Оқу бағдарламасына сәйкес «Дүниетану» білім беру пәнінің мазмұны Пән мазмұны оқу бөлімдеріне бөлінген. Бөлімдер қосымша бөлімдерге бөлінеді, оларда күтілетін нәтижелер түріндегі сыныптар бойынша оқу мақсаттары бар: дағды немесе қабілет, білім немесе түсінік. Әрбір бөлімшеде бірізді ұйымдастырылған оқу мақсаттары мұғалімдерге өз жұмысын жоспарлауға және оқушылардың жетістіктерін бағалауға мүмкіндік береді, сонымен қатар оларды оқытудың келесі кезеңдері туралы хабардар етеді.
№
Бөлім
Бөлімше
1
Мен және қоғам
1.1 Мен және менің отбасым
1.2 Мектеп және мектеп қоғамдастығы
1.3 Менің атамекенім
1.4 Денсаулық пен қауіпсіздік
1.5 Құқық және міндет
1.6 Мерекелер
2
Елімнің табиғаты
2.1 Жергілікті жерде бағдарлану
2.2 Ауа райы және климат
2.3 Табиғат жағдайлары және олардың әсері
2.4 Туризм
3
Тарих толқынында
3.1 Ежелгі мәдениеттер мен өркениеттер
3.2 Қазақстанның тарихи тамыры
3.3 Қазақстан тарихындағы маңызды оқиғалар
3.4 Атақты тарихи тұлғалар мен мәдениет қайраткерлері
3.5 Қазақстан тарихы: тәуелсіздік, мемлекеттілік және патриотизм
Сынып
Аптасына сағат саны
Жылдағы сағат саны
1
1
33
2
1
34
3
1
34
4
1
34
Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар 1. Білім беру мазмұны ұғымына анықтама беріңіз
2. Білім беру мазмұнын қалыптастыру принциптеріне сипаттама беріңіз
2. Білім беру мазмұнының негізгі теориялары қандай?
3. Білім мазмұны қандай принциптер мен критерийлер бойынша таңдалады?
4. Бастауыш білім беру мазмұнының ерекшеліктері қандай?
5. Мемлекеттік бастауыш білім стандартындағы «Дүниетану» пәні бойынша білім мазмұнын және «Дүниетану» пәнінің оқу бағдарламасын сызба түрінде көрсетіңіз.
Жалпыға қолжетімді әдеби көздердің ұсынылатын тізімі (беттерді, гиперсілтемелерді көрсете отырып): Дүниетану. Орта білім беру мазмұнын жаңарту шеңберіндегі бастауыш мектептің (1-4 сыныптар) оқу бағдарламасы – Астана, 2016. – 41 б.
Жаңартылған мазмұндағы "Дүниетану" пәнін оқыту әдістемесі Уайдуллақызы Эльмира, Педагогика және психология институты, «Бастауыш білім беру бағдарламалары» кәсіби даярлау бөлімінің аға оқытушысы, PhD доктор, кіру нүктесі https://dis.kaznpu.kz/els/course/view.php?id=8373&lang=ru
Бастауыш сыныпта дүниетану пәнін оқыту әдістемесі. Жазира Науатбековна, кіру нүктесі: https://www.youtube.com/watch?v=H58d0gYXqBs
Бастауыш мектепте «Дүниетану» пәнін оқытудың мақсаты мен міндеттері. Оқытушы:Кенжебекова Н.Ә. кіру нүктесі: https://www.youtube.com/watch?v=iHhfssa7FGg
"Дүниетану" пәнінің оқу бағдарламасы (орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде). – Астана, 2018 ж.
7. Государственный общеобязательный стандарт начального образования, приказ МП РК от 3 августа 2022 года № 348
8. Познание мира. Учебная программа для начальной школы (1-4 классы) в рамках обновления содержания среднего образования – Астана, 2016. – 41
9. Понятие содержания образования. Булычева Н. В./ Образовательная социальная сеть. Точка доступа: https://nsportal.ru/vuz/pedagogicheskie-nauki/library/2016/02/01/ponyatie-soderzhaniya-obrazovaniya#