2 – курс педагогикалық мамандықтарға арналғАН


-апта бойынша орындалатын тапсырмалар:13.03. – 18.03.2023ж



бет14/35
Дата12.05.2023
өлшемі478,96 Kb.
#91937
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   35
8-апта бойынша орындалатын тапсырмалар:13.03. – 18.03.2023ж. 
1. Зейінді диагностикалауға арналған әдістемелер.


Әдістеме «Іздеп тауып, белгіле»
Тапсырма баланың зейінінің тұрақтылығының қаншалықты деңгейде екенін анықтауға арналған.Бұл суретте әр түрлі фигуралар бейнеленген.Мен саған «баста» деп тапсырма берген кезде, айтқан затты суреттен «тоқта» деп айтқан уақытқа дейін іздеп, оны сызып отырасың.
Маған келген жеріңді көрсетесің мен қайта «баста» деп айтамын, сен ойынды жалғастырасың.Мен бірнеше рет «баста», «тоқта» деп айтып отырамын, мен ойын «аяқталды» деген уақытта ойын аяқталады. Бұл ойынға бала 2,5 мин. уақыт жұмсайды, әр 30 сек. кейін ойын тоқтатылып, қайта басталады.Ойын 5 рет жалғасады. 
Эксперемент жүргізуші екі затты ұсынады, ол ұсынылған затты әр түрлі екі сызықпен сызып отыру керек. (Түзуінен және көлденеңінен). 
Бұл суретте баланың зейінінің қаншалықты деңгейде екенін анықтауға арналған. Бұл тапсырмада бала 2,5 мин. аралығында орындауы тиіс және баланың қанша рет берілген фигураларды таба білгені есептеледі. 

2. Зейіннің шоғырлануына арналған әдістемелер.




Зейінді шоғырландыруды дамыту жаттығулары:
1. Сабақты жүргізу үшін 10-15 айырмашылықтары бар екі жұбын, бірнеше бітпеген суреттер немесе қисынсыз мазмұнды суреттер, бірнеше жартылай боялған суреттер дайындау қажет.
2. Бірінші тапсырмада балаға берілген жұп суреттерде барлық айырмашылықтарды атау ұсынылады.
3. Екінші тапсырмада балаға бірінен соң бірін бітпеген суреттерді көрсетеді де, не салынбай қалғанын сұрайды немесе қисынсыз мазмұнды суреттерді таңдап алып, сәйкессіздікті табуды сұрайды.
4. Үшінші тапсырмада бірінші бөлігінің боялғанындай суреттің екінші бөлігіне бояуы керек.
Барлық үш тапсырма бойынша нәтижелік бағаланады – дұрыс аталған айырмашылықтар саны, аталған жетімсіз бөлшектер және қисынсыздықтар саны, сонымен бірге дұрыс боялған бөлшектер саны.
3. Бастауыш мектеп жасындағы балалардың зейін ерекшеліктері.

Бастауыш мектеп кезеңінде негізгі іс-әрекет оқу болғандықтан, баланың барлық психикалық үрдісіне өзгеріс енеді. Іс-әрекетке белсенділігін көрсете отырып, ақыл-ой еңбегін зейін арқылы жүзеге асырады.


Оқу іс-әрекеті балаға өзінің есте сақтау үрдісін басқаруды талап етеді. Мектептегі оқу үрдісінің талаптары мен өзіне тән мазмұны бұл үрдісті едәуір дамытады, есте сақтау мықтылығы беки түседі. Есте сақтау деңгейі – есте сақталатын материалдың мазмұнына, іс-әрекет сипатына, материалды есте сақтау және қайта жаңғырту тәсілдері мен әдістерін меңгеру деңгейіне байланысты болады.
Бастауыш мектеп кезеңінде сөздік материалды есте сақтау мүмкіншілігі бірден жоғарылайды, меңгерілетін оқу материалы үнемі оқушыдан елестету үрдісін талап етіп отырады. Есте сақтау мен елестету баланың күш-жігерді керек ететін мотивтерге байланысты өзгеріп отырады.
Оқу үрдісінде ой операциялары да іске асады. Елестету бойынша заттарды дұрыс әрі оңай салыстыра алады. Логикалық ойлауының даму ерекшелігіне ой қорытындысын жасай алу, себеп-салдарды анықтау, түсінік беру деген сияқты түрлері анық көріне бастайды.Оқушыларда жоғары дәрежеде, жүйелі түрде нәтижелі ақыл-ой әрекеті дамып жетіледі. Бұл өзін қоршаған орта туралы, қоғамға еніп жатқан жаңа техника туралы, танымдық қатынастарды меңгере алуынан көрінеді. Осы арқылы баланың ақылы және оның танымдық қызығушылықтары қалыптасады.

4. Зейіннің таңдамалылығын анықтауға арналған әдістемелер.


МЮНСТЕРБЕРГ» ӘДІСТЕМЕСІ


Бұл әдістеме зейіннің таңдамалылығын анықтауға бағытталады.
Нұсқау:
Көптеген әріптердің арасында тұтас сөздер бар. Сіздің міндетіңіз: тез оқып отырып, сол сөздердің астын сызуыңыз керек. Жұмыс уақыты-2 минут.
Аашпгоппартаивнртерезевнаапташыопккарталыгксағатлыгсабақоыгборпыаукесікрвнбасбалдақинакпотақтагыеоқушыоанмұғалімрыгадиректорвпыкуқызметкерапецуранлвгкдәптершввр…….
Қанша сөз құрай алдыңыз: ____




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет