Жауабы: (8 дәріс) Парасатты-әдістемелікті стильде жұмыс істейтін
ұстаз оқытудың нәтижесіне бағдарланады, ол педагогикалық
үдерісті анық жоспарлап, басқарып отырады.
Қайталауға,
пысықтауға, оқушылардың білім, дағды, икемділіктерін бақылауға
кӛп кӛңіл бӛледі. Жұмыс темпі баяу, оқыту
әдістерінің спектрі
шамалы, рефлексиялық қабілеті дамып жетілген болады.
6. Оқыту іс-әрекетінің эмоционалды-әдістемелікті және
парасатты-импровизациялық стильдері
Жауабы: (8 дәріс) Ұстаздың іс-әрекет стилі педагогикалық
қызметке қойылатын талаптарға оның мүмкіндіктерінің сәйкес
келуіне байланысты ерекшеленеді. А. К. Маркова мен А. Я.
Никонованың айқындаған оқыту іс-әрекетінің стилдерінің
топтамасын:
эмоционалды-импровизациялық, эмоционалды-
әдістемелікті, парасатты-импровизациялық және парасатты-
әдістемелікті. Бірінші мен тӛртінші ӛзара қарама-қарсы стильдер.
Эмоционалды-импровизациялық стильге ие ұстаздардың іс-
әрекетін жоғары деңгейдегі шапшаңдық, оқытудың кӛп әдістерін
қолдана білуі, оқушылардың шығармашылықты, белсенді
әрекеттеріне дем бере алуы сипаттайды. Мұндай ұстаз қайталау,
пысықтау, білімді бақылау әрекеттерін «ұсақ-түйек» санап, мән
бермейді, кӛбіне сабақта қызықты материалмен (жадыхат)
шұғылданып, ӛзгесін оқушылардың ӛздеріне іздестіруді ұсынады.
Ол ӛз іс-әрекетіне
рефлексия жасауға, нәтиже шығаруға кӛп кӛңіл
бӛлмейді.
Парасатты-әдістемелікті стильде жұмыс істейтін ұстаз оқытудың
нәтижесіне бағдарланады, ол педагогикалық үдерісті анық
жоспарлап, басқарып отырады. Қайталауға, пысықтауға,
оқушылардың білім, дағды, икемділіктерін бақылауға кӛп кӛңіл
бӛледі.
Жұмыс темпі баяу, оқыту әдістерінің спектрі шамалы,
рефлексиялық қабілеті дамып жетілген болады.
Эмоционалды-әдістемелікті және парасатты-импровизациялық
стильдер жоғарыда жазған екеуінің орта аралығында болады.