12. Материалдық емес игiлiктер
13. Интеллектуалдық ой еңбегiнiң нəтижелерi
14. Ақпарат
15. Интеллектуалдық меншiк
Есеп 8. Тақырып МӘМІЛЕЛЕР 1. Мәміле ұғымы және мәмленің түрлері 2. Мәміленің нысаны және оның маңызы 3. Жарамсыз мәмілелер 4. Мәмілелердің жарамсыздығының салдары
1. Мәміле ұғымы және мәміленің түрлері Мәміле заңды фактілерінің бipi болып табылады. Мәміле - бұл заңды ic-әрекет. АК 147-б. сәйкес, азаматтар мен заңды тұлғалардың азаматтық құқықтары мен міндеттерін белгілеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған әрекеттері мәмілелер деп танылады.
Демек, субъектілердің мақсатты әрекеттері мәмілелер деп танылады.
Мәмілелер оларды жасаушыларда азаматтық құқықтар мен міндеттер туғызады. Мәмілелер - бұл саналы түрде жасалатын әрекеттер, оларда әрекет ететін тұлғалардың еркі байқалады.
Заң (АК-нің 148-бабы) мәмілелердің екі түрін ажыратады: бір жақты мәмілелер және шарттар. Бір жақты мәміле бip тараптың еркін білдіреді және оған басқада азаматтардың немесе заңды тұлғалардың қалай қарайтынына қарамастан қолданыла береді. Мысалы, азаматтьң өзіне тиесілі құқығынан бас тартуы . Екі жақты мәмілені немесе шартты жасасу үшін екі тараптың не үш немесе одан да көп тараптардың (көп жақты мәміле) келісілген ерік білдіруі қажет.
- Мәмілердің жасалу негіздеріне байланысты олар казуальдық және абстрактілік болып бөлінеді.
- Мәмілердің өзара қатынас сипатына байланысты олар нeгiзгi және қосымша (акцессорлық) мәмілелер (шарттар) болып бөлінеді.
- Бір тараптың міндетіне басқа тараптың қарсы міндеті сәйкес келуіне орай, мәмілелер ақылы және ақысыз болып бөлінеді.
- Егер мәмілені жасау үшін тараптардың келісімі жеткілікті болса, бұл – консенсуалды мәміле. Егер де әрі, мәміле нысанасы болып табылатын мүлікті беру талап етілсе, бұл – реалды мәміле (заем, сыйға тарту шарты және т.б.).
Кез келген шарт - бұл мәміле, ал кез келген мәміле - шарт емес. Шарттар мәмілелердің басым бөлігін құрайды.
АК 150-бабы шартпен жасалатын мәмілеге арналған. Бұл ретте тараптардың құқықтары мен міндеттерінің туындауын не тоқтатылуын басталу-басталмауы белгісіз етіп мән-жайға байланысты етіп қойлады. АК-ның 150-бабы кейінге қалдырылатын шартпен жасалған мәмілені және күші жойылатын шартпен жасалған мәмілені ажыратады. Міндетті түрде туатын шарт, мәмілені шартты емес, мерзімді етеді .
АК-ның 156-бабында көзделген биржалық мәмілелер мәмілелердің ерекше түріне жатады. Биржада жасалатын мәмілелерді биржалық мәмілелер деп түсінеді. Олардың бірқатар ерекшелігктері бар, бұл биржалық мәмілелерге қатысушылардың құқықтық жағдайына, мәміленің нысанасына, оларды жасасу және рәсімдеу тәртібіне, олардың орындалуын және биржалық даулардың шешуін қамтамасыз етуге қатысты болады.