі 1 м дейін болған.. Құрал саймандардан: үш-төрт қыш және ағаш ыдыстар, ұсақ қола, кейде алтын әшекейлер ( сырға, жүзік, түйреуіш, білезіктер ), « скифтік » өнер стилінде жасалған қола аспалы белдіктер, қару- темір қанжарлар мен семсерлер, жебенің үш қырлы және қалақ бас ұштары. Мұндай обаларда өз алдына бөлек шаруашылық жүргізетін, халықтың көпшілігін қамтитын ерікті, қатардағы қауым адамдары жерленген. Ал үшінші түрдегі обалардың аумағы 5-10 м және биіктігі 30-50 см шағын үйінділер түрінде кездескен. Мұндағы көмілген заттар біркелкі және аз: бір-екі ыдыс, темір пышақтар мен түйреуіштер, оқта- текте қола сырғалары мен моншақтар кездеседі. Оларда қару болмаған. Бұл обаларда тәуелсіз ұсақ өндірушілер мен құлдар жерленген.