1.Қз тарихы кезеңделуі. Қз аумағындағы тас дәуіріне сипаттама


Ақ Орда, Моғолстан мемлекеттерге тарихына талдау этникалық құрамы, аумағы, саяси тарихы



бет13/70
Дата13.05.2023
өлшемі188,03 Kb.
#92828
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   70
Байланысты:
жауаптары кт2022 жыл. (2)

12.Ақ Орда, Моғолстан мемлекеттерге тарихына талдау этникалық құрамы, аумағы, саяси тарихы.
Ақ Орда шекарасы Жайық өзенінен Ертіске, Батыс Сібір ойпатынан Сырдың орта шеніне дейін созылып жатты. Ақ Орданың астанасы - Сырдария өзенінің орта ағысы бойында орналасқан Сығанақ қаласы.Ақ Орданың саяси тарихы.Орта Азия мен Хорезмнің қала, егіншілік және сауда аудандарымен байланыс орнатқан Ақ Орда хандары біртіндеп Алтын Орда билігінен алыстай бастайды да, XIV ғ. алғашқы жартысында, яғни Ерзен және Мүбәрәк қожа (1320-1344 жж.) хандар тұсында біржола дербестікке өтеді. Ақ Орданың күшеюі Ұрыс ханның билігіне тұс келеді (XIV ғ. 60-70 жж.). Тарихшы Қадырғали би Қасымұлы Ұрыс ханды ақылды да батыл билеуші ретінде сипаттайды. Ұрұс хан 1368-1369 жж. өз атынан Сығанақ қаласында теңге соқтырады. Ол 1374-1375 жж. Еділ бойына жорық жасап, Алтын Орданың астанасы Сарайды, Қажы-Тарханды алып, Кама Бұлғарларын бағындырады. Бірақ Алтын Орданың уақытша билеушісі Мамайды жеңе алмайды. Осы кезде Орта Азияда Әмір Темірдің күшеюінен сескенген Ұрыс хан Сыр бойындағы өз иелігіне оралады.Оның баласы Тоқтамыс Әмір Темірге барып паналайды. Осы кезден бастап Темір Тоқтамысты пайдаланып, Ақ Орданы да, Алтын Орданы да басып алуға тырысады.
Әмір Темір Тоқтамысқа қару-жарақ, әскер беріп, Ақ Орданы басып алуға жібереді. Алайда Тоқтамыстың Ақ Ордаға жасаған бірнеше шабуылынан еш нәтиже шықпаған. Ұрыс хан мен оның баласы Тоқтақия қайтыс болғаннан кейін Темір Тоқтамысты Ақ Орда тағына отырғызды.1379 ж. Тоқтамыс Ақ Орданың билігін толық өзіне алады. ХІҮ ғ. аяғында Тоқтамысқа қарсы әрекет ете бастаған Темір оның орнына 1395 ж. Ақ Орда тағына Ұрыс ханның тағы бір баласы Қойыршық оғланды хан етіп қояды.
Ақ Орданың келесі ханы Барақ Сыр бойындағы қайтару үшін әрекеттер жасайды. Темірдің немересі Ұлықбектің әскерін жеңіп, көптеген қалаларды өзіне қаратады. Алайда 1428 ж. Шығыс Дешті-Қыпшақтағы билік Жошының Шайбани әулетінің ұрпағы Әбілқайыр ханның қолына тиеді.
Мұсылман деректері Ақ Орданы билеген хандар шежіресін шамамен мынадай жүйеде береді: Орда Ежен, Сартақтай, Қойыншы, Баян, Сасы Бұқа, Ерзен, Мүбәрәк, Шымтай, Ұрыс хан, Құйыршық және Барақ.хан.
Ақ Орданың этникалық құрамы және қоғамдық құрылысы.
Ақ Орда — Қазақстан жерінде манғолдар шабуылынан соң жергілікті этникалық негізде қалыптасқан алғашқы мемлекеттік құрылым. Бұл жер ерте замандардан түркі тілі мен мәдениетіндегі, сондай-ақ осы тарихи кезеңде жолында тұрған қазақ ұлтының негізін құраған үйсін, қаңлы, қарлық маңғыт сияқты ортағасырлық елдердің, сондай-ақ басым бөлігі Шыңғыс хан шабуылы тұсында Қазақстанға іргелес оңтүстік-шығыс аудандардан және Алтайдан ығысқан жалайыр, найман, керей, арғын, қоңырат және басқа ірі тайпалық одақтардың атамекені болды.


Моғолстан ХІҮ ғ. ортасы – ХҮІ ғ. басында Оңтүстік-Шығыс Қазақстан аумағы Моғолстан мемлекетіне кірді. Бұл мемлекет ХІҮ ғ. ортасында Орта Азияның солтүстік-шығыс бөлігі, Жетісу мен Шығыс Түркістан жерінде Шағатай ұлысы ыдырағаннан кейін құрылды. Моғолстан мемлекетінің негізін салушы – дулат тайпасының көсемі Әмір Болатшы. Алғашқы ханы – Тоғылық Темір (1348-1362 жж.), ол Моғолстан билеушілері әулетінің негізін салды. Астанасы – Іле алқабындағы Алмалық қаласы болды. Территориясы: Оңтүстік-Шығыс Қазақстан, Қырғызстан, Шығыс Түркістан. Орталық аймағы – Жетісу. «Моғолстан» атауы «монғол» сөзінен шыққан. Өйткені түрік және парсы деректерінде монғолдарды осылай атаған. Халқы: дулаттар, қаңлылар, керейттер, арғындар, үйсіндер, барластар т.б. түрік және түріктенген монғол тайпалары. Олар мемлекет атауына сай моғолдар деп аталды. Осынау тайпалардың Жетісуды жайлайтын едәуір бөлігі кейін қазақ халқының құрамына енеді, ал оның Тянь-Шань өңірі мен Шығыс Түркістанды мекендейтін екінші бөлегі қырғыздар мен ұйғырлар құрамына кетеді. Осылардың ішінде дулаттар ең қуатты тайпа болды.Моғолстанда мемлекеттің саяси басшысы және жер-судың жоғарғы иесі хан болған. Дулат тайпасы әмірлерінен ханның көмекшілері - ұлысбектер тағайындалды. Хандық кеңес мемлекеттің ішкі және сыртқы істері, әскери жорық және жайылымдық жерлерді бөлумен айналысты. Ақсүйектер жерді шартты түрде иеленудің икта, инджу, сойырғал сияқты түрлерін пайдаланған.Иеліктерді қайта бөлуге бағытталған соғыстар мен өзара қырқыстар халық бұқарасының халін ауырлатты. Моғолстанның алғашқы ханы Тоғылық Темір өз билігін нығайту үшін ислам дінін тірек етті.Моғолстанның саяси тарихында феодалдық соғыстар мен ішкі қырқыс, көрші мемлекеттер тарапынан жасаған шапқыншылықтарды тойтару жағы өте көп болған. Тоғылық Темір 1361 жылы Мәуереннахрды түгел басып алып, баласы Ілияс Қожаны билеуші етіп қойды. Кейін ол әкесінің орнына 1362-1385 жж. Моғолстанның билеушісі болды. Оның тұсында өзара қырқысу соғыстары басталып, Моғолстан бірнеше бөлікке бөлінді: Дулат әмірі Қамар ад-Дин – Жетісуды, Енке төре – Іле мен Тарбағатайды биледі.Осыны пайдаланған Әмір Темір ХІҮ ғасырдың 70-80-жылдары Моғолстанға оншақты рет шапқыншылықтар жасайды.Жүніс хан тұсында (1462-1487) мемлекет жағдайы біраз нығаяды, бірақ ол 1472 жылы Жетісуға шабуыл жасаған ойраттардан жеңіліп қалады. Жүнісханның баласы сұлтан Махмұт хан (1487-1508) Жетісуда және Сырдария қалалары үшін қазақ хандарымен соғысады. Моғолстан билеушілерінің ең соңғысы Жүніс ханның немересі Сейітхан 1514 жылы Қашғарияны басып алып, Шығыс Түркістанда Моғолия атты жаңа мемлекет құрады. Жетісудағы қазақ рулары мен тайпалары 60 жж. бастап Қазақ хандығының құрамына енеді.Сөйтіп, ХҮІ ғ.басында феодалдық өзара қырқыстар, халық наразылығының жиілеуі және олардың Қазақ хандығына барып қосылуы салдарынан Моғолстан ыдырап, жеке мемлекет болып өмір сүруін тоқтатты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет