54.Қазақ зиялыларының сталиндік саясатқа қарсы идеялық-саяси күресі (1920-1930) 1928 ж Кеңес өкіметінің басшылығына келген И.Сталин 1929жылды «ұлы бетбұрыс» жылы деп атады. 30ж басында сталиндік аппарат «миды шаюдың» неше түрлі әдістеріне кірісе бастады. Бұл мақсат үшін радио, газеттер, өнердің кез келген түрі белсенді түрде пайдаланылды. Барлық жерде еліктеуге болатын өзіндік «шамшырақтар» жасала бастады. Мысалы, жастарды Қиыр Шығысқа аттандыруда комсомол мүшесі Хетагурованың бастамасы, шахталардағы еңбек өнімділігін арттыруда Алексей Стахановтың т.б. есімі шебер пайдаланылды. «Ми шаюдың» шектен шыққан түрі қаза тапқан оралдық пионер Павлик Морозовтың есімін пайдалану болды. Идеологиялық қызметкерлердің қолымен өгей әкесін ұстап берген Павлик Морозовтың жалған бейнесі жасалды. Бұл жағдайда сталиндік насихат адамдарды сөз жеткізу мен ұстап беруге ашық итермеледі, оларды жалған қырағылыққа шақырды. Болуы мүмкін әр түрлі жаулардың тіміскі әрекеттерінен сақтандыруға шақырған плакаттар барлық жерде ілулі тұрды. Әркімнің жеке өміріндегі кез келген факті немесе абайсызда айтылған сөз жұмысшылар, студенттер мен оқушылардың жалпы жиналыстарының басты талқылайтын мәселесіне айналды. Елде адамдардың бір-біріне деген сенімсіздігінің, қорқыныш пен қорғансыздықтың ауыр жағдайы орнады.
БК(б)П ОК-нің 1923ж. маусымда өткен мәжілісінен кейін ұлттық идеялардың көріністерін неғұрлым қатаң қуғындау орын ала бастады. Ұлт зиялыларының өкілдері ұлтшылдық басмашылармен байланыс, Кеңес өкіметін құлатуға ұмтылғаны үшін айыпталды. Олар қуғын-сүргінге ұшырады. 1922ж. басшылық қызметтегі «Алаш» партиясының барлық бұрынғы мүшелері орындарынан қуылып, ал 1924ж. бірқатар қазақ коммунистері республикадан Орталыққа шақыртылып алынды.
55.1930-қоғамдық-саяси өмірге талдау.Қазақ Кеңестік Социалистік Республика құрылуы. 1930ж.КСРО-да социалистік қатынастар орнады. Социализм тоталитарлық, казармалық сипат алды. Мемлекеттік меншік нығайып, өндіріс құрал-жабдықтарына қоғамдық меншік орнап, шаруалар жерден шеттетілді. Жұмысшылар орталықтандырылған мемлекеттік меншікке қатысы жоқ, еңбегін сатып күн көретін пролетариат қалпында қалды. 1936ж. сталиндік КСРО Конституциясы жариялаған бюрократиялық орталықтандыру орнықты.
Елде “Социализм жолымен ілгерілеген сайын тап күресі шиеленісе түседі” деген сталиндік теория үстемдік етті. Жазалау органдарының қызметі күшейтілді. Мемлекеттік билік органы ретіндегі Кеңестер қызметі шектелді. Жеке адам құқығы тарыла берді, балама пікір қабылданбады. 1928ж. Қызылордада “қызыл астананы” салушылардың “қаскүнемдігі” ашылды. Талантты сəулетшілер, инженерлер, ғалымдар – М.Тынышбаев, П.Т.Буддаси, С.Б.Голдгор, С.А.Баграков жауапқа тартылды. 1930 ж. сəуірде қазақ-кеңес əдебиетінің негізін салушылардың бірі – Жүсіпбек Аймауытовты атуға үкім шығарылды.
1937-1938ж. лаңкестік жаппай сипат алды. Ұлт зиялылары “халық жаулары” деп айыпталып, сталиндік жендеттердің қолынан қаза тапты. Қазақ-кеңес əдебиетінің көрнекті тұлғалары – С.Сейфуллин, Б.Майлин, І.Жансүгіров, М.Жұмабаев, М.Дулатұлы жазаға ұшырады. Жазалау шараларының құрбандары: қазақ тілі білімінің ғылыми маркстік негізін салушы А.Байтұрсынұлы, тілтанушы ғалым, профессор Қ.Жұбанов, қазақтың тарихи білімінің негізін салушы С.Асфендияров, КСРО Ғылым академиясы Қазақ филиалы басшыларының бірі М.Төлепов.
ҚЗ лагерьлер жүйесі құрылды:
Степлаг – далалық лагерь.
Карлаг – Қарағанды ерекше режимді еңбекпен түзеу лагері.
ЧСИР – Отанға опасыздық жасағандардың отбасы мүшелеріне арналған лагерь.
АЛЖИР – Отанға опасыздық жасағандар əйелдерінің Ақмола лагері.
ГУЛАГ – Лагерьлер Бас Басқармасы. 101 мың қазақстандық ГУЛАГ-қа жабылып, 27 мыңнан астамы атылды. “Халық жауларының” 40 мыңы кейін ақталды.С.Сейфуллиннің, Т.Жүргеновтің, С.Қожановтың əйелдері және Т.Рысқұловтың əйелі мен қызы түрмелерде азап шекті.
1937ж. наурызда Қазақстан Кеңестерінің төтенше Х съезінде Қазақ КСР-і Конституциясы қабылданды.Республиканың саяси негізі – еңбекшілер депутаттарының Кеңестері, ал экономикалық негізі – социалистік шаруашылық жүйесі деп көрсетілді. Өндіріс құралдары мен құрал- жабдықтары социалистік меншік болып табылатыны жарияланды.
1937ж. желтоқсанында КСРО Жоғарғы Кеңесінің сайлауы өткізілді. Жоғарғы Кеңеске республикадан 44 депутат сайланды. Олардың ішінде шахтер Т.Күзембаев, мұнайшы С.Зұрбаев, комбайншы И.Логвиненко, сауыншы С.Оңғарбаева, паровоз машинисі Л.Березняк болды. 1938 жылғы маусымда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің сайлауы өтіп, оған 300 депутат сайланды, оның 152-сі қазақ болды.
1939ж. елдің индустриялық қуатын арттыру, қорғаныс қабілетін нығайту мақсаты қойылды. Қазақ КСР-і үшінші бесжылдықта түсті металдар өндіру жөніндегі ірі базаға, көмір, мұнай өндіретін, ауыл шаруашылығы дамыған ауданға айналуға тиіс болды.