2 Аудиттің Қазақстандық үлгілері (стандарттары) және олардың сипаттамасы. Аудит стандарттары дегеніміз - аудитке қойылатын бірегей талаптарды және аудит өткізу тәртібін анықтаушы принциптерді белгілейтін нормативтік құжаттар.
Аудит стандарттары аудиторлар палатасының Республикалық конференциясында қабылданады және оларды мемлекеттік өкілетті органдар бекітеді. 2000 жылғы наурыз айында өткізілген аудиторлардың бесінші Республикалық конференциясында Қазақстан аудитін халықаралық стандарттарға көшіру және оларды ұлттық стандарттар ретінде қабылдау туралы шешім қабылданды. Ол стандарттар аудит өткізудің жалпы тәсілдерін, аудиторлық тексеру жүргізудің, аудиторлық қорытынды есептің түрлерін, аудит методологиялық мәселелерін, сондай-ақ аудиттің өткізілу шартына қарамастан, осы кәсіптің барлық өкілдері қолдануға тиісті базалық принциптерді анықтайды.
Халықаралық деңгейдегі кәсіби талаптарды әзірлеумен бірнеше ұйым айналысады, оның ішінде 115 елдің 158 ұйымының өкілдерін қамтитын Халықаралық бухгалтерлер федерациясы (ХБФ) бар.
Халықаралық аудит стандарттарының (ХАС) негізгі бөлімдерінің құрылымы мен мазмұнын қарастырайық.
Бірінші бөлім «Кіріспе аспектілері» №100-199 құжаттарына қосылды.
ХАС 100 Сенімділікті қалыптастыратын (қамтамасыз ететін) тапсырмалар - бұл әр түрлі жұмыс түрлерінің орындалу нәтижелері бойынша қалыптасатын қорытындылармен аудиторларды қамтамасыз ететін сенімділік деңгейі.
ХАС 110 Терминдердің глоссарийі ХАС-та және оның заңдастырылған анықтамаларында қолданылатын терминдердің тізбесін қамтиды.
ХАС 120 Халықаралық аудит стандарттарының тұжырымдамалық (концептуалды) негізі. ХАС-тың жалпы құрылымы суреттелген және аудиттің ілеспе қызметінің жіктелімі (классификациясы) келтірілген.
Екінші бөлім «Жауапкершілік»-ке 200-299 стандарттары кіреді.
ХАС 200 Қаржылық есеп берудің аудитін реттеуші мақсат пен жалпы принциптер -тәуелсіз аудитор жүргізетін тексерулердің көлемі және негізгі мақсаттары мен принциптерін, сондай-ақ кәсіпорын басшылығының қаржылық есеп берудегі жауапкершілігін анықтайды.
ХАС 210 Аудиторлық тапсырманың шарты. Білдірген ұсынысқа аудиттің келіскенің құжаттық растауға қызмет ететін, аудитті өткізу туралы келісім хаттың мазмұны мен формасы келтірілген. Ол жұмыс мөлшері мен жауапкершілік шараларын, есеп беретін аудиторларға ұсынылатын форманы нақтылайды.
ХАС 220 Аудиттегі жұмыстың сапасын бақылау. Бақылаудың жеке тексеру ретіндегі сапасының және жалпы бақылау сапасының маңыздылығы анықталып, осы екі бақылау түрінің өзара байланысы мен айырмашылығы келтіріледі. Стандарттардың қосымшасында бақылау сапасы рәсімдерінің (процедурасының) үлгілері келтіріледі.
ХАС 230 Құжаттау - аудитор жасайтын немесе алатын жұмыс құжаттарының типтік формалары мен мазмұны туралы мәлімет келтірілген. Жұмыс кұжаттарының тиістілігі мен сақталу мәселелері ашып көрсетілген.
ХАС 240 қаржылық есеп беру аудитінің барысында алаяқтық пен қателіктерді қарастырудағы аудитордың жауапкершілігі - «өтірік» және «қате» ұғымдарын анықтайды, кәсіпорын басшысының өтірік пен қатені ескертудегі жауапкершілігін белгілейді. Аудитор өтіріктің немесе қателіктердің нәтижесінде пайда болатын материалдық (елеулі) үнемдеуді анықтау мүмкіндіктерін ескеріп, аудитті жоспарлауы керек. Өтіріктер немесе қателіктер туралы куәландыратын мәліметтерді алған жағдайда аудиторға әрекет ету ұсынылады. Стандарттардың қосымшасында өтірік немесе қателіктердің тәуекелділігін арттыратын жағдайлар немесе оқиғаларға мысалдар келтірілген.
ХАС 250 Қаржылық есеп берулердің аудитіндегі заңдар мен нормативті актілер есебі. Заң шығарушы және нормативтік актілердің талаптарынан ауытқымау мен бұлжытпай сақтаудағы аудитордың және тексерілетін ұйымдардың жауапкершілік деңгейлері анықталған.
ХАС 260 Басқарушы өкілеттілігі бар тұлғаларға аудиттің аспектілерін хабарлау - тиісті құжаттардың мазмұнын жасау тәртібі ашып көрсетіледі.
«Жоспарлау» (300-399) деп аталатын үшінші бөлімде үш стандарт келтірілген: ХАС 300 - Жоспарлау, ХАС 310 - Бизнес білімі, ХАС 320 - Аудиттегі елеулілік. Бұларда тиісті жоспарлау процесі, клиент қызметінің бағыты мен сипатын аудитордың түсіну маңыздылығы, аудиттегі елеулілік тұжырымдамасының баяндалуы, елеулілік пен аудиторлық тәуекелдіктің өзара байланысы, аудиторлық тексерулерді жоспарлау мен өткізу және олардын нәтижелерін бағалау барысындағы елеулілік ұғымының қолданылуы сипатталады.
Төртінші бөлім «Ішкі бақылау» (400-499).
ХАС400Тәуекелдіктерді бағалау жәнеішкі бақылау. Клиенттің ішкі бақылау жүйесін зерделеу және бағалау мәселелері қарастырылған,
ХАС 401 Компьютерлік ақпарат жүйесіндегі аудит. Мәліметтерді компьютерлік өңдеуден өткізетін жағдайда қолданылуы қажет қосымша рәсімдер (процедуралар) ашып көрсетілген.
ХАС 402 Қызмет көрсетуші ұйымдар пайдаланатын субъектілер ерекшелігіндегі аудит есебі. Мамандандырылған сервистік ұйымдардың есепберулерін дайындауменесеп жүргізуді алған ұйымдардағы аудиттің ерекшеліктері келтірілген. Бесінші бөлімге «Аудиторлық дәлелдер» 500 - 599 стандарттары кіреді.
ХАС 500 Аудиторлық дәлелдеулер - аудит мәліметтерінің көздері мен табиғатын, сондай-ақ мәліметтердің және осы мәліметтерді алуға көмектесетін әдістердің жеткіліктілігі мен жарамдылығы туралы мәселелерді қарастырады.
ХАС 501 «Аудиторлық дәлеледеулер - ерекше баптарды қосымша қарау». Құндылықтарды сақтау бойынша құжатты басшылық, дебиторлардың есепшоттарын және талаптар мен критерийлер бойынша мәселелерді растау, әлдеқайда шындыққа жанасымды аудиторлық ақпаратты алудың басқа процедураларын қолдану.
ХАС 505 Сырттай растау - үшінші тұлғадан мәліметтерді алу үшін сұрау салуды әзірлеу және жіберу тәртібін реттемелейді.
ХАС 510 Алгашқы тапсырмалар - бастапқы сальдо. Тексеруді алғаш рет жүргізетін жағдайда немесе мұндай жұмысты (тексеру) істемегеніне бір жылдан астам уақыт өтсе, ондай кезде есепшот бойынша (бастапқы қалдықтар үшін) аудитордың жауапкершілігі анықталады.
ХАС 520 Аналитикалық процедуралар - талдамалы тексерулердің процедурасының және оның міндеттері мен өткізілу уақытына қатысты ұсыныстың сипаты берілген. Әдеттен тыс қатынас пен талдамалы процедура нәтижелеріне сенім білдіру деңгейінің фактілерін аудитордың зерделеу мәселелері қарастырылады.
ХАС 530 Аудиторлық сұрыптау және іріктемелік тестілеудің басқа процедуралары. Сұрыптауды жүргізу, іріктеулерді жіктеу және қателікті экстраполяциялау бойынша ұсыныстар беріліп, факторлары анықталады.
ХАС 540 Багалау мәнінің аудиті. Бағалау мәліметтері, аудиттің негізгі кезеңдері, олардың негізділігін талдаудағы аудитордың жауапкершілігі белгіленіп, осы бағалаулардағы қателіктерді анықтау бойынша ұсыныстар берілген.
ХАС 550 Байланыстырылған тараптар. Өзара байланысқан тараптар (еншілес немесе тәуелді ұйымдар) және олармен бірге өткізілетін операциялар аудитінің процедуралары қарастырылады.
ХАС 560 Кейінгі уақиға. Аудитор есеп беруді жасаған күннен кейін немесе есеп беру жарияланғаннан кейін болатын уақиғалар есеп берулердің мазмұнына елеулі түрде ықпал еткен жағдайда аудитордың қалай әрекет ету керектігін көрсететін тәртіптері анықталады.
ХАС 570 Үздіксіз қызмет. Кәсіпорын қызметінің үздіксіз принципін қолданудың дұрыс еместігіне аудитор күмәнданатын жағдай сипатталады.
ХАС 580 Басшылықтың мәлімдемесі. Тексерілген ұйым басшысы ұсынатын ақпараттарды алу мен пайдалану жағдайы анықталады.
Алтыншы бөлімде №600-699 «Басқалардың жұмысын пайдалану» стандарттары, оның ішінде ХАС 600 Басқа аудитордың жұмысын пайдалану; ХАС 610 Ішкі аудиттің жұмысын қарастыру; ХАС 620 Сарапшы жұмысын пайдалану біріктірілген.
Мысалы, ХАС 610 «Ішкі аудиттің жұмысын қарастыруда» арнайы тағайындалған қызметкер жүзеге асыратын кәсіпорындағы ішкі бақылаудың элементі ретінде іштей бақылаудың мәні ашып көрсетіледі.
Ішкі аудиттің қызмет нәтижелерінің бірталай бөлігін тәуелсіз аудитор қаржылық ақпараттарды талдауда пайдалануы мүмкін. Ішкі аудитор жұмысын бағалауда тәуелсіз аудитор ескеруі тиіс процедуралар келтірілген.
Жетінші бөлімге (700-799) «Аудиторлық іріктемелер мен есеп беруді ұсыну» үш стандарт қосылған:
ХАС 700 Қаржылық есеп беру бойынша аудиторлық есеп беру (қорытынды) - аудиторлық есеп берудің формалары мен мазмұнына қатысты ұсыныстар берілген, сөзсіз (талассыз) қорытындылаудың ықтимал қалыптастырулары мен қорытынды жасалатын жағдайлар, кейбіреуі сөзсіз болатын, ішінара жағымсызы да бар және қорытындыны беруден бас тарту жағдайлары қарастырылады.
Қосымшада ескертпемен жасалатын сөзсіз қорытындылаудың үлгісі және аудитордың жағымсыз қорытындысының үлгісі, сондай-ақ қорытындыны беруден бас тарту мысалы келтірілген.
ХАС 710 Салыстырмалы мәндер. Клиенттің есеп беруі өткен жылдың көрсеткіштерін қамтыған жағдайларда аудитордың әрекет ету тәртібі сипатталады.
ХАС 720 Тексерілген қаржылық есеп берулерді қамтитын құжаттардағы басқадай ақпарат. Мұнда аудиттелген қаржылық есеп берулердің елеулі сәйкессіздігін сәйкестендіру мақсатында аудитордың басқадай ақпараттарды оқу қажеттілігі айтылады.
Сегізінші бөлімде «Мамандандырылған салалар» (№800-899) екі стандарт келтірілген:
ХАС 800 Арнайы мақсаттарға арналған аудиторлық тапсырмалар бойынша аудиторлық есеп беру (қорытындылау). Жалпы қабылданған стандарттар немесе принциптер бойынша ғана емес, сондай-ақ субъектілердің қызмет түрлері, операциялары, нақты есепшоттары, баптары бойынша жасалған есеп пен есеп берулерді арнайы тексеру бойынша есеп берулердің ерекшеліктері ашып көрсетіледі.
XАС 810 Болжамды қаржылық ақпаратты зерттеу. Болжау мен бағалау мәліметтеріне немесе уақиғаны дамытудың жорамалды сценарийіне негізделген қаржылық ақпараттар туралы аудиторлық есеп берулерді тексеру және жасау процедуралары сипатталады.
Тоғызыншы бөлімде (900-999) «Ілеспе қызметтер» үш стандарт кіреді:
ХАС 910 Қаржылық есеп берулерді шолып тексеру бойынша тапсырма. Аудиттің «жеңілдетілген нұсқасын» білдіретін қаржылық есеп берулерге жалпы тексерулерді жүргізудің тәртібі келтірілген. Бұл арада аудитор есеп берулердің анықтығы туралы емес, оның анық еместігін растайтын фактілердің болмауы туралы пікір білдіруі керек. Жалпы тексеру нәтижелерінің қаржылық есеп берулердің әдеттегі аудитінің нәтижелерінен гөрі дәлелдеу күші аз болады.
ХАС 920 Қаржылық ақпаратқа қатысты келісілген процедураны орындау бойынша тапсырма. Есеп пен есеп берудің жекелеген бөлімдерін тақырыптық тексеруді жүргізудің процедуралары баяндалған. Мұндай тексерулердің нәтижелері бойынша қорытынды қаржылық есеп берудің әдеттегі аудитінің нәтижелері бойынша қорытындыға қарағанда аз күшке ие болады.
ХАС 930 Қаржылық ақпаратты компиляциялау бойынша тапсырма. Қаржылық есеп беруді дайындауда және осы қаржылық есеп беруді жасау барысында пайдаланылатын мәліметтерді тексеруге аудитордың клиентке көрсететін көмегі ретінде қаржылық ақпарат компиляциясының мазмұны ашып көрсетіледі.
Оныншы бөлімде «Аудиттің халықаралық іс-тәжірибесі бойынша ереже» өзіндік ерекшелігі бар стандарттар келтірілген:
Аудиттің халықаралық іс-тәжірибесі бойынша ереже - 1000. Банктер арасындағы растау процедуралары. Аудиттің халықаралық іс-тәжірибесі бойынша ереже - 1001.
Ақпараттық технологиялық орта (АТО) - дербес компьютерлер;
Аудиттің халықаралық іс-тәжірибесі бойынша ереже - 1002. Акпараттық технология ортасы - онлайндық компьютерлік жүйе;
Аудиттің халықаралық іс-тәжірибесі бойынша ереже - 1003. Ақпараттық технология ортасы – мәліметтер базасының жүйесі;
Аудиттің халықаралық іс-тәжірибесі бойынша ереже - 1004. Банкілік қадағалау органдары мен сыртқы аудиторлар арасындағы өзара қарым-қатынасы;
Аудиттің халықаралық іс-тәжірибесі бойынша ереже - 1005. Шағын кәсіпорындардағы аудиттің ерекшеліктері;
Аудиттің халықаралық іс-тәжірибесі бойынша ереже - 1006. Халықаралық коммерциялық банктердің аудиті;
Аудиттің халықаралық іс-тәжірибесі бойынша ереже - 1008. Тәуекелдіктердібағалау жәнеішкібақылаужүйесі компьютерлікақпаратжүйесі меносығанбайланысты мәселелердің сипаттамасы;
Аудиттің халықаралық іс-тәжірибесі бойынша ереже - 1009. Компьютерлердің көмегімен аудитті жүргізу әдістері;
Аудиттің халықаралық іс-тәжірибесі бойынша ереже - 1010. Қаржылық есеп берулердің аудитіндегі экологиялық мәселелердің есебі;
Аудиттің халықаралық іс-тәжірибесі бойынша ереже - 1012. Қаржылық құралдармен жүргізілетін аудит.
Аудиттің халықаралық іс-тәжірибесі бойынша ереже - 1013. Электрондық коммерция - қаржылық есеп берулер аудитіне ықпалы (15).