жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралар тәртібі
1157. Адамдарды жұқтырудан қорғау мақсатында мынадай ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) және санитариялық-гигиеналық іс-шаралар жүргізіледі:
1) кейіннен жабдықтарды, үй-жайларды дезинфекциялай және қалдықтарды зарарсыздандыра, ауру жануарлар тасымалдаған көлікті дезинфекциялай отырып бруцеллез бойынша қолайсыз шаруашылық жүргізуші субъектілерде жануарларды сою қағидаларын сақтау;
2) зерттеу кезінде бруцеллезге әсер беретін жануарларды қабылдауға, тасымалдауға және союға, ұшаларын бөлуге және олардан алынатын шикізаттарды өңдеуге бруцеллезге диспансерлік тексеруден өткен, оның ішінде бруцеллезге тексеру кезінде оң иммунологиялық реакциясымен, бірақ бруцеллездің манифестік түрлерімен ауыратынын жоққа шығаратын тиісті медициналық мекемелерге қатысты динамикада титрлердің өсуі жоқ кәсіпорынның тек тұрақты жұмысшыларына рұқсат етіледі;
3) қолдарының саусақтарында тіліктер, жара бар және терінің басқа да зақымданғаны анықталған адамдар жұмысқа терінің зақымданған жерлерін алдын ала өңдегеннен кейін резеңке саусаққаппен ғана жіберіледі. Бруцеллез бойынша қолайсыз шаруашылық жүргізуші субъектіден келіп түскен жануарларды, тексерген кезде бруцеллезге әсер беретін, малдардың барлық түрлерін (және оны сойғанда алынған өнімдерді) қайта өңдеуде осы жұмысқа қатысатындардың барлығы резеңке саусаққап киеді;
4) бруцеллезге әсер беретін жануарларды қабылдауға, тасымалдауға, союға және ұшалары мен олардан алынған шикізаттарды қайта өңдеуге жасы 18 жасқа толмаған адамдар, жүкті және бала емізетін әйелдер, маусымдық жұмысшылар, этиологиясы әртүрлі жіті және созылмалы (асқыну сатысындағы) аурулармен ауыратын науқастар, бруцеллездің клиникалық белгілері байқалған науқастар, бруцеллездің алдын алу бойынша санитариялық минимумнан өтпеген жұмыскерлер жіберілмейді;
5) бруцеллез бойынша қолайсыз шаруашылық жүргізуші субъектідегі жануарлардан алынған сою өнімдері мен сүтті өңдеу мен пайдаланудың белгіленген ережелерін сақтау;
6) кәсіпорындарда және шаруашылық жүргізуші субъектілерде жануарлармен жұмыс істеу ережелерін сақтау: персоналды, оның ішінде бруцеллезді жұқтыру қаупіне қатысты жұмысқа уақытша тартылған адамдарды жеке гигиена құралдарымен, жеке және арнайы киімдермен (халаттар, резеңке саусаққаптар, жеңқаптар, клеенка алжапқыштар, арнайы аяқ киім) қамтамасыз ету;
7) демалатын бөлме, тамақ ішетін орын, себезгі бөлмелер сияқты тұрмыстық үй-жайларды пайдалану ережелерін сақтау;
8) ыстық сумен, жуғыш және дезинфекциялық заттармен қамтамасыз ету;
9) шаруашылық жүргізуші субъектілерде және кәсіпорындарда орталықтандырылған дезинфекцияны, арнайы киімдерді жууды және тазалауды ұйымдастыру;
10) гигиена ережелері, жеке қорғаныш заттарын қолдану, бруцеллезге қарсы режимдерді сақтау туралы шаруашылық жүргізуші субъектілердің жұмыскерлеріне нұсқау беру. Ауыл шаруашылығы жануарларының иелеріне ұқсас нұсқау жүргізіледі;
11) жұмысқа бруцеллезді жұқтыру қаупімен байланысты нұсқаудан өткеннен кейін ғана жіберу.
1158. Шаруашылық жүргізуші субъектілерде, жануардан алынатын өнімдер мен шикізатты өңдейтін кәсіпорындарда, вирулентті өскіндермен жұмыс істейтін зертханаларда бруцеллезге қарсы іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге және бруцеллезге қарсы режимді сақтауға мемлекеттік санитариялық қадағалау тәртібіндегі бақылауды халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның аумақтық басқармасы жүзеге асырады.
Ескерту. 1158-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 23.05.2019 № 206 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1159. Алып тасталды – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 23.05.2019 № 206 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1160. Бруцеллезбен залалдану қатері бар шаруашылық жүргізуші субъектілерде, шалғайдағы жайылымдарда, сою пункттерінде, қой қырқу пункттерінде, ет комбинаттары мен сүт зауыттарында және басқа да кәсіпорындарда бруцеллезге қарсы режимнің сақталуы бойынша жоспарлы зерттеп-қарауды эпидемиологтар осы объектілерге жетекшілік ететін санитариялық дәрігерлермен, сондай-ақ тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің ветеринариялық-санитариялық инспекторларымен бірлесіп жүргізгені жөн.
Ескерту. 1160-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 23.05.2019 № 206 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
10-параграф. Кәсіби контингенттерге қарап-тексеру жүргізу
Достарыңызбен бөлісу: |