2 – курс педагогикалық мамандықтарға арналғАН



бет12/25
Дата03.05.2023
өлшемі127,38 Kb.
#89595
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   25
Пассивті (ырықсыз) қиял – қиял бейнелері спонтанды түрде адам еркі және тілегінен туындайды. Яғни, адамның алдына мақсат қоймай-ақ, басындағы елестердің ағытылып, бірінен соң бірі өтіп жататын кезінде туады. Қиялдың бұл түрі төменгі сынып оқушыларында жиі кездеседі. Ұйқылы-ойлау кезде де ырықсыз қиялдар өздігінен туындап жатады. Пассив (әлсіз) қиялдың айқын түрі түс көруден байқалады. Көрген түстің қиынсыз шым-шытырық болатыны да – осы ырықсыздықтан. Мұндай қиялдың пайда болуы адамның өз ойының тізгінін босатып жіберуіне де байланысты. Мысалы, аспандағы бұлтқа қарап, оны әр нәрсеге ұқсату, немесе біреу әңгіме айтып отырғанда, оның басынан кешіргендері тыңдаушының көз алдынан ағлып өтіп жатуы. Осы екі мысалдардың бірінші жағдайында – қарапайым қиялдау затты қабылдаса, ал екінші жағдайда – сөзді қабылдаудан елес пайда болады. Елес – қиялдың пассив түрі.
Ырықты (активті) қиял – адам өзінің тілегімен және еркімен өзінде сәйкес бейнелер тудыра алады. Бұл – адамның алдына саналы түрде мақсат қоя отырып, әдейі образдар жасау мен қажетті бейнелер тудыруы. Қиялдың бұл түрі балалардың ойын әрекетінен де анық байқалады. Ұшқыш, дәрігер, мұғалім т.б. болып ойнауларына қарап, олардың ырықты қиялдарын аңғаруға болады. Өйткені ырықты қиял еңбектену процесінде дамып, әрбір адамның іс-әрекеті мен жұмыс нәтижелерін алдын ала көз алдарына елестетеді. Оларды орындауға қимыл-әрекеттерді жоспарлы түрде жасап отыруға міндеттейді. Ырықты қиял түрлерін топтап қарастырдың жолдары бар. Олар – қайта жасау қиялы және жасампаздық қиял.


8-апта бойынша орындалатын тапсырмалар: 13.03. – 18.03.2023ж.

  1. Зейінді диагностикалауға арналған әдістемелер.

Әдістеме «Іздеп тауып, белгіле»
Тапсырма баланың зейінінің тұрақтылығының қаншалықты деңгейде екенін анықтауға арналған. Бұл суретте әр түрлі фигуралар бейнеленген. Мен саған «баста» деп тапсырма берген кезде, айтқан затты суреттен «тоқта» деп айтқан уақытқа дейін іздеп, оны сызып отырасың. Маған келген жеріңді көрсетесің мен қайта «баста» деп айтамын, сен ойынды жалғастырасың. Мен бірнеше рет «баста», «тоқта» деп айтып отырамын, мен ойын «аяқталды» деген уақытта ойын аяқталады. Бұл ойынға бала 2,5 минут уақыт жұмсайды, әр 30 секундтан кейін ойын тоқтатылып, қайта басталады. Ойын 5 рет жалғасады.
Эксперимент жүргізуші екі затты ұсынады, ол ұсынылған затты әр түрлі екі сызықпен сызып отыру керек. (Түзуінен және көлденеңінен).
Бұл суретте баланың зейінінің қаншалықты деңгейде екенін анықтауға арналған. Бұл тапсырмада бала 2,5 мин. аралығында орындауы тиіс және баланың қанша рет берілген фигураларды таба білгені есептеледі.
2) Әдістеменің мақсаты: зейіннің қызмет кезінде қандай деңгейде жұмыс атқаратынын анықтау. Нұсқауы: сіз 2 минут ішінде төменгі бланк квадратының бос клеткаларына өсу реті бойынша сандарды қойып шығуыңыз қажет. Бұл сандар жоғары квадрат бланкісінде 25 торшада шашыраңқы орналасқан. Бағалау дұрыс жазылған сандар көлеміне байланысты орташа норма 22 сан. Жоғарғы 25. Әдістемені топтық зерттеуде қолдану ыңғайлы.
16 37 98 29 54
80 92 46 59 35
43 21 8 40 2
65 84 99 7 77
13 67 69 34 18
3) Әдістеме «Дұрыс белгіле »
Баланың зейінінің қаншалықты деңгейде екенін анықтауға арналған. Тапсырманы бастамас бұрын балаға сурет көрсетіліп тапсырма түсіндіріледі. Бұл тапсырманың ерекшелігі әр төртбұрышқа, ромб, үшбұрышқа төбесінде көрсетілген үлгідегі белгілерді қою керек. Бала бұл тапсырманы 2 мин аралығында орындау керек, жалпы көрсеткіші формула бойынша анықталады.
— зейін қою деңгейі;
— геометриялық фигуралар саны, 2 мин. аралығында белгілеп отырған белгілер саны;
п — тапсырманы орындау кезінде жіберілген қателер саны. Дұрыс белгіленбеген және қалып қойған, геометриялық фигуралардың сыртына шығып кеткен белгілер қате болып саналады .



  1. Зейіннің шоғырлануына арналған әдістемелер.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет