2-апта бойынша орындалатын тапсырмалар: 30.01. – 04.02.2023ж.
1.Мектептегі психологиялық қызметтің негізгі мақсаты мен міндеттері
Мектептегі психологиялық қызметтің басты мақсаты – дамудың және оқу-тәрбие процесінің әлеуметтік жағдайын ғылыми психологиялық қамтамасыз ету, яғни білім беру процесіндегі барлық қатысушылардың денсаулығын сақтауға арналған психологиялық жағдайларды қамтамасыз ете алатын, тұлғаны дамыту мен тәрбиелеудің осы күнгі психологиялық-педагогикалық теориялары негізінде осы процесті ұйымдастыру мен құру және жүргізу.
Қызметтің негізгі мәселелеріне кіретіндер:
әр жас кезеңінде балалардың тұлғалық интеллектуалдық дамуына қолдау көрсету, олардың бойында өзін тану және өзін жетілдіру қабілеттерін қалыптастыру;
-білім беру мекемелерінде әлеуметтік-психологиялық климаттың жағымды үйлесімді болуына қолдау көрсету;
-білім беру бағдарламаларын олардың мазмұны мен игеру тәсілдерін оқушылардың, тәрбиелеушілердің ақыл-ой және тұлғалық мүмкіндіктеріне бейімдеу мақсатында психологиялық қамтамасыз ету;
білім беру мекемелеріндегі әлеуметтік жағдайды психологиялық талдау, негізгі мәселелерді айқындау және олардың туындау себептерін, шешілу жолдары мен құралдарын анықтау;
балалардың, жеткіншектер мен жастардың дамуындағы ауытқулардың алдын алу және жеңе білу ;
мамандардың кәсіби іс-әрекетіне, білім беру бағдарламалары мен жобаларына, оқу-әдістемелік құралдарға психологиялық сараптама;
үздіксіз білім беру процесінде бір сатыдан екінші сатыға ауысу кезіндегі психологиялық — педагогикалық жағдайларды әзірлеу және жасау;
білім беру тәжірибесіне психология ғылымының жетістіктерін енгізу мен оларды таратуға қолдау көрсету;
білім беру жүйесі мамандарының іс-әрекетін ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету.
2.Мектеп психологының құқықтары мен міндеттері.
Психологтың құқықтары:
Оқу- тірбиелеу процесіндегі барлық субьектілермен жұмыстың формасы мен әдісін және белгілі бір кезеңде маңызды деген бағыттарды таңдай алады.
Әкімшілікке психологиялық қызметтің іс- әрекетінің нәтижелі, әрі өнімді іс- әрекетіне мүмкіндік беретін ұсыныстарды айта алады.
Оқыту – тәрбиелеу процесін ұйымдастыруға байланысты мектеп құжаттарын қарастыра алады.
Оқыту- тәрбиелеу процесін ұйымдастыруға бацланысты мектеп жиналыстарына белсенді қатыса алады.
Мектепте психологиялық зерттеуді және әдістерді жүргізеді, түзетеді.
Психолог өзінің біліктілігін арттыру және тәжірибе алмасу мақсатында әртүрлі конференцияларға, семинарларға қатыса алады.
Арнайы дайындығы жоқ адамдарға психодиагностикалық және психокорреуциялық жұмыстарды жүргізуіне тыйым сала алады.
Психологтың міндеттері:
Жұмыс барысында ҚР БЖҒМ бекіткен нормативтік актлерге, құжаттарға, бұйрықтарға негізделуі керек.
Психология ғылымының кейінгі жетістерімен таныс болып, өз іс- әреке -
тінде тек ғылыми негізделген әдістерді қолдануы керек.
Психологтың этикалық кодексін білуі керек және жұмыс барысында
негізге алуы керек.
Мектептегі құжаттарға психологиялық талдау жасау керек.
Әртүрлі деңгейдегі мектеп ұжымындағы тұлғааралық қатынастарға өз
бақылауында ұстап, талдап қажетті кезде түзету керек.
3.Мектеп психологының жұмыс бағыттары.
Психологтың жұмыс бағыттары:
1. Психопрофилактикалық жұмыстар жүргізудің мақсаты мектеп мұғалімдеріне жүйелі түрде психологиялық кеңестер бере отырып, олардың психологиялық сауатын көтеру. Оқушыларда кездесетін психикалық ауытқушылықтың алдын алу шараларын жүргізу, бала психологиясындағы өзгерістер туралы ата-анаға дер кезінде психологиялық кеңестер беріп, олардың алдын-ала сақтандырып отыру. Мектеп жағдайындағы психопрофилактикалық жұмыстарға жататындар:
– балалардың мектептегі оқуға психологиялық даярлығын анықтау (ес, зейін, ерік, ойлау, сөйлеу, қабылдау т.б.);
– бастауыш сынып оқушыларының мектептегі оқуға тез бейімделуін анықтап, ата-аналар мен ұстаздарға ұсыныстар беру;
– оқушылардың сыныптан сыныпқа көшу барысындағы психологиялық ерекшеліктеріне зерттеу жүргізіп, психологиялық кешеуілдеу мен ауытқушылықтарды анықтап, оны жоюға бағытталған шаралардың бағдарламасын жасау;
– оқушылардың әрбір психикалық үрдістерінің, сезімі мен еркінің, қабілеті мен мінезінің дамуына үзбей зерттеу жүргізіп, ұсыныстар беру;
– арнаулы бағдарламамен жұмыс жүргізуді қажет ететін оқушылар үшін пән мұғалімдерімен бірлесе отырып, арнаулы бағдарламалар дайындау;
– интернат типіндегі мекемелерге қабылданатын оқушылар үшін арнайы психологиялық зерттеулер жүргізіп, олардың өзіндік ерекшеліктерін анықтау;
– оқушылардың тұрмыс жағдайларына, оқу-тәрбие процесінің ерекшеліктеріне (күрделілік, олқылықтар, мұғалімнің өзіне тән психологиясын түсінбеу т.б.) байланысты олардың жүйке жүйесінің бұзылуының алдын алу;
– педагогикалық ұжымда үйлесімді психологиялық ахуалды қалыптастыру, ұстаздар мен оқушылардың, ата-аналар мен ұстаздардың арасында сенімді байланысты қалыптастырып, психологиялық ынтымақтастықты орнату.
Психолог психопрофилактикалық жұмыстарды жүргізу үшін сынып жетекшілермен бірлесе отыра, оқушылар туралы мәліметтер жинақтайды:
– дарынды оқушылар;
– озат оқушылар;
– үлгермеуші оқушылар;
– «қиын» оқушы мәселесі.
Психолог сабақтарға қатысады:
– оқушылардың жалпы білім деңгейін анықтау мақсатында;
– оқушылардың психикалық үрдістеріне, мінез-құлық, темперамент ерекшеліктеріне зерттеу жүргізу мақсатында;
– мұғалімдерге педагогикалық-психологиялық ұсыныстар беру мақсатында.
Оқудан тыс шаралар ұйымдастырады:
– мұғалімдер үшін психотерапиялық ойындар мен тренингтер өткізу;
– педагогикалық-психологиялық консилиумдар өткізу;
– ІХ-ХІ сынып оқушыларының кәсіби бейімділігін зерттеу;
– оқушылардың жеке психологиялық ерекшеліктерін зерттеу;
– мұғалімдер үшін психологиялық мазмұнда тұрақты семинарлар өткізу;
Психопрофилактикалық жұмыс түрлері: психологиялық сауаттандыру, психологиялық кеңес беру, педагогикалық-психологиялық консилиум.
2. Психодиагностикалық жұмыстар – ол әрбір жас кезеңдеріндегі оқушылардың өзіндік психикалық үрдістерінің даму ерекшеліктерін түрлі зерттеу әдістері мен зерттеу әдіс темелерін қолдана отыра анықтайды.
Психодиагностикалық жұмыстарды мектеп психологы мынадай мақсатта жүргізе алады:
– оқушылардың психикалық дамуы оның жас ерекшеліктеріне сай келе ме? Әрбір оқушымен жеке жұмыс жүргізу мақсатында олардың қабілетін ерте анықтау үшін психологиялық зерттеулер жүргізеді;
– балалардың жас дамуынан төмен психикалық ауытқушылықтарының себептерін, мінез-құлықтың бұзылу себебін анықтауға арналған диагностикалық зерттеулер жүргізеді;
– оқушылардың ересектермен (мұғалім, ата-ана), өз құрбыларымен қарым-қатынасының мазмұнын, қарым-қатынастың бұзылуының кейбір психологиялық себептерін анықтауға байланысты жұмыстар жүргізеді.
3. Психокоррекциялық (түзету) жұмыстары. Оқушылардың жеке тұлға ретінде қалыптасуына белсенді түрде психологиялық әдіс-тәсілдер арқылы ықпал ету. Білім беру мен тәрбие жұмыстарын қатар жүргізе отырып, оқушылардың қабілеті мен бейімділігі, жалпы психикасындағы ауытқушылықтар мен кемшіліктерді түзету. Ол үшін психолог:
– жас ерекшелігіне байланысты әрбір кезеңнің қалыптасу бағдарламасын жасауы керек;
– психикасында ауытқушылығы бар балалардың жүйке жүйесінің бұзылуының себептерін анықтайды;
– әрбір психикалық ауытқушылықтардың мазмұнына байланысты коррекциялық (түзету) жұмыстың бағдарламасын жасайды;
– шұғыл шара алатындай отбасы жағдайы қиын балалар мен жасөспірімдерге психологиялық көмек көрсетудің бағдарламасын жасау.
Психокоррекциялық жұмыс ата-аналармен, пән мұғалімдері мен сынып жетекшісімен бірлесіп жүргізілуі керек. Психокоррекциялық жұмыстар барысында оқушыларға ойын тренингтерін беру, иммитациялық ойындар, түрлі маңызды ситуацияларды шешу т.б. тапсырмалар беріледі.
4.Оқушы тұлғасын қалыптастырудағы мұғалімнің міндеттері.
- ғылыми теорияның методологиялық және психологиялық-педагогикалық негіздерін білуге
-білім мен дағдының дидактикалық принциптерінің қалыптасып қадағалауға;
- танымдық процестердің мүмкіншіліктерін және ақыл-ой қызметін бірте-бірте
- пәнаралық байланысты қолдана отырып жүйелі білім беруге;
- өткен материал мен өтілетін материалды байланыстыра отырып логикалық
- оқушы бойында білім алуға өз еркімен ұмтылып тәрбиелеуге;
- оқу процесін бақылауға және талдауға;
- педагогикалық фактілерді бір жүйеге келтіруге;
- кез келген педагогикалық ситуацияға педагогикалық шеберлігін қолдана білуге;
- пән сабағының құрылымына жаңа формалар, әдістер қолдану жолында
- сабақтың тақырыбын ашу мақсатына сәйкес қосымша материалдар қолдануға;
- өзеңбегінің жемісін болжай білуге міндетті.
Достарыңызбен бөлісу: |