пункттерде жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралар тәртібі
1196. Қолайлы шаруашылық жүргізуші субъектілердегі ветеринариялық іс-шаралар тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторымен келісім бойынша ЖАО бөлімшесінің басшысы бекіткен іс-шаралар жоспары негізінде жүзеге асырылады.
Ескерту. 1196-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.01.2020 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1197. Лейкозға диагноз қою үшін серологиялық, гематологиялық, клиникалық-гематологиялық, патологоанатомиялық, гистологиялық әдістер мен ПТР қолдануға жол беріледі.
Ескерту. 1197-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.01.2020 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1198. Қолайлы шаруашылық жүргізуші субъектілерде жануарларда лейкозды дер кезінде анықтау мақсатында жоспарлы түрде 24 айлық жасынан бастап жылына бір рет иммуннодифузия реакциясын (бұдан әрі – ИДР) диагностикалық зерттеуден өткізеді.
1199. Ірі қара малдар арасында РИД зерттеу бойынша оң нәтиже анықталған жағдайда, ИФА бойынша реакцияны ауыстыру арқылы диагнозды нақтылау жүргізіледі. Ірі қара малдың арасында ИФТ бойынша зерттеулердің оң нәтижесі анықталған жағдайда диагнозды гематологиялық әдістермен ауыстыру арқылы нақтылау жүргізіледі.
Ескерту. 1199-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.01.2020 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1200. Гематология әдіс бойынща теріс реакция алынғанда жағдайда ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру деректерінің базасына диагностикалық тест нәтижелері туралы белгі енгізіліп, жануар 6 айдан соң қайта зерттеледі.
1201. Гематология әдіс бойынша оң нәтиже алынған кезде аталған жануар лейкоз ауруымен ауырған болып саналады.
1202. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің бас ветеринариялық-санитариялық инспекторы сараптама актісінің (сынақ хаттамасының) нәтижелері бойынша жануарлардың иелеріне оң нәтиже берген жануарларды қалған жануарлардан оқшаулау туралы нұсқама береді және 15 күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде оларды тиісті аумақта орналасқан сою объектілеріне санитариялық сою үшін жібереді.
Ескерту. 1202-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.01.2020 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1203. Ауырған жануарларға ыстық немесе суық таңбалау әдістерімен жағына немесе жамбасына "Л" әрпін басу жолымен таңбалайды.
1204. Қолайлы табындардағы жануарлар топтарынан алынған сүттің біріктірілген сынамаларын зерттеу үшін ИФТ реакциясын қолданады.
1205. Жануарларда аурудың өршу кезеңдерін анықтау үшін клиника-гематологиялық, патологоанатомиялық және гистологиялық әдістерді қолданады.
1206. Ірі қара малдың лейкозы бойынша қолайлы пунктте жекелеген жануарларда клиника-гематологиялық, патологоанатомиялық немесе гистологиялық өзгерістер болғанда диагнозды ИДР, ИФТ бойынша нақтылайды.
1207. ИДР, ИФТ бойынша жыл сайынғы жоспарлы зерттеулер кезінде теріс реакция алынған шаруашылық жүргізуші субъектілері ірі қара малдың лейкозынан қолайлы болып саналады. Шаруашылық жүргізуші субъектердің жалпы мал басынан гематологиялық әдіс бойынша кемінде 10 пайызда оң нәтиже шығуына жол беріледі.
1208. Асыл тұқымды жас төлдерді импорт пен экспортқа шығарумен айналысатын шаруашылық жүргізуші субъектілері жануарларды міндетті түрде екі рет серологиялық зерттеуден өткізеді: бірінші рет 6 (алты) айлығында, екінші рет асыл тұқымды малды сатар алдында.
1209. Мемлекеттік асылдандыру кәсіпорындарының тұқымдық бұқаларын тоқсан сайын, ал шаруашылық жүргізуші субъектілердегі бұқалары мен биологиялық препараттар өндірумен айналысатын ұйымдар үшін продуцентті қан алатын жануарларын арасына алты ай салып жылына 2 рет серологиялық зерттеу жүргізеді.
1210. Мал сою объектілерінде ауруға шалдыққан жануарлардан ветеринариялық, медициналық және тағамдық мақсатта қанды, эндокринді және басқа органдарды алуға жол берілмейді. Цехтың үй-жайы және жабдықтары жануарларды сойғаннан кейін мұқият тазаланады және дезинфекцияланады.
1211. Ұлпа мен органдарда ісікті өзгерістер анықталған барлық жағдайлар есепке тиісті нысанды енгізе отырып, жануарларды сою объектілерінде етке және субөнімдерге ветеринариялық-санитариялық сараптаманың есебін жүргізу журналына тіркелуге жатады.
1212. Асыл тұқымдық мақсатта әкелінген жануарларды ИДР, ИФТ немесе ПТР бойынша лейкозға экспорттаушы елде немесе жеткізуші шаруашылықта өткізгенге дейін күнтізбелік 30 күн бұрын және импорттаушы елде немесе сатып алушы шаруашылықта карантиндеу кезеңінде зерттейді.
Ескерту. 1212-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 24.03.2017 № 135 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1213. ПТР-ға зерттеу үшін ветеринариялық зертханаға сарысуы шықпаған қан жіберіледі. ПТР бойынша зерттеу сынамаларды біріктіру тәртібімен пул жүйесі бойынша жүргізіледі.
1213-1. ХЭБ ұсынған зерттеу әдістері бойынша ХЭБ-тің халықаралық референттік зертханасында экспорттаушы елдің сұрауы бойынша және оның есебінен лейкозға карантиндеу кезеңінде диагнозды нақтылауға жол беріледі.
Ескерту. Қағидалар 1213-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 24.03.2017 № 135 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1214. Үшінші елдерден әкелінген немесе Евразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер арасында орын ауыстырылатын жануарларды карантиндеу кезеңінде ірі қара мал лейкозының вирусымен залалдануы анықталған кезде, егер, тараптар шартында қалған карантиндеудегі жануарлар басына қатысты өзгеше көзделмесе, алушы ел ірі қара мал лейкозының вирусы анықталған карантиндеудегі жануарлардан бас тартады (жіберуші елге қайтару немесе санитариялық сою (мүмкін емес жағдайда немесе қайтарудан бас тартса).
Ескерту. 1214-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 24.03.2017 № 135 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1214-1. Республика ішінде келіп түскен, әкелінген, сатып алынған, әкетілетін, орны ауыстырылатын жануарларды карантиндеу кезеңінде ірі қара мал лейкозының вирусымен залалдануы анықталған кезде, егер, тараптар шартында қалған карантиндеудегі жануарлар басына қатысты өзгеше көзделмесе, алушы шаруашылық жүргізуші субъект ірі қара мал лейкозының вирусы анықталған карантиндеудегі жануарлардан бас тартады.
Ірі қара мал лейкозының вирусы анықталған карантиндеудегі жануарлар санитариялық союға жіберіледі.
Ескерту. Қағидалар 1214-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 24.03.2017 № 135 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1215. Қолайлы шаруашылық жүргізуші субъектілерден жануарларды сатуға мұндай жануарлар сатудан күнтізбелік 30 күн бұрын ИДР немесе ИФТ және гематогиялық әдіс бойынша зерттелген және бұл ретте лейкозға теріс реакция алғанда ғана шектеусіз рұқсат беріледі.
3-параграф. Ірі қара малдың лейкозы бойынша қолайсыз
Достарыңызбен бөлісу: |