5.Қз аумағындағы ғұндардың тарихы. Халықтардың ұлы қоныс аударуы+оның дүниежүзілік тарихтағы маңызы. Б.з.д. 4-3ғ. Қытайдың солтүстігі мен Орталық Азия жерін мекендеген тайпалық бірлестік ғұндар деп аталды. Олар көшпелі, жауынгер халық болған. Ғұндардың кезінде патриархалдық-рулық қарым-қатынастық белгілері өте күшті болды.Ғұндар ішінара 24 руға бөлінген және әр рудың басында ағамандар тұрған. Сонымен бірге, ғұндар әскери тұтқындардан тұратын құлдар ұстаған. Бір қызығы, ғұндар ер азаматтардың барлығын қатардағы жауынгер деп санаған. Жазба деректерінде ғұндар билеушісінің шанью деп аталғаны көрсетілген. Елді шанью билесе, олардан кейін түменбасылар тұрған.Ғұн мемлекеті б.з.д. 3ғ. Көшпенді ғұн тайпаларын біріктірген Мөде хан кезінде Еуразиядағы ең мықты мемлекет болды.Тарихи деректерде б.з.д. 209ж Мөде хан әкесін өлтіріп, таққа өзі отырған делінеді. Мөде хан билікке келгелі ғұндар қатты күшейіп, аумағын кеңейте бастады.Қытай мен ғұндар арасындағы соғыс 300 жылға созылған. Б.з.д. 3ғ Қытай мемлекеті ғұндардан қорғану үшін Ұлы Қытай Қорғанын сала бастады.Сол замандарда ғұндардың әскер басы 300-400 мыңға жететін. Алайда, Мөде қайтыс болғаннан кейін елде өзара қақтығыс орын ала бастады.Содан б.з.д. 47ж. Хулагу билігі кезінде ғұндар оңтүстік және солтүстік болып екіге бөлінеді. Ғұндар жалпы көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан тайпа.Олар әсіресе жылқы өсіріп, қой ұстаған.Сонымен бірге, ғұндар аң аулап, отрықшылықпен айналысып, егін еккен.Ғұндар дәнді дақылдың ішінде тарыны көп өсірген.Ғұндар жауынгер ғана емес, сондай-ақ керемет қолөнер шебері болған. ОЛарда қолөнер мен бейнелеу өнері жоғары деңгейде дамыған. Соның арқасында көшпелі халық зергерлік өнердегі полихром стилін дүниеге әкеледі. Сондай-ақ,ғұндар ат үсті ойындарының негізін салған тайпа ретінде тарихта қалды.Жауынгер тайпаның халқы көктәңіріне табынып, ата-бабасының рухына сыйынған..
Ғұндар және Халықтардың ұлы қоныс аударуы.Тарихтағы “Ұлы қоныс аудару” Орталық Азияның саяси картасына, этникалық құрамына өзгерістер әкелді. Жалпы ғұн тайпаларының шығыстан батысқа карай жылжуы б.з.д. II ғасырдан басталып, б.з. IV ғасырына дейін созылған. Бұл жылжу тек ғұндарға ғана тән құбылыс емес, басқа да ірі тайпаларға да әсерін тигізді. Тарихта бұл құбылысты Халықтардың ұлы қоныс аударуы деп атайды. Бұл оқиға әсіресе Қазақстанға үлкен әсерін тигізді: жергілікті сақ, юэчжи, үйсін, каңлы сиякты тайпалардың шығыстан батысқа карай орын ауыстыруына әкелді.Ғұндар Еділден өтіп, алдарына сармат-аландарды сала отырып, Еуропаға енді. Енді азиялық ғұндар Еуропалық жазбаларда гұндар деп атала бастады. Олар Доннан Дунайға дейінгі ежелгі готтарды Дунайдың арғы жағына ығыстырды. Кейін готтар (герман тайпалары), остготтар (шығыс готтар) да ғұндармен одақтасуға мәжбүр болды. Ғұндар Керчь бұғазы арқылы өтіп, Босфор патшалығын талқандады. Бүкіл Қара теңіз жағалауынан Днестрге дейін аралық ғұндардың қол астына көшті. 376 жылы ғұндар Рим империясы шекарасына тақап келді. V ғасырдың 30-жылдарында ғұн басшысы Румыния және Венгр жерінде мемлекет басына келгеннен бастап мемлекет күшейіп, әлемге әйгілі болды. Ғұндар патшасы Аттила Еуропада Ғұн мемлекетін құрып, елді кеңейту мақсатында Рим империясына қарсы күресті. Рим империясы әскерлерімен 250 мың Аттила әскерлері арасында Шалон қаласы түбінде шайқас болды. Ол Рим империясының кейбір аудандарын басып алды. VI ғасырда Еуропада Аттила бейнесі кескінделген алтын, күміс ақшалар шығарылған. Батыс готтар ғүндармен бірігіп Ежелгі Рим империясына үлкен қауіп төндірді. Сонымен қатар халықтардың ұлы қоныс аударуы жергілікті тайпалардың антропологиялык түр-келбетінің өзгеруіне әсер етті. Халықтардың араласу (метисация) үрдісі ерте темір дәуірінен басталғандығын аңғаруға болады. Аттиланың жетекшілігімен ғұндар көптеген Еуропа елдерін жаулап алған. Еуропаға шабуыл жасап, басып кірген ғұн державасы 5ғ. Ортасында Аттила өлгеннен кейін ыдырап кетеді