2. Алғашқы қауымдық мәдениет



бет4/9
Дата29.10.2022
өлшемі42,17 Kb.
#46149
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9
29.Археология – «архос – көне», логос – ілім» деген мағынаны береді. Бұл көне ғылым емес, ықылым замандарды зерттейтін пән.


30.Архаикалық мәдениет- грекше «ежелгі» деген мағынаны береді. Адамдар қалыптасқан кезден бастап өркениеттілікке дейінгі ежелгі мәдениет саласында кең мағынада қолданылып келген жалпы сипаттамасы. Осы мәдениет туралы зерттеген Э.Тайлордың «Алғашқы қауымдық мәдениет» еңбегі жарық көрді.
31.Археология мұражайы - Қазақстаннан жүргізілген археологиялық қазбалардан табылған көне заман мұраларын сақтап, зерттейтін мекеме. Тарих, археология, этнология жанынан 1513 жылдан бастап ашылған. Мақсаты – Қазақстан жеріндегі адамзат қоғамынынң ежелгі дәуірлерден бастап, кейінгі орта ғасырға дейінгі аралықтағы даму жолын заттай деректер арқылы көрсету.
32.Дін – адам пайымының бүкіл әлем мен болмысқа қоршаған дүниеге, табиғатқа, өзі өмір сүретін ортаға, өзінің ақыл – сезімінен тысқары тылсым дүниеге қатынасы. Басты белгісі – адамның ақыл – ойы, сана – сезімі мүшелері қабылдай алмайтын болмыс түріне сену және оны мойындау. Дін - әлемді байланыстыратын күллі Алланың бар екеніне сену.
33.Ел – көне түркі тіліндегі «халық» сөзінің синонимі ретінде қолданылады. Дәстүрлі қоғамдағы көшпелі шаруашылық қарым – қатынасының дамыған кезеңдеріндегі халық атауы қуымдастық деңгейден бастап ел деген жалпы атауға ие болды.
34.Мифология (грек. мythos – аңыз және logos – ілім) – 1) адамдардың жаратылыс туралы түсінігіне негізделген мифтердің жиынтығы; 2) мифтердің шығуын, мазмұнын, таралуын зерттейтін ғылым; қараңыз:

35.Мәдениеттілік – адамның тұлғалық қасиеттері әдептілік, имандылық, ізеттілік ұғымдарымен үндеседі. Мәдениеттану жөніндегі өзарар қарым – қатынастар кемел адам ұғымы мен үндестік тауып, адами, кісілік қасиеттердің қалыптасуына мүмкіндік береді.


36.Мәдени археологтар - мәдени түпнұсқалар, адам, табиғат және қоғамдағы орны жөніндегі түскен рәміздер, қазіргі мәдениеттің нормалық құндылық кеңістігінде өз маңызы мен мағынасын жоғалтпаған және бүгінгі адам әрекеттеріне жалпы мән беретін баптық құндылық бағдарлар.
37.Қауымдастық – бірлестік, одақ. Ортақ шаруашылық мақсатқа ғылыми – саяси мәдениеттерге, мақсаттарға жету үшін ұйымдардың немесе тұлғалардың негізінде бірігуі. Қауымдастық өз атынан шарт жасасу, банк несиелерін пайдалану құқығына ие болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет