жылдамдығының едәуір бөлігін құрайтын теңдеудің орнына қолдану керек.
Жұлдыздардың түстері
Кызған металдың түсі бойынша оның температурасы болжауға болатыны сияқты,жұлдыз түсі де оның фотосферасын, температурасын көрсетеді. Мысалы, біздің Күн - сары жұлдыз. Капелла да осы түсті жұлдыз, оның темп. 6000 К шамасында.Темп. 3500-4000 К болатын жұлдыздар қызғылт түсті (Альдебаран).Қызыл жұлдыздардың темп. 3000 К.
Жұлдыздардың табиғаты туралы маңызды мәліметтерді астрономдар олардың спектрлерін талдау арқылы алады.Көпшілік жұлдыздардың спектрлері Күн спектрі тәрізді жұту спектрі болып табылады: үздіксіз спектр реңкінде күңгірт сызықтар байқалады.