1.Қз тарихы кезеңделуі. Қз аумағындағы тас дәуіріне сипаттама


Қазақстан аумағындағы ядролық сынақтарды және олардың салдарын сипаттаңыз. «Невада-Семей» қозғалысы



бет61/70
Дата13.05.2023
өлшемі188,03 Kb.
#92828
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   70
Байланысты:
жауаптары кт2022 жыл. (2)

76.Қазақстан аумағындағы ядролық сынақтарды және олардың салдарын сипаттаңыз. «Невада-Семей» қозғалысы.
Еліміздің тарихындағы ең қайғылы парақтардың бірі - Семей ядролық сынақ.Алғашқы атомдық жарылыс дауысы 1949ж. тамыздың 29-ы, таңғы сағат 7-де естілді. Семей ядролық полигоны ауданында 450-ден астам жер үсті және жер асты ядролық сынақтарының өткізілуі нәтижесінде атмосфераға, гидросфераға және литосфераға өте үлкен мөлшерде радиоактивті материалдар шығарылды. Тек Семей ядролық полигонының ғана емес, соған жақын жатқан орасан үлкен аумақтар да (Павлодар, Қарағанды, Шығ ҚЗ, Жезқазған обл және Ресей Федерациясының Алтай өлкесі) радиоактивті ластануға ұшырады. Соның нәтижесінде сол аумақтағы көптеген тірі ағзалар және тұрғын халықтар зардап шекті. ҚЗ сансыз ядролық зерттеулердің салдарлары әлі де толық зерттелген жоқ.80ж. аяғына қарай демократиялық процестің жандауына байланысты Қазақ КСР-де қоғамдық ұйымдар құрыла бастады. 1989ж. көктемінде ҚЗда алғашқы болып «Невада - Семей» экологиялық қозғалысы құрылды. Бұл қозғалыстың лидері ақын О.Сулейменов болды. Қозғалыстың мақсаты – республика жеріндегі Семей және басқа полигондарды жабу, полигон зардабын шеккен халыққа көмек көрсету. Бұл қозғалысқа ҚЗның көптеген халқы кеңінен қатысты. ҚЗ Президенті Н. Ә. Назарбаев республикада ядролық сынақтар өткізуге мораторий жариялады. (Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Семей ядролық сынақ полигонын жабу туралы» Жарлығына 1991ж. тамыздың 29-да қол қойылды.) Соңғы сынақтардан бері он жылдан астам уақыт өткеніне қарамастан, Семей ядролық полигонының белдемі күні бүгінге дейін экологиялық кауіпті аудан болып есептеледі. Өйткені онда ұзақ сақталатын радиоактивті заттар жинақталған.
77.Кеңес өкіметі жылдарындағы Қазақстандағы ұлттық саясат пен демографиялық үдерістерді ашып көрсетіңіз (1917-1991 жж.).
XX ғасырда ҚЗ күрделі демографиялық дамуды бастан кешті. Ғасыр басында қазақ даласы тұрғындарының негізі көшпелі мал шаруашылығымен айналысатын ауыл адамдары болған ел тек ғасыр соңында ғана қала халқы көпшілік болған мемлекетке айналды.Қазақ халқы талай «тар жол — тайғақ кешулерге» душар болды. Бұл Қазан төңкерісіне дейінгі және одан кейінгі кезеңдердегі тарихи жағдайларға тікелей байланысты. Патша үкметінің ҚЗға шаруалар мен әскери-казактарды қоныстандыру саясатының жеделдете жүзеге асырылуы, 1916ж. ұлт-азаттық қозғалысы мен Қазан төңкерісінен кейінгі «Кіші Қазан төңкерісінің» салдары:1921-1922жж, 1931-1933жж. аштықтары мен 1941-1945жж. ҰО соғысының зардаптары, өңдірістің ірі «алыптарын» тұрғызу мақсатында республикаға жан-жақтан мыңдаған жұмысшылар мен мамандардың әкелінуі, тың және тыңайған жерлерді игеру, «комсомолдық бауырластық жолдамалар» нәтижелері көңілді қынжылтатын демографиялық ахуалға еріксіз әкеліп тіреді. XIX ғасыр мен XX ғасыр басында жүргізілген қоныс аудару саясаты кезінен ҚЗның кейбір аймақтарында негізгі көпшілік болып орналасқан орыс-казак келімсектерінің бұдан кейінгі кезеңдердегі өсіп-өнуі мен республика аймақтарына орналасу ерекшеліктері де бүгінгі тәуелсіз мемлекетімізде болып жатқан ұлтаралық қарым-қатынастағы құбылыстардың астарын түсінуге өз септігін тигізеді.XX ғасырда өткен демографиялық үрдістердің ауқымының кеңдігі мен күрделілігі ҚЗ халқының өсіп-өну тарихын зерттеудің ғылыми және қоғамдық сұранысқа ие, өзектілігі күшті екендігі еш күмән туғызбайды. Әлеуметтік-саяси, экономикалық үрдістер республика халқының құрамында, оның табиғи қозғалысы, көші-қон процестері, әлеуметгік құрылымы және т.б. көрсеткіштерінің өзгерістерінде демографиялық дағдарыс сипатында көрінді.М:1937ж. республика халқы 1926ж. санақпен салыстырғанда қазақтар,украиндар, өзбектер ,қырғызда және басқа ұлт өкілдері жалпы 1,3 есе кеміді, соның ішінде, қазақтар — 1,7 есе кеміді. Елге сырттан қоныс аудару саясатының пәрменді жүргізілуіне байланысты орыстар-1,5 есе, немістер-1,6 есе, татарлар-1,1 есе көбейген. КСРО-дағы халық санының жоспарланған деңгейден 11 миллионға кемдігін көрсеткен 1937ж санақ Кеңес өкіметінің 1917-1933жж. жүргізген саясатының демографиялық дағдарыстарға әкелгенінен хабардар етті.Демографиялық дағдарыс 1939-1959 жылдар аралығында да өтті. 1931-1933жж. ашаршылық кезіңде 2,2 млн адамынан жартысынан айырылса, 1939-1959жж кеңес өкіметінің сыналап жүргізген көші-қон саясатының нәтижесінде, қазақтардың өз жеріндегі үлесі 29,8%-ға дейін төмеңдеп,ҚЗ халқының үштен бірін де құра алмаған мүшкіл жағдайды бастан кешті. Н.Ә.Назарбаев 2003ж. 3 сәуіріндегі ҚЗ халқына Жолдауында халық санын 2015ж дейін 20 млнға жеткізу қажеттігіне баса назар аударды.«Тез арада етек жеңімізді жимасақ, өте ауыр жағдайға тап болуымыз мүмкін» деген ескертуі еліміздің экономикалық дамуы мен ұлттық біртұтастығымызға, еркіндігімізге қауіп туғызар жағдайдан сақтандырар ой болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет