2 бөлім. Кәсіпорындардың ресурстары және оларды пайдалану тиімділігі 2-тақырып. Кәсіпорынның негізгі капиталы



бет2/6
Дата16.11.2022
өлшемі80,5 Kb.
#50595
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Лекция 2 Негізгі капитал

Өндіріске қатысу белсенділігіне байланысты төмендегідей жіктеуге болады:
- белсенді (техника, көлік және т.б.жылжымалы мүліктер)
- белсенді емес (ғимарат, беріліс құралдары, сақтау қоймалары және т.б. жылжымайтын мүліктер)
  1. Негізгі қорлардың жіктелуі





Топтардың аталуы
  1. Қолданылуы және қысқаша мінездемесі


І. Ғимараттар

өндірістік архитектура және құрылыс объектілері (цехтар, қоймалар, өндірістік лабораториялар және т.б.)

ІІ. Құрылыстар

өндіріс үрдісінде қызмет ететін техникалық қызметтерді атқаратын инженерлік – құрылыс объектілері (тоннельдер, көпірлер, эстакадалар, су каналдары, автомобиль және темір жолдары т.б.)

ІІІ. Жіберу құралдары

Энергияны, сұйық және таза газ түріндегі заттарды жіберуші құралдар (электр, жылу жүйелері, газ жүйесі)

ІҮ. Машина мен құралдар
1. Күш машиналары мен құралдар

(генераторлар, электор бөлшектері, бу машиналары мен трубиналар т.б.)

2. Жұмыс машиналары мен құралдар

технологиялық процеске тікелей қатысатын құралдар (станоктар, пресс-машиналар, терминалдық пештер, көтеру-тасымалдау механизмдері т.б.)

3. Өлшеу, реттеу приборлары мен құралдары, лабораториялық құралдар

өндіріс үрдісін қол еңбегімен немесе автоматтандыру арқылы реттеуге, технологиялық үрдістердің параметрін өлшеуге және бақылауға, лабораториялық зертеулер жүргізуге қажетті.

4. Есептеу техникасы

математикалық есептерді шешуді тездетуге қажетті құралдар жиынтығы

5. Басқа да машиналар мен құралдар

(өрт сөндіргіш машиналар, телефон станциялары т.б.)

Ү. Тасымалдау құралдары

кәсіпорын көлеміндегі адамдар мен жүктерді тасымалдауға қажетті көліктер (электровоз, паровоз, автомобиль)

ҮІ. Құрал-сайман

өндіріс процесіне қажетті элементтер (қол және механикалық кесу, ұру саймандары, штамптар т.б.)

ҮІІ. Өндірістік түгендеме

өндірістік операцияларды орындауды жеңілдетуге және жеке еңбек заттарын сақтауға қажетті (жұмыс столы, қорап т.б.)

ҮІІІ.Шаруашылық түгендеме

көбейту және қайта түсіру аппараттары, стол, шкаф т.б.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет