1.Қз тарихы кезеңделуі. Қз аумағындағы тас дәуіріне сипаттама


Түрік қағанатының құрылу үдерісіне сипаттама,тарихи маңызы. Батыс Түрік қағанаты: аумағы, халқы, саяси тарихы



бет6/70
Дата13.05.2023
өлшемі188,03 Kb.
#92828
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   70
6.Түрік қағанатының құрылу үдерісіне сипаттама,тарихи маңызы. Батыс Түрік қағанаты: аумағы, халқы, саяси тарихы.
Түрік қағанаты. Ғұндар империясы ыдыраған соң, Орхон аймағында түркі текті теле тайпалар одағы ұйымдасты.5ғ. орт. Ашина бастаған Алтайдағы түркілер осы телелердің 40мың үйлік бірлестіктерін бағындырып, солардың күшімен өздерірің ата жаулары жужандарды (аварлардың бабалары) жеңіп, тарих сахнасына көтерілді. Түрітер 552ж. Солт. МОңғолия жерінде түрік қағанатын құрды. Оның алғашқы билеушісі Бумын қаған еді. Ол жужандарды жеңген жеңісі үшін «елхан» деген атаққа ие болды. Бумын 553 ж. Қаза болып, орнына баласы Қара-Еске қаған болды.Қара-Еске қағанның бастауымен түріктер Орхон өзенінің жоғарғы Жағындағы Букрат тауларында аварларды 2 рет жеңді. Ал 553-572ж. Мұқан қаған кезінде жужандар түріктерден бас көтерместей жеңілді. Осы кезден бастап түріктер Ұлы Даланың шығыстағы қожасына айналды. Түріктер Орта Азияның ішкі аумақтарына жасаған жорықтарда эфталиттерден қатты қарсылық көрді. Кейін эфталиттерді түріктер 563-567ж. Жаулап алды. Мұқан қаған тұсында бүкіл Ішкі Азия, Оңтүстік Сібір жері, Оңтүстік-батыс Маньчжуриядағы қидандар, қарақытайлар, Тува жері мен Енисей қырғыздары бағындырылды. Иштеми қаған тұсында түріктер батысқа қарай жылжып, Жоңғария жерін,ҚЗ-ның, Орт. Азияның шығыс аймақтарын бағындыра бастады. 6ғ. 2нші жарт. Қарай түріктер бүкіл ҚЗ жерін,Орт.Азияның біраз бөлігін бағындырып,Қара теңіз жағалауына жетті..Билік басында ақсүйек ашына(ашина) руы тұрды. Оның алғашқы қағандары Түмен(Бумын), Мұқан, Естеми, Қара-Еске қағандар еді.Сөйтіп, Қытай,Иран,Византия сияқты ірі мемлекеттерге өзінің саяси ықпалын жүргізген күшті мемлекеттің біріне айналды. Алайда кең байтақ жерді алып жатқан Түрік қағанаты саяси жағынан бір орталыққа бағынған күшті мемлекет бола алмады, себебі 581ж. Қағанаттың өз ішінде соғыстар басталды. Бұл жағдайды пайдаланған Қытай және басқа да мемлекеттер түріктерге шабуыл жасады.603ж. Түрік қағанаты Батыс және Шығыс Түрік қағанаты болып 2ге бөлінеді.


Батыс Түрік қағанаты (Көне түркілік:Он оқ бұдун) — Түрік қағанаты ыдырап, екіге бөлінуі нәтижесінде пайда болған ерте ортағасырлық түркілер мемлекеті (603 – 704). Батыс Түрік қағанатының негізін Тардуш (Дато) қаған қалаған. Батыс Түрік қағанатының орталығы Шу өзені бойындағы Суяб қаласы болды. Жазғы ордасы Мыңбұлақта орналасты. Ол Жамбыл облысында Қаратаудың шығыс баурайынан Жоңғарияға дейінгі жерді алып жатты. Он тайпа бес нушеби және бес дулу тайпаларына бөлінді. Шегу мен Тон қағандар тұсында қағанаттың саяси билігі күшейді.Шегу қаған шығыстағы шекараны Алтайға дейін, батыстағы шекараны Тарым өзені мен Памир тауына дейін жеткізді. Ал Тон қаған Орта Азиядағы басқару жүйесін қайта құрған. Б. т. қ-ның халқы “он оқ елі” (он оқ бұдұн), “бес арыс дулу”, “бес тайпалы нушеби” деп те аталған. Қағанаттың құрамына әр кезеңде қарлұқтар, Енисей қырғыздары, шығылдар (шігілдер), чомулдар (шөмекейлер), тухсилер, т.б. енді. Б. т. қ-ның мемлекет басшысы—қаған жоғары билеуші әрі әскербасы саналды. Ол мемлекеттің ішкі және сыртқы саяси істерінің бәріне басшылық жүргізді, ру басшыларын тағайындады. Қарапайым халық “қара бұдұн”, ал әлеум. құрылымның ең төм. сатысының тәуелді тобы “тат” деп аталған. “Татсыз түрік болмас, бассыз бөрік болмас” деген көне мәтелге қарағанда түркі шонжарлары қарамағында таттар саны аз болмаған. Ұлы Жібек жолының Б. т. қ-н басып өтуі мұнда қалалық мәдениеттің өркендеуіне ықпал жасады. Құлан, Навакет, Суяб, Тараз, Меркі, Испиджаб қ-лары сауда, қолөнер орталықтары ретінде әйгіленді. Қағанаттың халықар. экон. және саяси байланыстар аясына тартылуына соғдылық көпестер үлкен рөл атқарды. Жетісуда егіншілік мәдениеті, құрылыс өнері, түрлі қолөнер кеңінен дамыды. Түркілер теңге соғуды игерді. Теңгелер түркі қағандары атынан соғылғанымен, олардағы сөздер соғды тілінде жазылды. Б. т. қ-нда жазба мәдениет дамып, әдеби дәстүр қалыптасты. Б. т. қ-ның халқы Көк тәңіріне, Ұмай анаға, Жер анаға, Су анаға тағзым етті.Батыс түрік ұағанаты өзіне жаңа жерлер жаулап алып жатты. Олар 588ж. Еділ бойын,Орал тауының бергі бетіндегі елдерді, Орталық Азияның біраз бөлігін өздеріне бағындырып алды. Батыс Түрік қағанатында мемлекеттің ең жоғарғы билеушісі қағаннан бастап ру-тайпа басшыларына дейін 28 дәрежелі лауазым иелері болған.М:ұлық,шад,тегін,елтебер т.б.630-634ж. Батыс Түрік қағанаты Сырдариядан батысқа қарай Орта Азиядағы саяси ықпалынан айырылып қалды. Осы кезеңнен бастап мемлекетте дағдарыс кезеңі басталды. Оның басты себебі,сыртқы жаулардың қысымы және тайпалық одақтар арасындағы билік үшін күресі еді.Жетісуға қытайлар басып кіріп,657ж. Батыс Түрік қағанатының әскері жеңіліске ұшырап, саяси дербестігінен айырыла бастады.Батыс түрік қағанатының құлауының нәтижесінде оның басқа аймақтарында күшті мемлекеттік бірлестіктер пайда болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет