№2 дәріс ферменттер


пируватдекарбоксилаза (ПДК)



бет4/7
Дата06.10.2023
өлшемі0,64 Mb.
#113102
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
223173.pptx

1.пируватдекарбоксилаза (ПДК) пируватдегидрогеназды мультиферменттік комплекстің құрамына кіріп, ПЖҚ-ның тотығудан декарбоксилдену реакциясын катализдейді:
2. α–кетоглутаратдекарбоксилаза (α-КГДК).
α-кетоглутаратдегидрогеназды мультиферменттік комплекстің (α-КГДГ м/ф к) құрамында α-КГ-ң тотығудан декарбоксилдену реакциясын катализдейді:
АҚ–ның декарбоксилазалары екікомпонентті, Ко пиридоксальфосфат (В6 вит. + Н3РО4).
Бұл ферменттер
  • бактериялар үшін;
  • инфекциялық аурулар мен шіру үдерісінде маңызы зор;
  • АҚ-ның аралық алмасуына қатысады.

  • АҚ-ның декарбоксилдену реакцияларын (қайтымсыз) катализдейді, реакция өнімібиогенді аминдер (серотонин, гистамин, ГАМҚ).

Триптофанның декарбоксилденуі нәтижесінде серотонин түзіледі:
Триптофан 5-гидрокситриптофан серотонин
СО2
Гистидиннен гистамин түзіледі:
Гистидин гистамин
СО2
Глутамин қышқылынан -аминомай қышқылы (ГАМҚ) түзіледі:
Глутамин қышқылы -аминомай қышқылы
СО2
Аспарагин қышқылы декарбоксилденгенде -аланин түзіледі:
Аспарагин қышқылы -аланин
СО2
2 тобы. Карбангидраза.
Екікомпонентті, Ко-ң құрамында Zn 2+ бар. Катализдейтін реакциясы:
Н2О + СО2 Н2СО3
Негізінен эритроциттерде кездеседі, СО2 тіндерден өкпеге тасымалдауға қатысады. Бұл реакцияның бағыты СО2 концентрациясына тәуелді. 1 л қанда 2 г жуық фермент бар.

Трансферазалар класы


Трансферазалар – атом немесе атом топтарын бір қосылыстан екіншісіне тасымалдау реакцияларын катализдейтін ферменттер класы. Көбі екікомпонентті, жасушалық ферменттер, тасымалдайтын топтарының ерекшелігіне қарай 8 топқа бөлінеді.

Аминотрансферазалар (трансаминазалар) тобы


Аминотрансферазалар амин қышқылдарындағы амин тобын кето қышқылдарына тасымалдап, жаңадан сәйкес амин қышқылы мен кето қышқыл түзеді. Екікомпонентті, Ко – пиридоксальфосфат (В6 витамині + Н3РО4):
Аминотрансферазалар катализдейтін реакцияларды қайта аминдену (трансаминдену) деп атайды, реакциялар –қайтымды.
Аминотрансферазалардың 20 -н астам түрі бар, 2 өкіліне тоқталамыз:
  • Аланинаминотрансфераза (АЛТ)
  • Аспартатаминотрансфераза (АСТ)

АЛТ және АСТ органдық арнайылығы бар ферменттер.
Бауыр ауруларында (гепатит, сарғыштану) қанда АЛТ активтілігі артады.
Миокард инфарктысы кезінде қанда АСТ активтілігі артады.
Сондықтан бұл ферменттерді анықтаудың диагностикалық маңызы бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет