2. Қазақстан Республикасындағы діни сенім бостандығының конституциялық-құқықтық негіздері


Діни бостандық: түсінігі, мазмұны, шегі



бет4/5
Дата05.10.2024
өлшемі21,48 Kb.
#146883
1   2   3   4   5
Байланысты:
2-ҚҚДмҚР

4. Діни бостандық: түсінігі, мазмұны, шегі. Діни бостандық туралы пікірталастар көбінесе жеке адамның немесе топтың қалауынша ғибадат ету құқығы (немесе ғибадат етуден бас тарту) арасындағы шиеленіске негізделеді, мемлекеттің белгілі бір мәдениетті қолдау немесе қолдау көрсету арқылы мемлекеттің тәртіпті сақтау мүддесіне қарсы. Ежелгі қоғамдарда патша көбінесе бас діни қызметкер болған немесе тіпті құдайдың бейнесі ретінде қарастырылған. Осылайша, патшаның діни билігін жоққа шығарған діни плюрализм корольдік билікке тікелей сынақ болды.
Дін – мемлекеттік саясат пен қоғам азаматтарының рухани өмірінде маңызды орын алатын фактор. Себебі кез-келген мемлекеттің қалыптасуында, діннің тәрбиелік және әлеуметтік маңызы зор сана түрі ретінде қызмет атқарады. Сонымен қатар дін мәдениеттер мен өркениеттердің дамуына да елеулі ықпал еткен. Өйткені дін дегеніміз тек сенім жүйесі емес, ол – өмір сүру мәнері, моральдық нормалар, қарым-қатынас әдебі, рухани қағидалар жүйесі. Дін, өнер және ғылым – бір ағаштың бұтақтары.
Діни сенім бостандығы туралы түсінік адамзат тарихында ежелден келе жатқан, бүгінгі таңда да өзектілігін жоғалтпаған мәселелер қатарына жатады. «Ар-ождан бостандығы» ұғымы «діни сенім бостандығы» түсінігінің даму нәтижесінде қалыптасқан.
Дін және діни бостандық мәселесі ежелден келе жатқан мәселелердің бірі болып табылады. Ежелден билік басындағы патшалар дін мәселесіне ерекше көңіл бөлген екен. Дін бостандығының негізі сонау атышулы Кир патшаның кезеңінен бастау алады десек қателеспеспіз?. 1879 жылы Ежелгі Вавилон орналасқан жерде Ормузда Рассама бастаған археологиялық топ, Кирдің манифестін тауып алған. Ол манифестте тарихта бірінші рет дін бостандығы мәселесі жазылған болатын. Мысалы, Кирдің жазған манифестін кейбіреулер «Адам құқықтарының бірінші декларациясы» деп те атап жатады. Дегенмен, Кир диктатор екенін де ұмытпаған жөн. Кир Вавилонды соғыссыз алғаннан кейін бірден манифестін жариялайды. Онда ол өзінің жеңістері жайлы, сол кездегі патша Набонидтің халыққа және солардың өзі қиялынан жасап алған «мардук құдайына» жасаған жаманшылығын атап, жаулап алынған вавилондықтар кез-келген құдайына табынуына рұқсат етіледі делінген.
Рим империясы кезеңде егер де жауланған мемлекеттер өздерінің құдайларымен қатар, римдіктердің де құдайын мойындаған жағдайда діни бостандық берілетін. Дегенмен, Римнің діни саясатының ерекшелігі бар, жауланған мемлекеттердің Құдайларын өздерінің діни сенімдеріне қоса алған. Жауланған елдерде тұрақтылық сақтау үшін, олардың мәдениетіне сый-құрметпен қатар, олардың құдайларын екінші деңгейлі құдайлар ретінде қарастырылды. Бірақ, Рим империясында христиан діні орнамағанша дейін, орталықтанған дін болмаған болатын. Сондықтан дін негізінде ірі соғыстар Рим империясының тарихында орын алмады. Тек христиан діні тарай бастағаннан кейін, өзге дінді ұстанушыларды қудалау басталды.
XVII ғасырда өмір сүрген ағылшын ғалымы Дж. Локк: «мемлекет еркіндікті қамтамасыз ету керек, дін –әрбір азаматтың жеке ісі»,- деген ойды айтқан. Ал XVIII ғасыр ойшылы А. Коллинз «Еркін ойлау туралы пайымдау» атты шығармасында «Әрбір адам дінмен байланысты сұрақтар жөнінде еркін ойлауы тиіс» деп пайымдаған. Бірақ ар-ождан бостандығы идеясының нағыз қолдаушылары XVIII ғ. француз ағартушылары: «Шын төзімділік және ой еркіндігі – діни фанатизмге қарсы ықпалды қару» - деп жазды. Адамның негізгі құқықтарының бірі – дінді таңдау немесе одан бас тарту түсінігін қолдады.
Дін адамзат тарихымен бірге құндылықтардың бірі болады. Мұның дәлелін қоғамның ежелгі заманнан бүгінге дейін ешбір дінсіз кезеңі болған еместігінде. Себебі адам баласы үшін дін әлемді, айналадағы қоршаған ортаны және ӛзін танудың ең тиімді құралы болды және дін арқылы қоғам ӛміріндегі адами және моральдық қарым-қатынастар реттеліп отырды.
Дін - рухани құбылыс. Адам баласының рухы мен жан дүниесіне қатысты өзіндік орны бар маңызды құндылық. Адам ӛмірі оның сенімі мен дүниеге көзқарастарының арнасында
имандылық адамды басқарып, дегенімен жүргізіп отырады.
Дін – бұл адам жанының өте нәзік және сезімтал саласы. Сондықтан ол адам баласы жас кезінен-ақ өзін басқалардың көзқарасын силауға, діни төзімділікке, айналасындағыларды тыңдай және ести білуге тәрбиелеудің, ар-ождан бостандығының, діни плюрализмнің маңызды жетістіктері.
Дін құрылымын үш элемент құрайды:

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет