11.Моңғол дәуіріндегі Қаз-ның тарихы. Қз Алтын Орданың құрамында. Моңғолдық жаулап алуы еуразиялық аймақтарда құрылған қарым-қатынасты және оны мекендеген тайпалар мен халықтар өзара байланыстарын бұзды, олардың этносаяси және шаруашылық-мәдени дамудың барысын өзгертті.
1218-1219 жылға қарай моңғолдар көрші елдердің көптеген халықтарына өзіне бағындырды. Енисей қырғыздары мен буряттардыңжерлері жаулап алынды, танғұттардың мемлекеті құлады, Ұйғыр Турфан патшалығының билеушісі моңғол азаматтығын өз еркімен қабылдады. Цинь империясының әскерлерін құлдырағаннан кейін моңғолдар Солтүстік Қытайды мекендеді. Шыңғысханның келесі мақсаты – Орта Азия, Иран, Таяу Шығыс, Күнгей Кавказ, Шығыс Еуропаны жаулап алу. Ертіс, Арал теңізі және Әмудариядан батысқа қарай Шыңғысхан өзінің үлкен ұлы және оның ұрпақтарына ұлысқа әлі жаулап алынбаған жерлерді берді.Моңғолдар Жетісуді тойтарыссыз жаулап алды. Найман қолбасшысы Кұшлықтың сегіз жылдық билігі, хорезмшах Мұхаммад және қарлұқ иеленушісімен соғысы нәтижесінде Жетісу тұрғындары соңында кедейленді. Жетісу халқын өз жағына бағындырғысы келген Шыңғысхан осы аймақта тонаушылық пен қырғынға тыйым салды. Құшлық Орта Азияға қашты, ал нәтижесінде оны Бадахшанда моңғолдар қуып жетіп, өлтірді.Шығыс Түркістан және Жетісудің жаулап алуы Оңтүстік Қазақстан арқылы Орта Азияға жолды ашты. Шыңғысхан әскерінің жорығы 1219 ж. қыркүйекте басталды. Моңғол әскері Ертістен Жетісу арқылы жүрді. Олар 150 мың адамды құрады, олардың ішінде 111 мың моңғол, әскердің қалған бөлігін Шыңғысхан билігіндегі жауынгерлер – ұйғыр мен қарлұқтар құрады.1219 ж. моңғол әскерінің Мәуеренахрға Орта және Төменгі Сырдария қалаларының аудандарына қозғалыс бағдары Қазақстанның шаруашылық қатынаста ең қоныстанған және меңгерілген аудандары – Жетісу арқылы жатты. Оңтүстік Қазақстан аумағының жергілікті тұрғындары моңғол әскеріне батыл соққы берді және олар жаппай лаңкестік, зорлық, көптеген облыстарды талқандау, қалаларды бұзу әдістерін қолданды. Араб және парсы деректерінде әр түрлі елдердің отыз шақты қалалар келтіріліген, оның тұрғындарын моңғолдар түгелдей қырып тастады. Олардың ішінде үш оңтүстік қазақстандық қалалар бар: Отырар, Сығанак және Ашнас.
Қазақстан Алтын Орданың құрамында.1227 жылы Шыңғысхан қайтыс болғаннан кейін 1235 жылы Қарақорымда монғол ақсүйектерінің құрылтай жиналысында Шығыс Европаға жаңа жорық жасау туралы шешім қабылданды. Монғол әскерін Шыңғыс ханның немересі Батый басқаратын болды.1236-1242 жж. Еділ Бұлғариясын, орыс княздіктерін бағындырып, Польшаны, Венгрияны, Чехияны, Молдовияны, Валахияны, Трансильванияны талқандап, Батый Еділдің сағасына қайта оралды да, мұнда жаңа монғол мемлекеті – Алтын Орданы құрды. Бұл мемлекеттің аумағы шығыста Ертіс өзенінен батыста Еділ мен Әмударияның төменгі сағасына дейінгі орасан зор жерлерді алып жатты.Алтын Орда алғашқы кезде Монғол империясының бір бөлігі болды, сөйтіп, әуелгі кезде монғолдың ұлы ханына қарайтын, бірақ Батый хан (1242-1256) өзін тәуелсіз билеуші ретінде ұстады. 1260 ж. Монғол империясы тәуелсіз ұлыстарға бөлінді. Алтын Орда Батыйдың інісі Берке ханның (1256-1266) тұсында дербес мемлекетке айналды. Ол елді басқарған кезде Алтын Орда Монғол империясынан біржолата бөлінді. Одан кейінгі Мөңке-Темір хан (1266-1280) тұсында Алтын Орда тұңғыш рет өз атынан теңге құя бастады. ХІІІ ғасырдың 80-ші жылдары Алтын Ордада беклербек Ноғайдың есімімен байланысты дағдарыс басталды. Ноғай Шыңғысханның бір ұрпағы ретінде Батый мен Берке кезінде мемлекеттегі екінші адам болды. Оның ниеті өзінің дербес мемлекетін құру еді. Ол өзіне Дунай, Днестр, Днепр бойындағы елдерді бағындырып алды. Тоқты хан кезінде (1298-1312) алауыздық өзара күреске ұласып, 1300 жылы Ноғай жеңіліс тапты, содан кейін ғана Алтын Орданың бірлігі қайтадан қалпына келтірілді.Өзбек ханның (1312-1342) және оның баласы Жәнібектің (1342-1357) тұсында Алтын Орда барынша күшейді. 1312 жылы Өзбек хан исламды мемлекеттік дін етіп жариялады.1357-1380 жылдары ондаған хан ауысады. Сөйтіп, бұл жылдар Алтын Орда тарихында «Ұлы дүрбелең кезеңі» деп аталады. Жошының ұрпағы Тоқтамыс хан Мамайдың әлсірегенін пайдаланып, Алтын Орда билігін тартып алады.Тоқтамыстың кезінде (1380-1395) Алтын Орда уақытша күшейеді. Бірақ ХІҮ ғ. соңында Әмір Темір Алтын Ордаға бірнеше рет жорық жасап (1389, 1391, 1395 жж.), оны ойрандап кетеді. Алтын Ордаға Темір мемлекетімен болған соғыс өте ауыр тиді. Осы соққыдан ол оңала алмайды. ХҮ ғ. орта кезінде Алтын Орда құлайды. Ол Сібір хандығы, Ноғай Ордасы, Қазан хандығы, Қырым мен Астрахан хандықтарына бөлініп кетеді.