Жұлдыздың меншікті қозғалысы – жұлдыздың аспан сферасындағы белгілі бір уақыттың ішіндегі қозғалысы.
Ол жұлдыздың кеңістіктегі пекулярлық (жұлдыздың өзіне тән меншікті орын ауыстыруынан (параллакстық - күннің жұлдызбен салыстырғандағы қозғалысы салдарынан болатын) қозғалыстарынан құралады. Жұлдыздар қозғалысының сызықтық жылдамдығы, шамамен секундына ондаған км-ге жуық. Әйтсе де жұлдыздарға шейінгі қашықтық орасан зор болғандықтан, бұл жылдамдыққа сәйкес келетін бұрыштық орын ауыстырулар (меншікті қозғалыстар) өте аз болады. Ол көп жылдар бойы бақылау арқылы ғана анықталады.