діни сана, діни әрекет (культ) және діни ұйымдар.
Діни сананың өзі екі деңгейден тұрады: діни идеология (доктрина) және діни психология. Діни идеология негізі, діни ілім, діни философия, эстетикамен бірге, сенім, мәтіндерге
негізделген ауқымды әлеуметтік ілім болып табылады. Ал өз кезегінде діни доктрина болса үш элементтерден тұрады: 1) Теология (Құдай теориясы), 2) Космология (әлем теориясы), 3) Діни антропология (адам теориясы).
Доктринаның бастапқы формасы (немесе өмір мен өлім мәселесінің алғашқы ұғымдары) кейбір дінтанушылар мифтермен байланыстырады. Қандай бір қарапайым ой нені миф ретінде көрсететін болса, мәдениеттің жоғарғы деңгейінде рефлексияның нәтижесі.
Діни әрекет (культ) – діни мұқтаждықтар мен наным-сенімдердің рәміздік іске асырылуы, діни әрекеттер түрі (уағыз айту, табыну, ырым-жоралар, құрбандық шалу, мерекелер ӛткізу т.б.). Бұл да діннің тағы бір компоненті болады.
Діни культ көп жағдайда дінге сенушілердің ұжымдық, көпшілік әрекеттерін талап етеді. Дінге сенушілер діни мұқтаждықтарын тек өз қауымы, нақтылы орны (шіркеу, мешіт, синагога, костел) болған жағдайда өтей алады.
Дін құрылымының үшінші элементін діни ұйымдар құрайды. Дін мен саясаттың өзара әрекеттесулерінде олар өте маңызды роль атқарады.