69.Этнография -әр халықтың өзінше тұрмыс – салтын, әдет – ғұрпын зерттейтін ғылым.
70.Фольклор – ауызша шығарылған халық творчествасы үлгілерінің жалпы атауы. Затаевичтің музыка фольклорын мысал ретінде алуға болады.
71.Урбандалу – латынша «қала» деген мағынаны береді. Қалалар саны мен оның тұрғындарының үлес салмағының өсуі, қалалар желісі мен жүйесінің қалыптасуын, олардың маңыздарының артуы мен қалалық өмір салтының кеңінен таралу
72.Түркі жазуы – ең алғаш табылып зерттелген түркі жазуы ескерткіштері Білге қағанға, Күлтегінге қойылған құлпытастардағы жазу.
73.Соғды жазуы дегеніміз — орта ғасылардағы парсы жазуы. Соғды жазуының өз тілдеріне икемделген нұсқасын түркілер алғашында "ұйғыр жазуы", кейінірек "найман жазуы" деп атады.
74.Жыраулар – хандық дәуірдегі қазақ әдебиетін қалыптастырған негізгі тұлғалар. Толғау, жыр түрінде келетін поэзия лық шығармаларына дидактикалық ұлағат, философиялық ой-толғаныстар, романтикалық сезім, реалистік суреттеулер тән.
75.Жыраулық дәстүр – жыраулар поэзиясында қалыптасқанәдеби үлгілер, ой-идеялар, тақырыптар мен проблемаларды білдіретін ұғым.
76.Абстрактілі ұғымдар – қандайда бір дерексіз құбылыстардың жаратылыста бар екенін және олардың мәні мен сипатын ойлану әрекеті арқылы ғана дәйектейтін түсініктер.
77.Ақындар – өмірлік шындықты бейнелеу барысында поэзиялық пішінді пайдаланатын әдеби шығармашылық иелері. ХVІІІ ғасырдағы ақындардың көркемдік әдісі, негізінен, реализм болса, поэзиялық негізгі жанры өлең болды.
78.Арнау – белгілі бір адамға (адамдарға) бағыттала айтылғанөлең. Негізгі ерекшелігі – арналған адамының (адамдарының) жақсылы-жаманды мінездерін, іс-әрекеттерін айқындай таныту.
79.Әдеби мұра – бұрынғы уақыттарда жасалған әдеби шығармалар жиыны. Әдеби мұра белгілі бір шығармашылық иесіне, яки белгілі бір дәуір әдебиетіне қатысты болуы ықтимал.
80.Әлеуметтік жағдай – белгілі бір уақыт аралығындағы қоғамды құраған адамдардың тұрмыс-тіршілігін, қарым-қатынас сипатын, өмір сүру деңгейін көрсететін ұғым.