19.Көшпелі өркениет- көшпелі өркениет дегеніміз — негізгі кәсібі мал шаруашылығы болып, күнкөрісінің көзі мал өнімдерінен тұратын, белгілі бір қалыптасқан жүйемен көшіп-қонып тіршілік ететін адамдардың әлеуметтік-экономикалық, саяси қауымдастығы және өркениеті.
20.Адамды қалыптастыру қызметі-мәдениеттің қоғамдағы басқа қызметтерін бойына жинақтайтын және оның негізгі мазмұнымен ттікелей байланысты нышан.
21.Танымдық қызметі-Мәдениеттің қоғамдағы бүл қызметміндетінің сан алуан қыры бар. Бірден біздің назарымызды өзіне аударатын нәрсе — мәдениет пен білімнің ара қатынасы.
22.Әлеуметтік мәдениет - [лат. cultura - өңдеу, тәрбиелеу] - барлық адамдарға ортақ, нақтылы бір өмір салтымен байланысты, бүкіл қоғам немесе әлеуметтік топ аясындағы әлеуметтік реттеуге қызмет ететін қүндылықтар мен ережелер, дүниетаным жүйелері.
23.Миф — ерте замандағы адамдардың өзі туралы, қоршаған ортасы, жалпы ғалам туралы, олардың орны мен реті, өзара байланысы, пайда болуы мен жоқ болуы туралы түсінігі.
24.Буржуазия – капиталистік қоғамның үстем табы, өзінің жеке өнеркәсібі бар және жалдамалы жұмысшылардың еңбегі арқасында байыған тап.Алғашқы кезде термин жай ғана қалаларда тұратын адамдар жөнінде қолданылатын.
25.Идеология - адамдардың белгілі бір әлеуметтік тобы айналадағы дүниеге түсініктеме беретін бірқатар тиянақты да өзара байланысты идеяларды айтуға болады
26.Империализм - бір елдің немесе бір топ адамдардың басқаларға, солардың есебінен үстемдік жүргізуі және басқаруы
27.Капитализм - Өндіріс құралдары мен жалдамалы жұмыстың капиталистермен иеленушілік етуіне негізделген әлеуметтік құрылым. Қоғамды ұйымдастырудың тауар өндіруді орнықтыруға негізделген, жеке меншік пен өндіріс құралдарына бақылау сақталған белгілі нысанын білдіреді.
28.Археологиялық мәдениет — бір уақытқа жататын, жергілікті өзгешеліктерімен ерекшеленетін және белгілі бір аймақта шоғырланған археол. ескерткіштерді атау үшін пайдаланылатын ұғым.
Достарыңызбен бөлісу: |