2 бөлім. Кәсіпорындардың ресурстары және оларды пайдалану тиімділігі 2-тақырып. Кәсіпорынның негізгі капиталы



бет3/6
Дата16.11.2022
өлшемі80,5 Kb.
#50595
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
2. Негізгі қорларды бағалау.
Негізгі қорлар (қаржылар) заттай және ақшалай өлшемде есепке алынады. Заттай есептегенде санақ (инвентаризация) жүргізіледі, ақшалай есептеу үшін бухгалтерлік баланс жасалады.
Негізгі қаржыларды заттай есептеу, олардың сандық және сапалық құрылымын, өндірістік мүмкіншіліктерін, пайдалану мерзімін анықтау үшін жүргізіледі.
Негізгі қаржыларды есепке алу үшін олардың толық бастапқы, қалдық және қалпына келтіру құндарын есептейді.
Толық бастапқы (баланстық) құн – негізгі қорды жасауға (сатып алуға) және оны кәсіпорынға жеткізу шығындарының жиынтығы. Оны мына формула бойынша есептейді:


ТБҚ = Б + ТШ
Мұндағы:
ТБҚтолық бастапқы құн, тг;
Б – негізгі қаржыларды сатып алу бағасы, тг;
ТШ – негізгі қаржыларды жеткізудің транспорттық шығындары.
Бұл көрсеткіш пайдалану мерзімінде өзгеріссіз қалдырылады.
Қалдық құн – негізгі қаржының толық бастапқы құнынан оның тозған құнын алып тастағандағы қалған бөлігін атайды. Ол қашанда толық бастапқы құннан төмен және толық бастапқы құнның өнімге көшпеген бөлігін көрсетеді.
ҚҚ = ТБҚ – ТБҚ * НА * У / 100
Мұндағы:
ҚҚқалдық құн, тг;
ТБҚтолық бастапқы құн, тг;
НА жылдық амортизация нормасы, %
Унегізгі қаржыны пайдалану уақыты (жыл саны н/се жұмыс көлемі)
Қалпына келтіру құны - әр жылғы шығарылған қордың бағаларын бір деңгейге келтіру.


3. Негізгі қорлардың тозуы мен амортизациясы.
Негізгі қорлар өндірісте пайдалану кезінде тозады (ескіреді), оның екі түрі бар:
- табиғи тозу (ескіру)
- моральдық тозу (ескіру)
Табиғи тозу – қорды пайдалану кезінде олардың бүлінуі, сынуы, істен шығуы.
Моральдық тозу – ҒТП-тің дамуына байланысты қолданылудан шығып қалуы немесе сирей бастауы.
Табиғи тозу деңгейіне байланысты негізгі қорлар өзінің құнының бір бөлігін жойып отырады немесе өз құнының бір бөлігін жаңа өндірілген өнімнің құнын құруға қатысады. Кәсіпорындағы негізгі қорларды жөндеу немесе жаңарту, оларды бастапқы қалпына келтіріп пайдалану өте тиімді.
Негізгі қорлардың әр-бір түрінің тозу құнын есептеп және одан шығатын қаржыны жеке қолға жинақтап, сол арқылы негізгі қорлардың табиғи тозу шығынын жауып қалпына келтіруді – амортизация деп атайды.
Амортизацияның атқаратын қызметтері:
- негізгі қорлардың тозу деңгейін жалпы формада сипаттау. Бұл негізгі қорларды қалпына келтіруді жобалау, негізгі қорларды ауыстырып жөндеуге қажетті қаржылық қорды қалыптастыру үшін керек.
- өндіріс шығындарын анықтау
Амортизацияның тозудан айырмашылығы - ол физикалық ұғым емес, экономикалық ұғым, яғни тозудың ақшалай формасын бейнелейді (көрсетеді) және ол жекелеген жыл аралықтарында тозу мөлшерімен сай келмеуі мүмкін, себебі негізгі қорлардың барлық түрі бірдей тозбайды (ескірмейді), ал амортизация жыл ішінде теңбе-тең (бірдей) үлеспен есептелінеді.
Амортизациялық аударым – негізгі қорлардың тоғызын толтыру үшін осы қорлар құнының бір бөлшегін аударып отыру. Ол өнімнің өзіндік құнының және айналыс шығындарының элементін құрайды. Амортизаторлық аударым көлемі амортизация нормасы арқылы анықталады.
Амортизацияның жылдық жиынтығын негізгі қорлардың бағасына бөлу арқылы амортизация нормасын анықтаймыз. Ол пайыз арқылы беріледі:




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет