2- дәріс. Дәріс сабағының тақырыбы: Патопсихология, психикалық даму бұзылыстарының түрлері


-дәріс Дәріс сабағының тақырыбы:Сана және сананың бұзылуы. Ассоциалардыңтежелуі



бет6/6
Дата05.05.2023
өлшемі41,75 Kb.
#90348
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
2-4-5-9-11-12

12-дәріс
Дәріс сабағының тақырыбы:Сана және сананың бұзылуы. Ассоциалардыңтежелуі.
Қарастырылатын сұрақтар:
1.Сана бұзылуының синдромдары.
2.Жүйкелік-психикалық аурулардың әртүрлі формаларындағы естің бұзылуы
Сана адамның –материя дамуының белгілі бір сатысында пайда болған қасиеті, адам псиикасының формасы. Сананың зақымдануы өте күрделі және психикалық бірліктердің, қасиеттердің барлығына ықпалын тигізеді. Психиартияда сана түсінігінің мазмұны оның психологиялық мазмұнынан ерекшеленеді. Клиницисттер сананы басқа психикалық процестердік фоны ретінде қарастырады.
Қарапайым ақыл- ойдың кемуі
Интелектуалды –мнистикалық функция мен әртүрлі дәрежеде көрінетін жеке бастағы регрессия белгілер аймағында негатив бұзылулармен көрінеді.
Психопатотәріздес ақыл- ойдың кемуі
Тұлғаның айқын өзгерістері немесе мінездің жаңа анамальді жақтарының пайда болуы, ол патологиялық церебральді процеске байланысты дамымайды.
Галлюцинаторлы -параноидты ақыл- ойдың кемуі
Деменция белгілерімен бірге галлюцинация,сандырақ көрінеді, олар бас миының деструктивті зақымдануының негативті симтаматиканың көрін деңгейі мен құрылымының ерекшеліктерімен байланысты.
Амнистикалық –парамнистикалық ақыл- ойдың кемуі
Симптомдары корсаков синдромына сәйкес келеді. Ол негативті және өнімді симптомдардың тұтастылығымен сипатталады, олардың өзара қатынасы әртүрлі болуы мүмкін. Соңғы этаптарында прогрессивті амнеия пайда болуы мүмкін.
Пралитикалық ақыл- ойдың кемуі
Естің бұзылуы, паралистикалық конфабуляция қатты интеллектуалды дефекттер және эйфория.
Асемикалық ақыл- ойдың кемуі
Деменция белгілері болады және афазия, агногзия,апраксия, алексия, аграфия, акалькулия симптомдары байалады.
Сана бұзылуы клиникалық практикада сананың айқын патологиялық жағдайының 2 үлкен тобын айырады.
Сананың есеңгіреуі.
Науқастар сыртқы тітіркендіргіштерге әлсіз жауап береді. Есеңгіреу толық (кома) және жартылай болады (есеңгіреудің жеңіл деңгейі, обнубиляция – “үзік сана”). Психикалық іс-әрекеттің уақытша жалпы тозуынан (есеңгіреудің жеңіл түрі) оның толық жоғалуына дейінгі диапазонда сана өшеді (сопор мен кома).
Делириоздық қалып. Бұл қалып үшін қозу мен бірге болатын сананың галлюцинаторлық немесе иллюзорлық-галлюцинаторлықбұзылысы тән.
Онейроидтік қалып. Сананың түстәрізді қалпы, ол үшін шынайы өмірді бейнелеу мен фантастикалық сипаттағы анық сезімдік елестердің қосылуы тән.
Сананың күнгірт қалпы. Бұл синдром кенеттен пайда болатын, қысқа мерзімі мен кенеттен тоқтап қалуымен сипатталады.
Деперсонализация – өз ойларынан, аффектілерінен, әрекеттерінен бөтенсіну. Оның жиі кездесетін түрі «дене схемасының» – бұзылуы, яғни адам өзінің денесінің жекелеген бөліктері мен мүшелерін дұрыс бейнелемейді. Олар «дисморфобия» деп аталады.
Псевдодеменция. Сана бұзылысының бұл түрі үшін жалған кемақылдылық тән.
Сананың қарауытуы.
Есеңгіреуден психопатологиялық симптоматикамен ерекшеленеді (галлюционациялар, жалған галлюционациялар, иллюзиялар, сандырақ идеялар, қорқыныш, ыза, козу немесе мелшию сияқты аффектілік бұзылулар).
Сананың қарауыту формасы(бұзылу,өзгеру)
Делирий - әдетте кешке қарай және бірнеше сағаттарға немесе тәулік бойына созвлады.Тән сипат: көзге қозғалмалы және красочный жалған галлюцинация, иллюзия, есту және тактильді галлюцинация да байқалады. өзіне бағдары бар.
Онеироид – делирийға қарағанда сана бұзылуының ауыр формасы. Аурудың бағдары жоқ немесе жалған бағдар. Аурумен байланыс орнату мүмкін болмайды. Онеироидтың ұзақтығы аптаға созылуы мүмкін. Онеироид кезінде ауру өз күйзелістеріне еніп кеткен, қабылдаудың бұзылуын тек аурудың бет әлпетіндегі эмоциясы арқылы ажыратуға болады.
Сумерочное( көлеңкелі) сананың көлеңкелі бұзылуы кенеттен басталуымен және бірден аяқталуымен сипатталады. Сананың бұзылу кезінде бағдар және еске түсіру жоқ болады.
Аменция — (сананың шиеленісуі). Сана көлеңкеленуінің ағымы бойынша терең және ауыр бұзылу. Аменция бұзылу кезінде толық бағдар жоқ. Галлюцинация, сандырақ, күйзелістер жүйесіз, ойлауы байланыспаған, көңіл күйі ауытқымалы хаотикалық қимылдың қозуы тән. Аурумен байланыс орната алмайды, болып жатқан өзгерістерді сезінбейді, ұзақтығы бірнеше күн, көбінесе апта.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет