2-3 I. ОҚушының бос уақытын ұйымдастыру



бет15/27
Дата16.05.2022
өлшемі89,96 Kb.
#34569
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   27
Қызықты сұрақтар сайысы.

1 -сәуірде өткізіледі. Оқушылар өздерінің әртүрлі тақырыпқа құрған қызықты сұрақтарын арнайы белгіленген орынға тапсырады. Арнайы құрылған комиссия сұрақтарға жауап беріп, ең қызықты сұрақ иелерін марапаттайды.



Әдеби- музыкалық сыйлық.

Алтын күз сыйы.

Мектеп жас ақындарының есебі.

Музыка және музыканттар әлемі.

1.3 Оқушылардың бос уақытын ұйымдастырудағы мұғалім мен мектептің рөлі

Бос уақытты ұйымдастыру туралы көптеген педагогтар өздерінің ғылыми еңбектерінде айтып кеткен.Олар: Н.К.Крупская, .А.Сухомлинский, Т.И.Осокино, Н.П.Сакулина, Н.А.Ветлугина, Т.С. Кумарова және т.б Олардың зерттеулері бойынша бос уақытты ұйымдастыру мекемелері баланың өздерімен таңдалған әр түрлі жаттығулар үрдісіне жан- жақты дамуына негіз болады, сонымен қатар, оқу іс әрекетінен қабылданған білімдері бекіп, қызығушылығы қалыптасып, өнері дамиды.Балалардың бос уақытын әлеуметтік маңызды мақсатты пайдалану ортақ мәдениетпен, педагогтың, тәрбиешінің, музыка жетекшісінің білімі мен шығармашлғы және ең басты ата- ананың эстетикасымен тығыз байланысты.

Заманымыздың заңғар жазушысы М.О.Әуезов: « Адам баласы жан жемісін татпай, өмірдің терең мағынасында шын мақсатын түсіне алмайды» деген екен. Жан жемісі алдымен оқу- білім, тәрбие десек, сол жемісті берер мәуелі ағашымыз мектеп , ол мектептің жүрегі мұғалімдер емес пе?! Мектеп – білім ошағы, тәрбие ордасы, тағылым табалдырығы. Мектеп – тұлғаның толық қалыптасуына жағдай жасайтын әлеуметтік орта. Әр жеткіншек – зерттелмеген құпия. Сол зерттелмеген құпияны ашып, баланың басқаға ұқсамайтын қасиетін тани білу - ұстаз атаулыға үлкен салмақ тастап отыр. Мәлік Ғабдуллиннің мына сөзі менің тәрбие туралы ойыма ой салды. «Тәрбие дегеніміз баланың үстіне кигізе қоятын дайын киім емес. Тәрбие жұмысының мыңдаған түрі мен қыры бар. Олар тәжірибеде сынала келе нәтижеге ие болады. Сондықтан тәрбие мәселесі мектеп өмірінде ешқандай маусымды, үзіліс дегенді білмейді, үздіксіз жүргізіліп отыратын процесс» деген екен.

Оқушының бос уақытын тиімді ұйымдастыру, дұрыс бағдар беріп отыру - барша қауымның ортақ ісі. Жас жеткіншектің жан- жақты болып өсуі тек қана оның мектепте өткізген уақытымен шектелмейді.

Балалар ұйымы, ата- аналар, бүкіл жұртшылық балалардың бос уақытын өміріне пайдалы тәрбиелік мәні болатындай етіп өткізілуіне көмектесулері керек. Оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалануды ұйымдастыру оңай мәселе емес екенін де ұмытпауымыз керек. Мұның қиындығы балалардың бос уақытын ұйымдастыру тәсілдерінің сан - қилылығына тікелей байланысты . Осы ретте ұйымдастырушылардың талай- талай кедергілерге де кездесетінін айтпасқа болмайды. Өйткені осындай аса маңызды проблеманы жүзеге асырудың теориясы толық зерттеліп болмаған тың мәселенің әр қырынан келіп, әрқилы тәсіл таба білуіміз қажет- ақ.

Сонымен, оқушылардың бос уақытын пайдалану үшін, ең алдымен олардың қандай пайдалы іспен шұғылдануды ұнататынын, қабілетін зерттеп біліп, сыныптан тыс жұмыс жоспарын жасағанда ескеру керек. Бұл ретте біз сөз еткен зерттеу шеңберін кеңейтіп, сан қилы тәсілдер түрін жетілдіріп, нәтижелілігін арттыру үшін аянбай еңбек ете білу керек.

Балалық өмір шығармашылық әлемнің жан жақтылығы мен оның байлығымен өтуі керек, себебі дәл мектепке дейінгі балалық шақта балалардың эстетикалық сезімге, көркем мәдениетке, мәдени іс – әрекетке деген қажеттіліктер қаланады. Оқушылардың өмірін өнермен сусындату керек, оны музыка, ертегі, театр, би әлеміне кіргізу керек. Қазіргі мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында бос уақытты ұйымдастыру- көңіл көтеру, мейрамдар, шаралар мен тәрбие сағаттар және т.б қызықты шаралар арқылы жүзеге асады. Бос уақытты ұйымдастырудың көптеген түрлері баланың өмірінде мектеп отбасында қалыптасады. Олар бала мен жасөспірімдердің мінез құлқын, жекелігін қалыптастыруда маңызды рөл атқарады.

Жас ұрпақтың рухани эстетикалық, дүниетанымдық көзқарасын қалыптастыру үшін баланың бос уақытын тиімді ұйымдастыру маңызды міндеттердің бірі. Бос уақытты ұйымдастырудың тағы бір тиімділігі үздіксіз білім беруді жетілдіру мәселесі де себебін тигізеді. Бос уақытты тек көңіл көтеру емес, ол баланың өз бетінше жұмыс істеуіне, өнер түрлерімен танысуына және өнерге талпынуына жағдай жасады. Бос уақытты дұрыс ұйымдастыра білгенде ғана олардың танымдық және шығармашылық мүмкіндіктерін дамытуға жағдай туады. Бос уақытты ұйымдастырудың болашаққа тигізер пайдасы зор. Осы арқылы олардың қоғамдағы орнын табуға негіз қаланады.

Осы айтылғандарды ескере отырып мұғалімдер өздерінің жұмыс барысында аянбай еңбек етіп, балалармен жұмыс жүргізгенде мынаны ескеруі тиіс:


  • Балалардың бос уақытын тиімді өткізуіне мақсат қою.

  • Әр түрлі шаралар арқылы балаларды қызықтыру.

  • Мәдени шараларға ата- аналар мен балаларды қатыстыру, бірге өткізу.

  • Эстетикалық талғам мен рухани күш беру.

  • Жек тұлға болып қалыптасуына көмектесу.

  • Шығармашылықпен ұйымдастыру.

Білім мен тәрбиені бір арнаға қою үшін мектеп мұғалімдері, ата- аналар, мектептен тыс мекеме педагогтары баланың бос уақытын тиімді өткізуге қолдау көрсетсе, нұр үстіне нұр болар еді. Бұрын да айтылып жүргеніндей, өлтіруге, атуға бағытталған батыстық фильмдердің орнына адамды ізгілікке баулитын ұлттық ойындарды компьютерге енгізуіміз шарт. Қоғамның бар байлығы - оның дұрыс жетілген ұрпағы. Сондықтан бос уақытты педаго- гикалық негізде және баланың жас ерекшелігіне сай ұйымдастырылып отыру келешек ұрпақтың мәдени, саяси, рухани негізін қалауға жағдай туғызатынын естен шығармайық.

1.4 Тәрбие үрдісінің мақсаты- оқушының бос уақытын

ұйымдастыру

Қазіргі мектептерде тәрбиенің сапасына, әдіс -тәсілдерінің мазмұнына, мақсатына зор көңіл бөлуде және жаңаша көзқарастар қалыптастырылуда. Жаңа талап негізгі қарқынды өркениет бағыттарынан қалыспай, терең білімді игеру. Осыған орай, қазақ мектептерінің оқыту жүйесінде әлемдік және ұлттық негізде жеке тұлғаны дамыту үшін өте орынды жағдайлар жасалып, нәтижелері көрінуде. Болашақ ұрпақты тәрбиелеу ең басты міндеттердің бірі- мектеп оқушыларының іс- әрекетін ізгілендіріп, рухани дамуының дұрыс жолға қойылуы. Ол үшін оқушылардың жек тұлғалық қасиеттерін гуманистік бағытта тәрбиелеп, олардың алдын- ала шығармашылықпен дамуына жол ашу.

Тәрбие берудің кез- келген жүйесінің негізгі мақсаты - білім алушы (оқушы) тұлғасының дамуы жөнінде айта келе, ең алдымен қазіргі замандағы педагогикалық психологияның негізгі ережелерінің бірін атап өту қажет, оған сәйкес оқыту адамның психикалық және жалпы алғанда тұлғалық дамуының шарты ғана емес, сонымен қатар оның негізгі және құралы болып табылады. Оқыту мен дамытудың ара қатынасының сипаты туралы сұрақ та маңызды.

Тәрбие процесінің барлық кезеңінде белгілі бір сапалар қалыптасады, бірақ әр жеке сыныпта тәрбие әдісі өзгеріп отыруы тиіс. Бірінші сыныпқа дәл келетіні, үшінші сыныптарға сәйкес келмейді, ал бесінші сыныптағылар оны қабылдамауы мүмкін. Тәрбиеленушілердің жекелік және тұлғалық ерекшеліктері. Жалпы әдістер, жалпы бағдарламалар тәрбиелік өзара әрекеттегі тек бастама ғана. Жекелік және тұлғалық түзетулер қажет. Инабатты тәрбиеші өз әдістерінше әр тұлғаның өзіне тән қабілеттерін дамытуға, оның өзіндік қасиеттерінің сақталуына, «мендік» белгілерін қалыптастыруға мүмкіндік беретін әрекеттерді жасайды.

Тәрбие үрдісінің мақсаты. Тәрбие - қоғамдық үрдіс, қоғам мен жеке тұлғаның ара қатынасын қамтамасыз ететін басты жүйе. Оның негізгі өлшемі өмірге қажетті тұлғаның жағымды қасиеттерін дамыту болып табылады. Тәрбие маңыздылығы сондай, біздің болашақ ұрпағымыз тәрбиеден ғана рухани байлық алып, тәрбие арқылы ғана адам болып қалыптасады. Қазіргі таңда еліміздегі оқу- тәрбие жұмысына байланысты болып жатқан жаңартулар білім мен тәрбие жұмысын қайта қарауды міндеттейді. Бүгінгі таңда тиянақты білім беру жүйесінде оқушылармен тәрбие жұмысын дамыту басты мақсат болып отыр.Осыған байланысты мектептің алдына қоятын ең басты мәселесінің бірі- өркениетті, прогресшіл бағыттағы азаматтық - адамгершілік қасиеті мол, сондай- ақ ұлттық тілін жоғалтпай, өзге елдегі замандастарымен тең дәрежеде бәсекелесе алатын биік, өрелі, терең білімді ұрпақ тәрбиелеу.

Ал мұғалім мен мектептің ең басты қасиетті міндеті- рухани бай, жан- жақты дамыған жеке , дарынды тұлғаны зерттеп, дамытып, қалыптастыру. Болашақты гүлдендіріп, тәуелсіздікті нығайтатын ұрпақ алдымен рухани ұлттық тәрбие нәрімен сусындауы қажет. Рухани байлық, ең алдымен, әр халықтың ұлттық әдет- салты, әдебиеті, мәдениеті, өнері, шыққан түп- тамырында жататыны белгілі. Сол ұлттың байлықты бүкіл адамзаттың өз ұрпағын тәрбиелеудегі, білім берудегі озық ұстанымдарымен байланыстыра отырып, әр баланың қабілетін, талантын ашу, өзіне- өзінің сенімін нығайтып өзіңе – өзің жол ашуға түрткі жасау. Міне, бүгінгі білім беру, тәрбие ісінің басты міндеті осы... Жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білімін, білігі мен дағдысын емес, оның тұлғасын, білім алу арқылы дамуын қойып отыр. Ендеше, тәрбие ауадай қажет. Иә, егеменді еліміздің жарқын болашағы болар жас ұрпаққа терең мазмұнды білім беру мен ұлтын сүйер патриот азамат етіп тәрбиелеу бүгінгі алға қойған басты міндет. Ертеңгі ел тізгінін ұстар азаматтар- бүгінгі мектеп оқушысы. Жас ұрпақ тәрбиесі қай заманда болмасын ғұмырындағы көнермейтін, ажырамайтын баға жетпес құндылық, бала тәрбиелеу мәселесінің негізгі өзегі- өмір тәжірибесі, өз халқының әдет- ғұрпы.

Ақиқат пен аңыздың асқарында ғұмыр кешкен Бауыржан Момышұлы атамыздың мына сөзі де мені жанымда жүреді. « Жаудан да, даудан да қорықпаған қазақ едім, енді қорқынышым көбейіп жүр. Балаларын бесікке бөлемеген, бесігі жоқ елден қорқам. Екінші, немересіне ертегі айтып беретін әженің азаюынан қорқам. Үшінші, дәмді, дәстүрді сыйламайтын балалар өсіп келеді. Солардан қорқам» деген атамыздың осы қоқынышын болдырмайтын, бесік жыры үнінің құдіретіне тәнті болып өсетін баланың тәрбиеленуіне ертегіні құмарта тыңдап, оның қызығына тамсана білетін жеткіншектің көбеюіне, дәстүрімізді сыйлайтын намысты ұл мен қыздың өсуіне тірек болатын тәрбие жұмысты ұлттық мінез, ұлттық келбетіміздің ажарлануына жол ашады. Заманымыздың заңғар жазушысы М. О. Әуезов: «Адам баласы жан жемісін татпай, өмірдің терең мағынасында шын мақсатын түсіне алмайды» деген екен. Жан жемісі алдымен оқу- білім, тәрбие десек, сол жемісті берер мәуелі ағашымыз мектеп, ол мектептің жүрегі-мұғалімдер емес пе?!

Мектеп - білім ошағы, тәрбие ордасы, тағылым табалдырығы. Мектеп-тұлғаның толық қалыптасуына жағдай жасайтын әлеуметтік орта. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев білім мен ғылым қызметкерлерінің сьезінде «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер-бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелген міндет ауыр», -деген болатын. Ендеше елдің ұлтжанды азаматын тәрбиелеймін деген кез келген ұстаз ұлттық мәдениетпен, тарихи, мәдени мәліметтер және құнды ата-баба мұраларымен қарулануы қажет. «Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек, -деп Абай айтқандай, жүректің жылуы, махаббат, ар-намыс, қайрат-жігер деген сезімдері бар рухтың мекені – мұғалімдерінің жүрегі болуға тиіс.

Қазіргі қазақ мектептері оқыту мен тәрбиенің сапасына, әдіс-тәсілдерінің мазмұнына, мақсатына зор көңіл бөлуде және жаңаша көзқарастар қалыптастырылуда. Жаңа талап негізі қарқынды өркениет бағыттарынан қалыспай, терең білімді игеру. Осыған орай, қазақ мектептерінің оқыту жүйесінде әлемдік және ұлттық негізде жеке тұлғаны дамыту үшін өте орынды жағдайлар жасалып, нәтижелері көрінуде. Ең бастысы, оқу- тәрбие үрдісінде оқытудың тиімді жолдарын табу, оқушыны іздену, үйрену әрекетіне жұмылдыру, педагогтың өз әрекетіне ішкі мотивтері мен щығармашылық ізденісін байланыстыра отырып, кәсіби ілгерілеуіне түрткі болатын инновациялық технологияларды іріктей білгендігінде. Жастардың бүгінгі білімі- ертеңгі капиталы болатындай, ал қазіргі тәрбиесі-қазақтың қадірл і қасиеттерін қастерлей білетіндей болуы тиіс.

Оқу - тәрбие үрдісінде әрбір шара ата - аналардың қатысуымен өткізілетінін ерекше атағым келеді. Ата- ананың балаға өнегесі- барлық жағдайдағы ең күшті бағдар екендігі сөзсіз. Отбасындағы шынайы ұлттық тәрбие қолға алынбай, бала ұлттық тәрбиенің нәрін татпай, оның ұлттық менталитеті қалыптаспайды. Ондай жағдайда ол өзін де, өзгені де сыйлап, құрметтеп, отбасының, елінің намысын ойлап жарытпайды. Мұндай мәселелерде әсіресе жанұяның рөлі ерекше. Себебі тәрбие жанұядан басталады. Балаларды тәрбиелеуде ата- аналарды оқу- тәрбие үрдісіне қатыстыру, олармен тығыз байланыс жасау мәселесі негізгі орын алуға тиіс. Қоршаған орта өзінің құндылықтарымен тұлғаны жасайтыны ал бай орта болатынын ескере отырып, біз мектептің ата- аналар, оқушылар мен мұғалімдердің өзара әрекет жасауына үнемі ашық болу үшін бар күші - мізді саламыз.

Оқушының бос уақытын ұйымдастыруы тәрбие үрдісін ізгілендірудің және мектептен тыс тәрбие жұмысын жетілдірудің негізгі шарты- оқушыларға даралап ықпал ету тәсілі болып саналады. Оқудан бос уақытында бала ортақ істің ұйымдастырушысы, белсенді қатысушысы болуға үлкен мүмкіндік алады. Іске қатысушы ретінде ол алдына міндеттер қояды, оларды шешу жолдары мен құралдарын тандайды ақпарат алады, яғни жеке тұлғаның дамуы, ержетуі және әлеуметтік бағытталуы іске асады демекпіз. Бос уақытты жүйелі ұйымдастыру, мәдени құнды мазмұнмен толықтыру, әлемдік және отандық мәдениетке баулу, өзін- өзі саналы түрде бағалай білу сияқты аса маңызды әлеуметтік- педагогикалық шешуге көмектеседі.

Оқушының демалуы, сауығу мен бос уақытын өткізуі тәрбие ісінде маңызды функцияны атқарады, оны тек әлеуметті тұрғыдан қорғау ғана емес, сондай- ақ, шығармашылық дамыту, рухани байыту мен интеллектуалдық ахуалын кеңейту үшін жағай жасалған. Әрбір ата- ана өз баласының толыққанды демалуын ғана көздеп қоймайды, сонымен қатар олардың қажетті дағды мен біліктерді меңгеруін, ой – өрісі мен іс- әрекетінің кеңейгенін қалайды.

Оқушылардың бос уақыттары мәдени шараларға ; көлге шомылу, көкке шығу, спорттық ойындар, мазмұнды мерекелермен ұйымдастырылып тұрады.Оқушылардың бос уақытын тиімді өткізуі үшін дебаттар,спорттық, өнертапқыш клубтары және әр түрлі конкурстар, фестивальдар ұйымдастырылады.

Тәрбиелеу дегеніміз адамның сана - сезіміне және қылықтарына белгілі мақсат бойынша ықпал етудің сан- саналы процесі. Тек мектеп қана емес, сондай- ақ бүкіл шындықтың болмысы- жанұя, қоғам, радио, театр, кино, теледидар- барлығы да қандай формада болса да мектеп оқушыларына ықпал етеді, оның саяси және адамгершілік дамуының көзі болып саналады. Міне, сондықтан да мектеп оқушыларының тәрбиедегі күрделі де сан- алуан мәселелерін шешкен кезде тек сабақтар мен ғана шектеліп қалуға болмайды. Сабақ шеңбері баланың рухани дүниесіне мұғалімнің үңіліп, баланы шындап, қызығып, талпыныс жасауға тәрбие- леуіне, мінез - құлқындағы, ағаттықтар мен қылықсыздықтарды жеңуге көмектесуіне үнемі мүмкіндік туғыза алмайды.

А.С. Макаренконың сабақтан тыс уақытта оқушылармен ешқандай ерекше тәрбие жұмыстарын жүргізудің керегі жоқ деп тұжырымдаған «теорияны» қалай келеке еткендігі бұрыннан белгілі. Сабақтан тыс уақыт оқушылар өмірінде едәуір орын алды. Сабақтар соңынан мектеп оқушыларына өздігінен, көбінесе инициативасымен әр түрлі қиын мәселелерді шешуге, сабақтарды дайындауға, өзі қажетті білімдердің ерекше бір қызықты саласымен тереңірек шұғылдануға, қоғамдық тапсырмаларды орындауға, ата- аналарға шаруашылық жағынан көмектес- уге және т.б тура келеді. Осының бәрі одан қандай да болсын ұйымшылдық дәрежесін, ерік күшін, қажырлы еңбекті, шеберлік пен дағдыларды талап етеді. Бұл істе оған мектеп көмек беруге тиіс. Оқушылардың сабақтан тыс уақыттағы іс- әрекетін нақтылы жүйемен ұйымдастырудың қажеттілігі де осында. Мектептегі әрбір оқушы қызықты істің бірімен шұғылдануға, клубқа, үйірмеге белсенді мүше болып, мектептегі, оқушылар сарайындағы және т.б түрлі істер мен ойындарды ұйымдастыруы және оған қатысуы қажет. Ғылыми - зерттеу институт- тарының, мекемелердің түрлі тапсырмаларын орындай отырып, тәжірибе- мен техникалық шығармашылықпен шұғылданып, өлкетану жорықтарына , спорт жарыстарына, көркемөнерпаздар ісіне қатыса отырып, балалар білімге, кітапқа жаңаша қызығатын болады, өзінің ұйымдастырушылық дағдыларын, белсенділігі мен өзіндік әрекетін дамыта түседі. Мектепте көркем еңбек пәні бойынша оқушылардың сарамандық жұмысын дұрыс ұйымдастыру және жасау балалардың еңбекке тәрбиелеудегі олардың рөлі аса зор болмақ. Бұл істе оған мектеп мұғалімдерінің көмегі өте қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет